К. С. Ислям латын тілі мемлекеттік тілде оқитын студенттерге арналған оқулық



бет1/12
Дата28.01.2018
өлшемі2,68 Mb.
#35624
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
К.С.Ислям



ЛАТЫН ТІЛІ

Мемлекеттік тілде оқитын студенттерге

арналған оқулық

Павлодар


УДК 811.124 (075.8)

ББК 81.2Латин-923

И87

С.Торайғыров атындағы ПМУ Ғылыми кеңесі ұсынады

Рецензенттері:

О.Қ.Жармакин - филология ғылымдарының кандидаты, ПМУ профессоры

А.Қ.Кайрбаева - педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, шетел тілдері филологиясы кафедрасының меңгерушісі, ПМУ

И87 Ислям К.С.

Латын тілі (бірінші бөлім): лексика, фонетика, морфология,

синтаксис: гуманитарлық факультеттердің студенттеріне және

оқытушы-мұғалімдерге арналған. – Павлодар, 2007. – 113 б.

«Латын тілі» деп аталған бұл оқулық - латын тілінің лексика, фонетика, морфология, синтаксис тәрізді негізгі тарауларын тұтас қамтитын, барынша қысқартылып жазылған ықшамды нұсқа. Кітапта сондай-ақ әрбір тарау-тақырыпты талдау үлгісінен кейін жаттығулар ұсынылады.

Бұл оқулық гуманитарлық факультеттердің студенттеріне, оқытушы ұстаздарға арналады. Тарих, тіл үйірмелерінде қолдануға болады.

УДК 811.124 (075.8)

ББК 81.2Латин-923

© Ислям К.С., 2006

© С.Торайғыров атындағы Павлодар

мемлекеттік университеті, 2007



Алғы сөз
Университетте латын тілі пәні студентті оқытуда ғылыми тұрғыдан дағдыландыратын пән болып табылады. Латын тілін оқыту – студенттерге латын тілінің грамматикалық құрылысын және қазіргі тілдердің жасалуына маңызды әсерін тигізген негізгі лексикалық қорын меңгерту, еуропалық мәдениеттің дамуына ерекше ықпал еткен көне римдік классикалық әдебиетпен таныстыру мақсатын көздейді. Еуропалық тілдердің интернационалдық сөздігінің негізін құрайтын латын лексикасымен танысу студенттердің ой өрісін кеңейтіп, тілдік материалға дұрыс баға беруге үйретеді.

Латын тілін оқыту арқылы гуманитарлық факультеттердің болашақ мамандарының кәсіптік дайындалуының негізі қаланады, сондықтан студенттер тілдің грамматикалық құрлымын, сөзжасам жүйесін, лексика негізін терең меңгеру керек.

Аудару техникасын үйретуде латын тіліндегі еркін сөз тіркесінің тәртібі, тұйық рай және есімшелі орам үлкен қиындық келтіреді, сондықтан да оқырмандар басынан бастап аударудың негізгі ережелеріне міндетті түрде сүйенудің маңызы зор екендігін ұғыну қажет.

Аудиториялық жұмыстардың негізгі түрлері ретінде ұсынылатындар: грамматикалық талдау және сөйлемді синтаксистік талдау; берілген мәтінді аудару; латын сөзінің құрамын талдау және сөз тудыратын, сөз түрлендіретін морфемаларды анықтау.



Кіріспе

Латын тілі туралы мәлемет
Ежелгі тілдер жайлы сөз көзғалғанда, ең алдымен еске латын мен грек тілдері келеді. Әрине, грек тілінде және оның әртүрлі диалектлерінде гректер сөйлейтіні түсінікті, ал латын тілі римдіктердің тілі болды. Бұнда енді: «неге римдіктер латын тілінде сөйледі?»-деген сұрақ пайда болады.

Латын тілі (Linqua Latina) – бұл ежелгі Лация (Latium) тұрғындарының тілі. Лация – сабиняндар жерімен, Этрурия және Кампаниямен шектескен Италияның ортасындағы кішігірім аймақ. Лацияның тұрғындары латындар (Latini), ал олардың тілі латын тілі (Linqua Latina) деп аталды.

Дәстүрлі римдік аңыз бойынша, нақты осы Лацияда гректермен жаулап алынған Троядан қашқан Эней пана тапты, ал оның ұрпағы Ромулға Римнің бірінші патшасы және оның негізін қалаушы (б.з.д. 753 жылы) болуға тағдыр жазған екен. Рим бірінші кезде тек Лация астанасы болды, өзінің экспансиялық саясаты арқылы бүкіл Италияны, ал кейін Жерорта теңізінің бассейінін жаулап алды, бүкіл Рим империясының астанасы болды, бірақ бұрынғыша латындық деп аталды. Бұл тіл, басқа тілдер сияқты, үлкен өзгерістерге ұшырады. Б.з.д. V-III ғасырларда латын тілі – Аппенин түбегінің көптеген тілдерінің ішіндегі жазба түрі бар тілдердің бірі болады. Б.з.д. IV-III ғасырларда ол Римнен тыс аймақтарға таралып, біртіндеп басқа тілдерді ығыстыра бастады, бұл б.з.д. I ғасырда жаулап алынған халықтардың ассимиляциясына әкелді. Бірінші латын жазба ескерткіштері - әртүрлі ыдыс-аяқтардағы және тастардағы жазулар, мадақтық әндер мен заңдар фрагменттері. Ғылымға белгілі ежелгі латын жазбалары б.з.д VII ғасырмен (күміс ыдыстағы жазулар) белгіленеді. Ең белгілі римдік жазу VII ғасырға жататын Римдік форумнан табылған тастағы жазу болып табылады. Небір сакральдік формуласы бар (ант немесе дұға) жазу ертедегі архаикалық әріптерімен жазылған, грек тіліне қарағанда унификацияланған, нәтижесінде, латын әдебиеттері пайда болғаннан кейін, жазулар латын жазуының ерекше түрі ретінде қала берді. Олардың мәні әртүрлі болуы мүмкін: бұл жасалған ерекшеліктері тізімдердегі мәзір тастарына жазылған жазулар, храмдағы рухани жазулар, қоғамдық ғимараттар мен ескерткіштердегі ресми мәнді жазулар, тұрмыс заттарындағы жазулар, қабырғаларда жазылған өлеңдер және т.б. Қазіргі уақытта 100 мыңға жуық әртүрлі дәуірдің латын жазбалары белгілі. Олар ежелгі фольклор, әдебиет шағармалардағы өлеңдер, дұғалар және әнұрандар. Римдік фольклор халықтың ауызша өнерінің бүкіл түрін біріктірді. Біз мұнда өлеңдерді, жоқтауларды, діни әнұрандар мен дұғаларды табамыз және де қалжың өлеңдер, пародиялық және мәнді өлеңдер кең тарағанын байқаймыз. Ел кезіп жүретін актерлер қолма - қол ойлап табылған көріністерді ұйымдастыратын. Әдеби тілдің тарихы тек б.з.д. 240 жылы ғана басталады, ол Римде әскери тұтқындар қатарында болған грек Андрониктің есімімен байланысты (құлдықтан босағаннан кейін ол Тит Ливий Андроник есімін алады).Ол алғаш рет Римде грек шығармаларын өңдеп, латын тілінде трагедия мен комедияны қойған, сонымен бірге Рим поэзиясының негізін салып, «Одиссеяны» аударған.

Б.з.д. 80 жылға дейін созылған кезеңді архаикалық деп атайды. XII кесте заңдары – рим құқығының бірінші жазбаша ескерткіші үлкен маңызға ие. Заңдардың алғашқы нұсқасы сақталмаған, бірақ, әртүрлі рим жазушылары мен заңгерлердің жазбалары бойынша, қалыпқа толық келтірілген. Ежелгі заңдар және бұнда көрсетілген дамыған құқық қатынастарының ерекшеліктері бұл ескерткішті б.з.д. V ғасырға жатқызуға мүмкіндік береді. Көрнекті рим тарихшысы Тит Ливийдің айтуынша, XII кестелер заңдары римдік құқықтың негізгі дерегі болып саналды. Бұл I құқықтық Кодексте соттық процедуралар регламентацияланған, жекеменшік пен ұжымдық меншік, отбасы құқығы декларацияланады және жазалау жүйесі қалыптасады (Бұл Кодекс тек мемлекеттік құқықты қарастырмайды). Классикаға дейінгі кезең (б.з.д. III-II ғасырлар) рим диалекті негіз болған әдеби тілдің қалыптасу кезеңі. Ежелгі латын жазуының кезеңі грек ықпалынан мүлде еркін болды. Латын әдебиетінің пайда болуы б.з.д. III ғасырда Римнің қоластында Италияның бірігуі кезеңімен сәйкес келеді. Классикалық грек үлгілерінің қатты ықпалында болған латын поэзиясы ерте пайда болды. III-II ғасырдың басындағы әйгілі болған латын ақындары– Ливий Андроник (шығу тегі жағынан грек), Гней Невий және Квинт Энний. Соңғысы «Анналы» эпикалық («Жылнама») поэмасымен әйгілі болды (бұнда римнің ежелгіден бастап тарихы суреттеледі). Римнің өрлеу кезеңіндегі басты әдеби ескерткіштері болып әйгілі комедиографтар – Плавт пен Теренцийдің шығармалары саналды.

Тит Макций Плавт - (шамамен б.з.д. 250-184 ө.с.) грек үлгілеріне сүйенген латын комедиясының негізін салушы. Плавт барлығы 130 комедия жазған, олардың жиырма бірі бізге жетті. Плавтың комедиясында фольклор кең пайдаланылған, осыған орай олар үлкен табысқа жетті.

Публий Теренций (шамамен 195-159 жылдарда ө.с.) барлығы 6 комедияcы бізге жеткен. Бұнда Теренций адамның мінезін аша отырып, күнделікті өмірін суреттейді. Теренцийдің әйгілі «адамдылықтың еш нәрсесі маған жат емес» деген сөздері оның шығармаларының мәнін жақсы көрсетеді. Орта ғасырларда және Қайта өрлеу дәуірінде Теренций ең көп оқылатын автордың бірі болды. Оның комедиясының тілі әдеби латынның үлгісі деп саналады. Ең нақты ұлы өрлеудің латын әдебиеті б.з.д. I ғасырда Катуллдың, Лукрецийдің поэзиясында, Цицерон, Цезарь және Саллюстийдің прозаларында орын алады.

Гай Валерий Катуллдың, шамамен, 87-54 поэтикалық мұрасы, 116 лирикалық өлеңдері және аз мөлшерлі эпиграммалары болыпты. Олар оған махаббат лирикасының шебері атағын берді.

Лукреций Кар (шамамен 95-55 жылдарда өмір сүрген) – эпикурдың негізгі ілімдері баяндалатын «Заттар табиғаты туралы» философиялық поэманың авторы.

Марк Туллий Цицерон (106-43 жылдарда өмір сүрген) – әр жақты жазушы және шешен. Оған көптеген көркем өнер стилімен жазылған философиялық, саяси және риторикалық трактаттар, сонымен қатар хаттар жатады. Цицерон тілі әр замандарда латын прозасының қайталанбас үлгісі болып саналды.

Гай Юлий Цезарь (100-44 жылдарда өмір сүрген) ол ұлы мемлекет қайраткері мен әскери басшы ретінде ғана емес, сонымен қатар проза жазушысы ретінде де әйгілі. Цезарьдың шығармалары – «Галл соғысы туралы жазбалар», «Азаматтық соғыс туралы жазбалар» және т.б.

Гай Саллюстий (86-35 жылдарда өмір сүрген) саяси қайраткер және тарихшы, латын әдебиетінің тарихына өзінің тарихи еңбектері («Заговор Каталины», «Югуртік соғыс» және т.б.) арқылы белгілі. Саллюстий тілі бейнелілік, классикалық дұрыстылықпен ерекшеленеді. Орта ғасырларда және кейінгі дәуірлерде Саллюстий беделді авторлардың бірі болды. Б.з.д I ғасырдың бірінші жартысындағы автордың шығармаларында латын тілі және латын әдебиеті өзінің хрестоматиялық мәнін алып, өрлеу дәуіріне кірді.


  1. Фонетика




    1. Алфавит

Фонетика - тіл дыбыстары туралы ғылым. Ол бұл ғылымды дыбыстау мүшелері, дыбыстардың құрамы мен түрлері, дыбыстардың үндесуі және екпін, буын мәселелері деген салаларға бөліп зерттейді. Фонетика (гректің phonetikos – «дыбыс мағанасы» дегеннен шыққан) тіл дыбыстарын зерттейді, оның негізгі объектісі – тіл дыбыстары.

Тіл дыбыстарының пайда болуы, жасалуы табиғатта, өмірде кездесетін дыбыстардың жасалуымен ұқсас. Тіл дыбыстары өкпеден шыққан ауаның дыбысталу мүшелеріне қақтығысып, соғысуынан, дыбыстау мүшелерінің вибрациялық қимылының нәтижесінде пайда болады.

Фонетика ғылымы дыбыс атаулының бәрін бірдей зерттемейді, ол тек адам аузынан шыққан мағналы дыбыстарды ғана сөз етеді. Адам аузынан шыққан дыбыстардың бәрін емес, тек мағналы сөздерді жасай алатын дыбыстарды зерттейді. Дыбысты белгілеу үшін қабылданған шартты белгіні әріп дейміз. Әр елдің өзіне тән дыбыстарды белгілейтін шартты белгісі болады. Қазір дүние жүзінде көп тараған жазудың түрлері – латын, орыс, араб, қытай (иероглифтер) жазуы үлгісінде жасалған таңбалар. Сөзде дыбыс саны мен әріп саны бірдей болып келе бермейді. Әріптердің баспаша, жазбаша нұсқалары және олардың баспаша да, жазбаша да нұсқасының бас әріп, кіші әріп түрлері болады. Сонымен бірге әр әріптің жеке тұрғандағы өз атауы бар. Әріптер белгілі бір жүйе бойынша, тәртіппен тізіледі.

Осылайша әріптердің рет-ретімен тізілген жиынтығын алфавит дейміз. Алфавит деген сөз – грек алфавитының алғашқы екі әрпінің қосындысы, яғни альфа – грек әріптерінің бірінші әрпі де, бета – екінші әрпі болып табылады. Кейін осы сөздер жазу жүйесінде белгілі бір тәртіппен тізілген әріптер жиынтығы болып, алфавит деп аталып кеткен.

Алфавитті дұрыс білудің жазба тіл үшін, күнделікті өмір үшін және еңбек процесін жеңілдетуде практикалық мәні аса зор. Сондай-ақ, басқа тілді меңгеруде түрлі сөздермен жұмыс істейтін адамдар үшін де алфавитті дұрыс меңгерудің мәні ерекше. Сөздікпен жұмыс істейтін адамдарға ондағы сөздердің түзілу принципін білген жөн. Сөздер сөздікте алфавиттік ретпен беріледі, олардың екінші, үшінші әріптері де реттілікті сақтайды. Фонетикалық жазуды ойлап тапқан финикийлықтар болып есептеледі.

Біздің заманымызға дейін ІХ ғасырда финикийлік жазуды гректер қабылдап, дауысты дыбыстарды белгілеу үшін графемалық (әріптік) өзгерістер енгізген. Жазу Грекияның аймақтарында бірдей болмаған, біздің заманымызға дейін V ғасырда негізінен екі алфавиттік жүйе – біздің заманымызға дейін 403 жылы қабылданған шығыс грек алфавиты мен батыс (халкид) алфавиты. Батыс пен шығыс грек алфавитында әжептәуір айырмашылықтар кездеседеі.

Батыс алфавиттік жүйесі италилік халықтар арқылы, негізінен этрускіліктер арқылы, біздің заманымызға дейін VІІ ғасырда латындармен қабылданған.

Уақыт өте келе алғашқы графемалық белгілер біраз өзгерістерге ұшырап, біздің заманымызға дейін І ғасырда көп халықтардың қазір қолданып жүрген латын әріптер нұсқасы (латиница) пайда болады.

Еуропа елдерінде латын тілі жергілікті халықтың ана тілімен қатар дамығандықтан ана тілінің айтылу нұсқалары латын тіліне әсерін тигізбей қоймаған, сондықтан Еуропа елдерінде латын мәтіндерінің оқылуында жергілікті тілге бейімделіп келеді.

Латын тілінің оқылуы тарихи даму барысында көптеген өзгерістерге ұшыраған. Біздің елдерде оқылудың екі түрі кездеседі: бірі - классикалық кезеңге бейімделсе, екіншісі - орта ғасырдағы латын тіліне жуық. Төменде беріліп отырған соңғы кезде қолданылып жүрген латын әріптерінің нұсқасы. Латын алфавиты 25 әріптен тұрады.



Баслуы

Жазлуы

Аталуы

Оқылуы

A a

B b


C c

D d


E e

F f


G g

H h


I i

J j


K k

L l


M m

N n


O o

P p


Q q

R r


S s

T t


U u

V v


X x

Y y


Z z


A a

B b


C c

D d


E e

F f


G g

H h


I i

J j


K k

L l


M m

N n


O o

P p


Q q

R r


S s

T t


U u

V v


X x

Y y


Z z

а

бэ

цэ



дэ

э

эф



гэ

һа

и



йота

ка

эль



эм

эн

о



пэ

ку

эр



эс

тэ

у



вэ

икс


ипсилон

зэта




а

б

ц, к



д

э

ф



г

һ

и



й

к

ль



м

н

о



п

к

р



с, з

т

у



в

кс, гс


и

з

Беріліп отырған алфавиттің классикалық кезеңдегі алфавиттан айырмашлығы бар.

К k әрпі ертеде ғайып болған; кейбір қысқартуларда ғана кездеседі, мысалы K немесе KAL – Kalendae – календалар сөзінің қысқаша нұсқасы, календалар деп әр айдың алғашқы күнін атаған.

Y y және Z z әріптері грек тілінен енген сөздерде кездеседі.

Классикадық латын тілі кезеңінде u және i әріптері [u], [i] дауысты әріптерін және [v], [j] дауыссыз әріптерін белгілеу үшін қолданылған себебі V v, J j әріптері алфавитке ХVІ ғасырда ғана енгізілген. Көп басылымдарда J j әріпінің орнына І і әрпі қолданылады. Сондықтан сөздіктерде iam және jam, iniectum және injectum нұсқаларын кездестіруге болады. Герман тілдеріндегі W w әрпі ХІ ғасырда енгізілген.

Бас әріптен латын тілінде адам есімдері (Iulia, Marcus, Caesar), географиялық атаулар (Roma, Europa, Italia), халықтардың атаулары (Latini, Romanus, Graeci )және зат есімнен жасалған сын есімдер жазылады (lingua Latina, theatrum Graecum, philosophus Romanus, nation Polona).
Жаттығулар
1. Төмендегі сөздерді алфавит тәртібіне келтіріп көшіріңіз:

Puella, matrōna, mater, filia, amīca, vita, tunĭca, nauta, silva, cena, villa, gena, lacrīma, valde, liber, amicus, novus, alba, bonus, saepe, medĭcus, praemium, vir, heri, libenter, hortus, planta, via, lingua, incola, pater, frater, atăvus, proăvus, avus, patruus, avuncŭlus, marītus, gener, soccer, viduus, nepos, vitrĭcus, proavia, avia, uxor, soror, amĭta, nurus,vidua, noverca

2. Төмендегі латын есімдерін алфавит тәртібіне келтіріп көшіріп, орыс тілінде кездесетін баламасын айтыңыз:

Gaius, Antonia, Marcus, Terentia, Quintus, Iulia, Gnaeus, Aemilia, Aulus, Septimus, Cornelia, Decimus, Manius,Tulia, Barbara, Servius, Fabia, Kaeso, Mamercus, Octavia, Sextus, Lucius, Publius, Titus, Vipsania, Tiberius, Gnaeus, Sputius, Syra

3. Төмендегі есімдердің сөздіктен мағанасын табыңыз:
1. Бета 4. Виктория 7. Константин 10. Модест

2. Бенедикт 5. Виталий 8. Максим 11. Регина

3. Валентина 6. Клементина 9. Марина 12. Феликс
1.1.1 Дауысты дыбыстар

Дауысты дыбыстарды айқындау үшін дыбыстау мүшелерінің қызметіне көңіл аударған жөн. Мысалы: a, e, i, o, u, y дыбыстарын айтқанда кедергісіз шықса, p,b,t,d,c, g дыбыстарын айтқанда кедергіге ұшырайтындығын байқаймыз. А, e, i, o, u, y дыбыстарының былай болуы еріннің дөңгеленуі, иектің төмен түсуі және ауыздың кеңірек ашылуынан. Дыбысталудың бұндай қызметіне қарап, дауыстыларға мына төменгі белгілер тән деуге болады:

1) дауыстыларды айтқанда, өкпеден шыққан ауа дауыс шымылдығынан кейін ешқандай кедергіге ұшырамайды;

2) дауыстыларды айтқанда, өкпеден шыққан ауа дауыс шымылдығын қаттырақ дірілдетеді;

3) дауыс шымылдығынан өткен ауаның қысымы дыбыстау мүшелерінің бәріне дерлік таралып түседі;

4) дауыстыларда үн басым, олармен ән салуға болады;

5) дауыстылардың тағы бір қасиеті – олардың буын құрайтындығы.

Сонымен, айтқанда ауа дауыс шымылдығынан кейін, кедергісіз, еркін шығатын дыбыстарды дауысты дыбыстар дейміз.

Латын тілінде дауыстылар: жалаң дауыстылар (монофтонгтар), дифтонгтар және диграфтар болып бөлінеді. Алты дауысты әріптер a, e, i, o, u, y он екі дауысты дыбысты құрайды (алты қысқа және алты созылыңқы).

1. О, u дауыстыларын айтқанда, ерін сүйірленіп, ілгері қарай жылжиды, ал a, e, i, у дыбыстарын айтқанда, ерін тартылып, екі езу кейін, құлаққа қарай жылжиды.

2. А, е, о дауыстыларын айтқанда, иек төмен түсіп, ауа еркін шығады, ал i, u, у дауыстыларын айтқанда, иек жоғары көтеріліп, ауа қысылып шығады.

3. А, o дауыстыларын айтқанда, тіл артқа, кейін тартылып жылжиды, ал e, i, u, у дыбыстарын айтқанда, тіл ұшы ілгері жылжиды да, тілдің үсті шамалы төмендеп ойысады. Осының нәтижесінде бұл дыбыстар жіңішке айтылады.

Бір буындағы екі дауысты дыбыс дифтонг деп аталады. Латын тілінде екі дифтонг бар. Олар: au[ау] және eu[эу] Eu-ro-pa [еуропа] Еуропа, causa [кауза] себеп.

Бір буындағы бір дыбыс беретін екі дауысты дыбысты диграф деп атайды. Олар: ae[э] aera [эра] мыңжылдық және ое[ө] poena [пөна] жаза. Егер әріптер тіркесін яғни диграфтарды бөлек оқу қажет болса, екінші әріптің үстінен қос нүкте ] (трема ) немесе ұзақтық белгісі [] қойылады, мысалы poёta немесе poēta [поэта] ақын



1.1.2 Дауысcыз дыбыстар

Дауыссыздардың жасалуын айтқанда, ол дауыстылардың жасалуымен салыстыра түсіндіріледі, атап айтқанда:

1) дауыстыларды айтқанда, өкпеден шыққан ауа дауыс шымылдығынан кейін ешқандай кедергіге ұшырамаса, дауыссыздарда ауа міндетті түрде мшелерінің бірінде кедергіге ұшырайды;

2) дауыстыларды айтқанда, өкпеден шыққан ауа дауыс шымылдығын қатты, жиі, көбірек дірілдетсе, дауыссыздарда баяу, аз дірілдетеді;

3) дауыстыларды айтқанда, өкпеден шыққан ауа дыбыстау мүшелерінің барлығына бірдей таралып тссе, дауыссыздарда ауаның қысымы дыбыстау мүшелерінің бәріне таралып тспейді;

4) дауыстыларды айтқанда, дыбыстау мүшелерінің бәрі дерлік қимылдаса, дауыссыздарда дыбыстау мүшелері бір жақты ғана қимылдайды;

5) дауыстылармен ән салуға болса, дауыссыздармен бұлай етуге болмайды;

6) дауыссыздармен буын құрай алмаймыз.

Дауыссыздар латын тілінде muta ( p,b,t,d,c,g) және liquida (l,r) болып бөлінеді.

Латын тілінде дауыссыз әріптердің оқылуында біраз ерекшеліктері бар. Классикалық кезеңде Сс әрпі тек қана [к] болып оқылса, ал орта ғасырдан бастап Сс әрпі е, і, у әріптерінің және ae мен ое диграфтарының алдында тұрса [ц], қалған жағдайларда [к] болып оқылады. Мысалы: college [коллега] жолдас, clarus [кларус] әйгілі, Caesar [Цэзар] Цезарь, centum [центум] жүз.

Бірнеше тұрақты әріптер тіркесін есте сақтау қажет. Олар:

ph [ф] болып оқылады philosophus [филозофус] философия;

rh [р] болып оқылады rhetor [рэтор] ритор;

th [т] болып оқылады theatrum [театрум] театр ;

ch [х] болып оқылады pulcher [пульхэр] әдемі;

sch [сх] болып оқылады schola [схола] мектеп;

qu [кв] болып оқылады aqua [аква] су

Классикалық кезеңде ti барлық жерде [ти] болып оқылған. Мысалы ratio [ратио] сана, scientia [скиэнтиа] білім. Ал латын тілінің дамуының соңғы кезеңінде (біздің заманымыздың ІІ-VІ ғасырларында) s, t, x әріптерінен кейін және дауыссыз әріптің алдында [ти], ал дауысты әріптің алдында [ци] болып оқылған. Мысалы: bestia [бестиа] аң, mixtio [микстио] араластыру, iustitia [юстициа] әділет, ratio [рацио] сана, scientia [сциэнциа] білім.



Ngu әріптер тіркесі дауысты әріптердің алдында [нгв], дауыссыз әріптердің алдында [нги] болып оқылады. Мысалы: lingua [лингва] тіл, angulus [ангулус] бұрыш, longus [лонгус] ұзын, unguis [унгвис] тырнақ.

Классикалық кезеңде S дауысты әріптердің ортасында тұрса [c] болып оқылса, латын тілінің дамуының соңғы кезеңінде [з] болып оқылған. Мысалы: casa [каза] лашық,үйшік. Егер S әрпінің алдында m немесе n әріптері тұрып, ал S-тен кейін дауысты әріп тұрған жағдайда да [з] болып оқылатынын ескере кету қажет. Қалған жағдайда S [c] болып оқылады.



1.1.3 Буындардың созылыңқы және қысқалығы

Латын тілінде дауысты дыбыстар созылыңқылық және қысқа болып екіге бөлінеді. Оқулықтар мен сөздіктерде дауысты әріптердің үстінен белгілерді көруге болады. Оны созылыңқылық [ ‾ ] және қысқалық [ ˇ ] белгілері деп атайды. Кейбір еуропалық тілдерде диакритикалық белгі десе, семит тілдерінде вокалдық белгілер дейді. Мысалы: ā (а-ұзақ), ă (а-қысқа). Бұл белгілер екпінді дұрыс қоюға көмектеседі. Латын тілінде:

- алты созылыңқы дауыстылар: ā ē ī ō ū у;

- алты қысқа дауыстылар: ă ĕ ĭ ŏ ŭ ў

1. Дифтонгтары бар барлық буындар табиғи ұзақтықты сақтайды. Мысалы: the-sau-rus [те-зау-рус] қазна sau - буыны ұзақ

2. Барлық жабық буындар табиғи созылыңқы. Мысалы: ma-gis-ter [ма-гис-тер] ұстаз сөзінде gis- буыны созылыңқы. Бірақ егер дауысты дыбыс muta cum liquida тіркесенің алдында тұрса қысқа болады. Мыслы: te-ne-brae [те-не-брэ] қараңғылық

3. Ашық буыннан кейін дуысты әріп тұрса, табиғи қысқа болады. Мысалы: pa-tri-a [па-три-а] отан tri - буыны қысқа

4. Соңында дауыссыз әріп тұрған ашық буын табиғи қысқа [ˇ] немесе табиғи созылыңқы [] болады. Мысалы: for-tū-na [фор-ту-на] тағдыр мұндағы tū буыны табиғи созылыңқы, ал fe-mǐ-na [фе-ми-на] әйел сөзінде mǐ буыны табиғи қысқа. созылыңқылық және қысқалық белгілерін сөздік арқылы анықтауға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет