К. Солнышкова органиқалық Химия



бет2/9
Дата28.01.2018
өлшемі2,36 Mb.
#34740
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Жұмыстың мәні. Вюрц колбасын айдауға арналған сұйықпен берілген көлемде ( колбаның сыйымдылығынан 2/3-тен аспайтындай) толтырады. Сұйықтың біркелкі қайнауы үшін колбаға бірнеше «қайнағыш» орналастырылады (жылтыратпаған фарфор кесектері). Суды ашады да, аспапты қыздырады. Колбада біркелкі баяу қайнау болу үшін қыздыруды бақылап отыру қажет. Өте тез қыздырғанда булар аса қызып кетеді. Айдау температурасын қағазға жазып отырады. Температура сұйықтың негізгі массасы айдалғандағы температурадан 2 – 3 оС жоғары көтерілгенде, айдауды аяқтайды. Айдауды аяқтаған соң дистиллят көлемін өлшейді.

Жұмыстың орындалуы. 100 мл-лік Вюрц колбасына 60-70 мл мұнай құйып, бірнеше «қайнағыш» тастайды. Суды ашады. Колбаны абайлап жабық плиткада немесе құмды моншада қыздырады. Дистиллятты пробиркаларға немесе өлшейтіні цилиндрлерге жинайды, келесі фракциялардың көлемін өлшейді:

  1. 70 ºС дейін – петролей эфирі;

  2. 70-90 ºС – лигроин;

  3. 90-120 ºС – «жеңіл» бензин;

  4. 120-150 ºС – «орташа» бензин;

  5. 150-280 ºС – керосин.

Нәтижелерді өңдеу. Фракцияның көлемдік (мл) және пайыздық (%) құрамы бойынша тәжірибелік мәліметтерді 2-ші кестеге жазыңыздар. Жұмыста қандай мұнай («жеңіл»,«орташа», әлде «ауыр») қолданғаны туралы қорытынды жасаңыздар.
2-кесте – Лабораториялық жұмыстың нәтижелері


Фракция атауы

Айдаудың температуралық интервалы, ºС

Фракция

көлемі, мл



Фракцияның

%-тік құрамы




























Бақылау сұрақтары
1. Айдау процесі заттардың қандай қасиеттеріне негізделген?

2. Атмосфералық қысымдағы айдау қашан қолданылады?

3. Айдау кезінде термометрді қалай орналастырады?

4. Айдау кезіндегі қатты соққыларды қалай болдырмауға болады?

5. Тура бағытты тоңазытқыш қашан қолданылады?

6. Жеңіл қайнайтын сұйықтардың салқындатқыш режимі қандай болуы керек? Аса қайнайтын сұйықтардың ше?



3 Лабораториялық жұмыс. Органикалық заттарды сулы бумен айдау
Жұмыстың мақсаты: Сулы бумен айдау арқылы техникалық скипидарды шайырлы қоспалардан және техникалық анилинді тотығу өнімдерінен тазалау.

Теориялық бөлім. Сулы бумен айдау органикалық заттарды лаборатория мен өндірісте бөлудің және тазалаудың кең тараған әдістерінің бірі. Бұл әдіс көбінесе суда ерімейтін, химиялық әрекеттеспейтін заттарға қолданылады. Сулы бумен айдауды келесі жағдайларда өткізеді:

- аса жоғары температурада қайнайтын немесе ыдыраусыз айдауға ұшырамайтын заттарды қоспалардан бөлу және тазалау үшін;

- шайырлы қоспалармен аса ластанған заттарды тазалау үшін;

- заттардың қоспасындағы бір зат су буымен ығыстырылатын болса, мысалы табиғи шайырлар мен майлар фракциялары бумен ұшқыш және ұшқыш емес түрлерге бөліне алады.

Су буының қысымы температура асқан сайын, ерімейтін заттың бу қысымы да артады. Егер айдау температурасы кезінде бу қысымы артық және берілген заттың молекулярлық массасы көп болса, сулы бумен айдау жеңіл және тезірек болады. Су буымен айдауды 3-ші суретте көрсетілгендей аспапта өткізеді. Бұл аспап бутүзілгіштен, айдау колбасынан, ұзын тоңазытқыштан, аллонжтан және қабылдағыштан құралған. Түтік арқылы бу колбаға барады, сондықтан түтік колбаның түбіне жақын орналасу керек. Сұйықтың серпілуін болдырмау үшін сұйықтықты қабылдағыш ретінде ұзын мойынды колбаларды таңдау керек және жоғары шашырайтын заттар бу өткізгіш түтікке тимейтіндей етіп колбаны сәл көлбеу қылып орналастыру қажет. Бутүзілгіш пен айдау колбасының арасына субөлгіш орналастырылады.

Реактивтер: скипидар; анилин.

Құрал–жабдықтар: су буымен айдауға арналған аспап; қыздыруға арналған аспаптар; бөлгіш құйғы.

Жұмыстың орындалуы. Бутүзілгішті 2/3 көлеміндей дистильденген сумен толтырыңыз. Айдау колбасына колбаның 1/3 көлеміндей скипидар қосыңыз (аналин немесе басқа затты оқытушының айтуымен ғана). Бутүзілгіш пен айдау колбасының қыздырғышын жағыңыз. Бутүзілгіштегі су қайнаған соң субөлгіштің резиналы түтігін қысқышпен жауып, айдау процесін бастаңыз. Екі компоненттің де түзілген бу қоспасы тоңазытқышта конденсацияланады да, эмульсия қабылдағышқа барады.

Тоңазытқыштан таза су аға бастағанда, айдау процесі аяқталады. Қыздырғышты өшіріңіз де, субөлгіштің резиналы түтігіндегі қысқышты ашыңыз. Эмульсияны бөлгіш құйғыға ауыстырыңыз және қабаттанудан соң ығыстырылатын затты бөліп алыңыз.




1– бу түзгүш; 2 – конденсат ағызғыш; 3 – айдау колбасы; 4 – Либих тоңазытқышы; 5 – аллонж; 6 – қабылдағыш
3-сурет – С буымен айдауға арналған аспап
Егер ығыстырылатын заттың тығыздығының мәні судың тығыздығына жақын мән болса, заттың шығуын арттыру үшін хлорлы натрий қосады. Сол кезде органикалық заттың суда ерігіштігі төмендейді де, қоспаның қабаттарға бөлінуіне әкеледі (себебі сулы ерітіндінің тығыздығы артады).

Тәжірибенің нәтижелерін өңдеу. Мәліметтерді 3-ші кестеге жазыңыз да, % шығынын анықтаңыз.
3-кесте – Лабораториялық жұмыстың нәтижелері

Заттың атауы

Химиялық формуласы

Молекулалық масса

tқайнау, ºС

Тығыздығы, г/см3

















Бақылау сұрақтары
1. Су буында айдау қандай жағдайда қолданылады?

2. Вакуум астындағы және қысым астындағы айдау қандай жағдайда қолданылады?

3. Шамамен 200-300 ºС қайнайтын сұйықтарды қалай айдайды?

4. Бөлшектеп айдау процесі қалай жүргізіледі?

5. Ректификация дегеніміз не?

6. Кері тоңазытқыш қандай жағдайда қолданылады?



4 Лабораториялық жұмыс. Қаныққан және қанықпаған көмірсутектер
Жұмыстың мақсаты:

- алкандарды, алкендерді және алкиндерді (метан, этилен, ацетилен) алудағы кейбір лабораториялық әдістерді үйрену;



-химиялық байланыстардың шексіздігіне тест жүргізу.

Эксперименттік бөлім:

1 Натрий ацетатының ыдырауы нәтижесінде метанды алу («құрғақ айдау»).

Сусыз натрий ацетатын алу үшін, құрамында 3 моль кристаллизацияланған су бар тұзды ыдысқа салады және абайлап қыздырады, шыны таяқшамен үзбей араластыра береді. Басында тұз кристаллизацияланған суда ериді, буланудан соң тұз қатаяды және температура 300 ºС-дан жоғары болған кезде қайта балқиды. Барлық масса балқыған соң, қыздыруды тоқтатады да, ыдысты балқыған тұзбен салқындату үшін эксикаторға салады. Содан соң тұзды ступкада үгіп, тығыны бар шыны ыдыста сақтайды.

Тығыны және газ тасымалдағыш түтігі бар пробиркаға (сурет 4) 1,3-тен 2,0 г дейін балқыған натрий ацетатын және 3-4 г натронды әк қосады да, ашық отта спиртті жанғыш көмегімен қыздырады.



1 – спиртті жанғыш; 2 – пробирка; 3 – резеңке түтікше; 4 – газ жинағыш пробирка; 5 – ыдыс


4-сурет – Метанды алуға арналған аспап
Бөлініп жатқан метанды су үстіндегі пробиркаға жинайды немесе түтіктен шыққан кезде жандырады. Ол түссіз жалынмен жанады, өйткені құрамындағы көміртегінің мөлшері аз. Бөлініп жатқан метанды ерітіндісімен сұйылтылған пробиркаға өткізеді. Не байқалады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет