К. С. Ислям латын тілі мемлекеттік тілде оқитын студенттерге арналған оқулық



бет2/12
Дата28.01.2018
өлшемі2,68 Mb.
#35624
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

1.1.4 Екпін

Бірнеше буыннан тұрған бір буыны қалған буындардан күшті айтылып, айқынырақ естіледі. Латын тілінде екпін сөз мағанасын айқындап, саралап тұрады. Кейде екпіннің орын ауысуымен байланысты сөздердің мағаналары бір-бірінен өзгеше болады. Мысалы: édŭco [é -ду-ко] - тәрбиелеу, edūco [e-дý-ко] - алып кету. Екпінді дұрыс қойып оқу арқылы екінші және үшінші жіктеуде тұрған етістіктерді ажыратуға болады. Мәселен: docēre [досéре] – оқыту екпін соңынан санағанда екінші буында тұр, dícĕre [дисере] – сөйлеу екпін соңынан санағанда үшінші буында тұр. Буын латын тілінде соңынан есептеледі. Соңынан бірінші тұрған буынға ешуақытта екпін түспейді, екпін соңынан есептегенде екінші және үшінші буындарда ғана тұрады.

1. Екі буыннан тұратын сөздерде екпін қашанда соңынан екінші буынға түседі;

2. Көп буынды сөздерде екпін соңынан екінші буынға қойылады, егер сол екінші буын созылыңқы болса. Мысалы: fortūna [фортуна] тағдыр, magister [магистер] ұстаз

3. Көп буынды сөздерде егер соңынан екінші буын қысқа болса, екпін үшінші буынға қойылады. Мысалы: ratio [рацио] сана, scientia [сциэнциа] білім
1.2 Буын және буынға бөлу

Сөз – белгілі бір ұғымның атауы. Сөздер белгілі бір дыбыстардың жиынтығынан тұрып, ол дыбыстар буын құрайды. Демек, сөздің ең кішкентай бөлігі дыбыс, одан кейін - буын.

Латын тілінде қазақ тіліндегідей дауысты дыбыстардың ерекшелігі – олардың буын құрайтындығы. Демек сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады. Буындар латын тілінде ашық және жабық болып бөлінеді. Дауысты дыбысқа аяқталатын буын – ашық, дауыссыз дыбысқа аяқталатын буын – жабық деп аталады.

1. Буындардың саны монофтонг, дифтонг, диграфтардың санына байланысты.

2. Дифтонгтарды, дигрфтарды буынға бөлуге болмайды. Мысалы: cau-sa [кау-за] себеп

3. Екі монофтонгтар қатар тұрса бөлінуге тиіс. Мысалы: de-us [дэ-ус] құдай

4. Muta cum liquida тобын бөлуге болмайды. Олар: cl, cr, gl, gr, bl, br, dl, dr, pl, pr, tl,tr. Мысалы: pa-tri-a [па-три-а] отан, tem-plum [тэм-плюм] храм

5. Тұрақты әріптер тіркесін (ph, rh, th, ch, sch, qu) бөлуге болмайды. Мысалы: pul-cher [пуль-хэр] әдемі, phi-lo-so-phus [фи-ло-зо-фус] философия

6. Үш дауыссыз қатар тұрса соңғы дауыссыз дыбыс бөлінеді (muta cum liquida және тұрақты әріптер тіркесінен басқа). Мысалы: sanc-tus [санк-тус] киелі


    1. Фонетиканың негізгі заңдары

Латын тілінің тарихын зерттеген ғалымдар классикалық кезеңге дейін көптеген фонетикалық өзгерістердің болғанына көз жеткізіп отыр. Әр кезеңде фонетикалық заңдар пайда болып іс жүзіне асырылып отырған. Фонетикалық заңдардан хабардар болу морфологиялық системаны түсінуді жеңілдетеді. Негізгі фонетикалық заңдарға жататындар:

1) дауыссыздардың регрессивтік ассимиляциясы;

2) ротацизм заңы;

3) редукция заңы

Сөйлеу барысында бір дыбыс екінші бір дыбысты, бір буын екінші бір буынды, бір түбір өзіне жалғанатын қосымшаны, бір сөз екінші бір сөзді өздерінің соңғы дыбысындай етіп үйлестіруді, ұқсастыруды, қиюластыруды талап етіп тұрады. Дыбыстар ықпал еткенде, бір жақты ғана емес, бір-біріне ілгерінді-кейінді ықпал жасайды. Сөйтіп, көрші буындардың, дыбыстардың ілгерінді-кейінді бір-біріне ықпал жасап, өзара ұқсауы үндестік заңы делінеді, үндестік заңы дауысты дыбыстармен де, дауыссыз дыбыстрмен де байланысты болады. Дауыссыз дыбыстардың үндесуінде әңгіме тек қана жеке дыбыстардың бір-біріне ілгерінді-кейінді ықпал жасауы жайында болады. Сондықтан, дауыссыз дыбыстармен байланысты үндестік заңын ғылыми тілмен ассимиляция немесе дыбыс үндестігі деп атайды.

Бір сөз көлемінде немесе екі сөз аралығында кейінгі дыбыстың өзінен бұрынғы дыбысқа әсер етіп, ықпал жасауын кейінді ықпал немесе регресив к ассимиляция дейміз.

Ассимиляция – латын тілінің assimikato «ұқсату», «ұқсасу» (уподобление) деген мағананы білдіретін сөзінен шыққан термин.

Бір дыбыс екінші бір дыбысты дәл өзіне түгелдей ұқсатуын тіл білімінде толық ассимиляция дейді.

1. Тіл алды дауыссыздары (палаталь) d және t дауыссыздары s дауыссызының алдында толығымен ассимиляцияланады. Мысалы: cedo бару етістігінің І жақта перфектте формасы ced түбіріне + si > cessi. Ss әріптер тіркесі сөздің аяғында жеңілденеді: s қыз жасауы зат есімі dots > doss-тан жасалған.

2. Тіл арты (веляр) үнді g дыбысы және ерінді (билабиаль) үнді b дауыссызы, s және t қатаң дауыссыздардың алдында қатаңданады ( жазуда c + s әріптері x әрпімен белгіленеді). Мысалы: rego билік етемін, басқарамын етістігінің І жақтағы перфектісі reg –si > rec –si (жазуда rexi); супины reg-tum > rec-tum; scribo жазу: scrib –si > scripsi; супины scrib – tum > scriptum.

3. Тіл алды үнді d дыбысы c, g, p, f, t, r, l дауыссыздарының алдында әдетте толық ассимиляцияланады: accēdo жақындаймын етістігі ad +cēdo-дан жасалады, affĕro әкелемін етістігі ad + fĕro –дан жасалады, arrĭpio ұстаймын етістігі ad + răpio –дан жасалады.

Интервокалды s дыбысталу барысында r-ға ауысады. Оны ротацизм заңы деп атайды. (Грек тілінің ρ «rho» әрпінің атауымен аталған). Ертеректе етістіктердің инфинитивтік формасы – se-ге аяқталған, кейіннен дауысты әріптердің ортасындағы s әрпі r-ға ауысқан. Мысалы: accusāre кінәлау, audīre тыңдау. Тағы бір мысал esse болу етістігінің имперфектум және бірінші келер шақтарда осы заңға сүйеніп өзгереді: es – a – m > eram eso > ero

Қысқа дауыстылардың редукция заңы бойынша келесі өзгерістерді есте сақтаған жөн:

1) ортадағы ашық буында тұрған кезкелген қысқа әріп қысқа ĭ –ға ауысады, егер ол әріптен кейін r әрпі тұрмаса. Мысалы: бұйрық райында яғни императивтің көпше түрінде тұрған mittĭ-te жөнелтіңдер етістігі mitt ĕ –te формасынан жасалған;

2) ортадағы жабық буында тұрған ă әрпі ĕ–ға ауысады. Мысалы: făctum – perfĕctum;

3) ортадағы ашық буында тұрған ae диграфы ī- қа, ал au дифтонгы ū-қа ауысады. Мысалы: caedo шабамын етістігі перфектте cecīdi шаптым формасын cecaedi-ден қабылдайды, немесе causa себеп етістігінен accusare кіналау етістігі жасалған;

4) соңғы жабық буындағы қысқа ŏ әрпі ŭ қысқаға ауысады. Мысалы: lupŏs > lupŭs;

5) ортанғы буында тұрған қысқа ĭ әрпі r әрпінің алдында тұрса, ротацизм заңы бойынша пайда болған, қысқа ĕ–ға ауысады. Мысалы: capĕre = capĭ- se > capĕ-re;

6) соңғы буындағы қысқа ĭ әрпі қысқа ĕ–ға ауысады. Мысалы: marĕ теңіз marĭ түбірінен жасалған.
Жаттығулар


  1. Төмендегі латын сөздерін оқу және екпін ережесін пайдалы-

нып оқыңыз (Recĭta!):

Aes, vae, jam, qui, quae, quod, sex, sol, Thrax

a-ēr, ae-ra, ae-quus, cae-cus, Cae-sar, Grae-cus, Grae-ci, Cel-te, sae-pe, poe-na, coe-pi, cau-sa, ju-gum, lin-gua, Cy-clops, scho-la, Grac-chus, Pyr-rhus, sphae-ra, pha-lanx;

fi-li-a, ja-nu-a, Phry-gi-a, proe-li-um, Ju-li-us, La-ti-um, spa-ti-um, Ae-gip-tus, tri-um-phus, se-cun-dus, ho-nes-tus, ae-ter-nus, De-cem-ber, pro-pin-quus, Mi-ner-va;

Dae-dă-lus, Ger-mā-nus, syl-lă-ba, de-clā-ro, Cau-că-sus, Ho-mē-rus, Ci-cĕ–ro, A-thē-nae, po-ē-ta, ma-chī-na, a-quĭ-la, a-mī-ca, can-dĭ–dus, da-tī-vus, oc-cī-do, oc-cĭ–do, Jup-pĭ-ter, in-cŏ–la, Eu-rō-pa, a-tŏ-mus, sae-cŭ –lum, ta-bŭ-la, ac-cū-so, e-dŭ-co, e-dū-co;

Jus-ti-tia, sym-pho-ni-a, ad-ver-bi-um, par-ti-ci-pi-um, e-le-phan-tus, la-by-rin-thus;

O-ce-ă-nus, De-mos-thĕ-nes, De-mo-crĭ-tus, He-ra-clī-tus, ge-ne-tī-vus, pe-ri-cŭ-lum, E-pi-cū-rus, ma-ni-pŭ-lus, Ther-mo-py-lae.

2. Төмендегі латын сөздерін буынға бөліп, екпіндерін қойыңыз:

Ager. Nemo. Moenia. Aedes. Paean. Aёr. Poēta. Causa. Nauta. Seu. Eurōpa. Ira. Pinus. Aio. Ianus. Iustus. Adiuvo. Subiectus. Syrus. Lyra.

Cibus. Certe. Cession. Civitas. Cyclus.lucerna. credo. Corpus. Calvus. Lac. Donec. Homo. Hic. Hortus. Charta. Chronica. Thesis.

Theatrum. Rhodos. Philosophus. Philippus. Lingua. Lasus. Locus. Culpa. Levis. Aqua. Quoque. Quirites. Quies. Quasi. Coquo. Rosa. Risus. Casa. Caesar. Iustitia. Militia. Vitium. Poitio. Silentium.

3. Оқыңыз (Recĭta!):

Tabula rasa. Caus improvīsus. Barba crescit. Caput nescit. Ubi rem meam invenio, ibi eam vindĭco. Vidēte levitātem homĭnum. Prior tempŏre potior iure. Respublica nostra. Athēnae. Roma. Lutetia. Parisiōrum. Mosqua. Tibĕris. Pontus. Euxīnus. Plautus. Terentius. Vergilius. Horatius. Gaius Julius Caesar. Marcus Tullius Cicĕro. Pompanius. Ulpiānus. Modestīnus. Iustiniānus.

Pacta conventa. Corpus iuris. Ius utendi - fruendi. Ius gentium. Bona fides. Lex Iulia de reputundis. Res corporăles et incorporăles. Lēges duodĕcim tabulārum. Decemvĭri legĭbus scribundis.


2 Латын тілінің грамматикалық құрлымы
Өзінің грамматикалық құрлымы жағынан латын тілі синтетикалық немесе флективтік типке жатады. Яғни, құрылымы аналитикалық тип болып келетін тілдерден айырмашылығы жұрнақ және жалғау (флексия) қосу арқылы әрбір сөздің грамматикалық тұлғасын өзгертеді. Сөздердің құрамы негізінен түбір, жұрнақ және жалғаудан тұрады. Егер сөздердің құрамынан бір дыбысты алып тастаса, онда бұл сөздер не басқа мағанаға ие болады, не мағанасыз, әлдеқандай бір түсініксіз сөзге айналады.

Түбір сөз – сөздердің ешқандай тұлғалық бөлшектерге бөлінбейтін түпкі, негізгі қазығы, ұйтқысы, жаңа сөз жасаудың мағаналы бөлшегі. Егер түбір өздігінен ешқандай қосымшасыз жеке тұрып, белгілі бір мағанаға ие болса, оны негізгі түбір деп атайды. Егер түбірге қосымша қосылып, жаңадан түбір сөз жасалса, онда оны туынды түбір деп атайды. Ал осы туынды түбірден әр қарай тағы да екінші бір сөз жасалса, онда мұны туынды сөз деп атайды.

Сондай-ақ, сөздердің бірігуі, қосарлануы, тіркесуі (құрама), қысқартылуы арқылы жасалған сөздер күрделі сөздер делінеді. Тек қана түбірдің өзінен болған сөздер мен түбірге жұрнақ жалғану арқылы жасалған туынды түбірлер және туынды сөздер жалаң сөздер деп аталады.

Ғылыми грамматикада жеке түбір сөздерді, сөздің мағаналы бөлшегін негізгі морфема дейді де, қосымшаны көмекші морфема деп атайды.

Түбір сөзден кейін тұрған сөз бөлшектерін қосымша дейміз, ал түбір мен қосымшадан тұрған сөзді қосымшалы сөз дейміз.

Қосымша жұрнақ және жалғау болып екіге бөлінеді.

Жеке сөздердің түбіріне жалғанып, бірде жаңа мағаналы сөз, бірде жалғанған сөздерінің формасын ғана өзгертетін сөз бөлшегін жұрнақ дейміз. Өзінің жалғанған сөзінен жаңа мағаналы сөз тудыратын жұрнақ сөз тудырушы жұрнақ деп аталады. Жалғанған сөзінің алғашқы негізгі мағанасын өзгертпей, оған тек сәл ғана үстеме мағана беретін жұрнақтың түрі сөз түрлендіріші жұрнақ делінеді.

Жұрнақ сөз тудыратын, оны түрлендіретін сөз бөлшегі болғандықтан, үнемі түбірден кейін, жалғаулардан бұрын келеді.



Жалғау – жалғанған сөзін екінші бір сөзбен қарым-қатынасқа түсіріп, оларды өзара байланыстырып, жалғастырып және жалғанған сөзіне азын-аулақ үстеме мағана беріп тұратын грамматикалық тұлға. Басқаша айтқанда, жалғау өзінің тура мағанасына сәйкес, сөз бен сөзді бір-бірімен ұластырушы қызметін атқарады. Жалғаулар да жұрнақтар сияқты дербес, жеке мағанада жұмсалмайды, өйткені бұлар да сөзден тыс жеке қолданылмайды. Жалғаудың бірнеше түрі бар. Олар – көптік, септік, тәуелдік және жіктік жалғаулар.Осы жалғаудың әрқайсысының өзіне тән формалары (көрсеткіштері) мен грамматикалық қызметтері бар.
2.1 Зат есім (Nomen Substantīvum)

Сөйлемде кім? (quis?) не? (quid?) деген сұрақтарға жауап беріп, заттық мағанада жұмсалатын сөздерді зат есімдер дейміз. Зат деген ұғымға күнделікті өмірде кездесетін әдеттегі заттар ғана емес, сонымен бірге табиғат пен қоғамда ұшырасатын әр алуан құбылыстар мен оқиғалардың атаулары, ұғымдар мен түсініктер де енеді,

Латын тілінде зат есімнің келесі грамматикалық категориялары бар: тегі (род), көптелуі (число), септелуі (падеж)

Үш тегі (genus): genus feminīnum - женский род (f), genus masculīnum - мужской род (m), genus neutrum - средний род (n).

Genus masculīnumге еркек текті адамдар мен жан-жанурлардан басқа, желдердің, айлардың және өзендердің атаулары жатады: cōnsul консул, rēx патша, Cupīdō Купидон, Līps оңтүстік-батыс жел, Etēsiae пассaт желі, Aprīlis сәуір;

Genus feminīnumге әйелдер мен ұрғашы жан-жануарлардың аттарынан басқа, көбіне ағаштар атаулары, қалалардың, елдердің, аралдардың атаулары: uxor жұбай, soror әпке, socrus ене, anus кемпір, laurus лавр, gus бук, Corinthus Коринф, Aegyptus Египет, Rhodus Родос ;

Genus neutrumге септелмейтін зат есімдер жатады: pondō фунт, gummi камедь.

Екі көптелуі (numerus): жекеше түрі - singulāris және көпше түрі -plurālis.

Алты септеуі (casus):

Nominatīvus (Nom.) Атау септік кім? не?

Genetīvus (Gen.) Ілік септік кімнің? ненің?

Datīvus (Dat.) Барыс септік кімге? неге ?

Accusatīvus (Acc.) Табыс септік кімді? нені? қайда?

Ablatīvus (Abl.) Көмектес септік кіммен? немен? қай жерде?

Vocatīvus (Voc.) Қаратпа сөздерде қолданылады кім? не? Мысалы: Ave, magistra! Сәлеметсіз бе, ұстаз!

Қазіргі кезде Vocatīvus септеуі украйн, белорусь, грек тілдерінде сақталған ( сынку, друже, Галю). Латын тілінде Vocatīvus ІІ септеуден басқа септеулерде Nominatīvus-пен сәйкес келеді.

Латын тілінде зат есімдер бес түрлі жолмен септеледі. Септелудің түрі ілік септігінің жекеше түрінің жалғауы арқылы анықталады. Сондықтан зат есімдердің сөздікте ілік септігінің жекеше түрінің жалғауы міндетті түрде беріледі.

1-септеудің Gen. Sing. – ae

2-септеудің Gen. Sing. - i

3-септеудің Gen. Sing. - is

4-септеудің Gen. Sing. - us

5-септеудің Gen. Sing. - ei


Ескерту (N.B.) Зат есімдерді жаттағанда міндетті түрде екі формасын есте сақтау қажет (!) – атау және ілік септіктерін, мысалы: avis, avis f құс; terra, terrae f жер, ел; lupus, lupi m қасқыр.
Жаттығу
Келесі сөздерді оқыңыз, ілік септігінің жекеше түрінің жалғауы арқылы қай септеуге жататынын анықтаңыз:

nox,. noctis f - түн fructūs, ūs m - жеміс

patria, ae f - отан miles, ĭtis m - солдат

victoria, ae f - жеңіс persona, ae f - тұлға

sĕriēs, ēi f - қатар ăvŭs, i m - ата

aurum, i n - алтын fĭdes, ĕi f - сенім

oratŏr, ŏris m – шешен testis, testis m – куәгер

pecunia, ae f - ақша domūs, ūs f - үй

magister, tri m- ұстаз iūs, iūris n - құқық

opus, ĕris n - іс diēs, diēi m - күн



І-септеу
Бірінші септеуге атау септігінде жекеше түрде (Nom.Sing.) -ға, ал ілік септігінің жекеше түрінде (Gen. Sing.) -ае-ге аяқталатын женский және мужской родта тұрған зат есімдер жатады.
Септеу үлгісі terră, ae f - жер, ел


Септеулер

Singularis

Pluralis

Nom.

Gen.


Dat.

Acc.


Abl.

Voc.


terră жер

terrae жердің

terrae жерге

terrăm жерді

terrā жермен

terră жер



terrae жерлер

terrārum жерлердің

terris жерлерге

terrās жерлерді

terris жерлермен

terrae жерлер





Ескерту (N.B.). 1. Ілік септігінің жекеше түріндегі -ае жалғауын алып тастау арқылы зат есімнің түбірі анықталып, барлық жалғаулар осы түбірге жалғанады. Мысалы: terră, ae f зат есімінің түбірі terr-

2. Dea, deae және filia, ae зат есімдерінің dat. және abl. pluralis формаларында –bus жалғауы да кездеседі: deābus және filiabus


Жаттығулар
1. Келесі сөздерді жекеше және көпше түрлерінде септеңіз:

stella,ae f - жұлдыз ; via, ae f - жол; incola, ae f, m – тұрғын

2. Оқып аударыңыз:

1) Scientia potentia est; 2) Terra est sphaera; 3) Terra est stella; 4) Terra et luna sunt stellae; 5) Philosophia est magistra vitae; 6) Historia est magistra vitae; 7. Historia est schola vitae; 8) Schola est via scientiārum; 9) Roma est in Italiā; 10) In terrā et in aquā est vita; 11) In lunā non est vita; 12) In silvis sunt bestiae; 13) Ibi victoria, ubi concordia; 14) Experientia est optima magistra; 15) Aurora musis amica.



  1. Латын тіліне аударыңыз:

Жерде, жерге, жер астында, жер астына, орманда, орманға, ормандарда, ормандарға, Италияда, Италияға, Африкаға, Африкада, аралда, аралға, аралдарда, аралдарға, айда, айға, суда, суға, су астында, су астына

4. Жоғарыдан төмен, солдан оңға қарай жүріп отырып таныс сөздерді теріп жазыңыз:




M

I

N

E

R

V

A

F

R

I

C

A

A

S

C

I

E

N

T

I

A

B

C

D

D

E

F

B

X

H

E

L

T

R

P

E

V

X

Z

I

A

G

R

I

C

O

L

A

S

T

E

L

L

A

R

A

Y

X

J

H

I

P

Q

V

I

T

A

Q

U

I

L

A

L

U

B

I

N

T

A

B

U

L

A

A

V

Q

X

C

S

Y

V

I

A

J

L

Q

A

B

C

T

U

Q

R

O

M

A

U

U

I

N

C

O

L

A

D

P

U

G

N

A

Y

Z

H

R

A

A

B

D

S

M

A

R

A

X

L

I

N

G

U

A

C

B

X

I

N

U

N

A

U

T

A

R

A

L

A

N



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет