К. Т. Медеубаева 1 Д.Қ. Садирбекова



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата04.10.2022
өлшемі1,77 Mb.
#151569
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
bilim-sapasyn-arttyruda-funktsionaldy-sauattyly-ty-pedagogikaly-ma-yzy

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 2 (74), 2018 
103
Функционалды сауатты оқушы – бұл пәндік, пәнаралық, интегратив және функционалдық 
мәселелерді пайдаланылатын, қабылдау, ақпаратты өзгерту, қоғаммен қарым-қатынас процесімен 
байланысты қажетті және жоғары деңгейдегі білімге ие болатын тұлға. Функционалды сауатты адам 
моделі – бұл таңдауға және әрі қарай білім алуға, еңбек нарығында және қоғамдық өмірдегі жинақылыққа, 
өзіндік талдау мен өзіндік бағалау негізінде өзінің жеке ерекшеліктерін өздігінен жетілдіруге дайындалған 
адам. 
Сонымен,
функционалдық сауаттылық
дегеніміз – адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және 
экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына ілесіп 
отыруы, жасына, мамандығына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Ондағы басты мақсат – жалпы 
білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткер, дене және рухани тұрғысынан дамыған 
азаматын қалыптастыру, оның өзін қоршаған ортаға әлеуметтік бейімделуі. Яғни, оқушылардың мектепте 
алған білімдерін өмірде тиімді қолдана алуына үйрету. Мұндағы басшылыққа алынатын сапалар: 
-белсенділік; 
-шығармашылық тұрғыда ойлау; 
-шешім қабылдай алу; 
-өз кәсібін дұрыс таңдай алу
-өмір бойы білім алуға дайын болуы. 
Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады. 
Функционалды сауатты тұлға 

қоғамның құндылықтарына сәйкес, қоғамдық ахуалдың қалыптасқан мүдделеріне қарай әрекет етеді. 
Бүгінгі күнге қажетті мамандықты таңдап дұрыс шешім қабылдап, заманауи ақпараттық 
технологиялардың тілін біліп кез келген әлеуметтік ортаға бейімделеді. Осы тұрғыда функционалды 
сауатты адамның негізгі белгілерін былайша тұжырымдауға болады: қоғамдық ортада өмір сүре білетін, 
тіл табыса алатын, белгілі бір сапалық қасиеттері бар, жалпы негізгі және пәндік құзыреттіліктерді 
меңгерген адам болып саналады. 
Заманауи мектептің ең басты міндеті оқушы өмірінің барлық кезеңдерінде білім алуға деген 
құлшынысын қалыптастыру үшін, оған әрбір қадамының маңыздылығын түсінуге мүмкіндік беруден, 
тәсілдер мен таным көздерін таңдауда бағдар ұстай білуге үйретуден тұрады. Бұл Қазақстан халқына 
Жолдауында, жаңа Мемлекеттік бағдарламада, «Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты 
мақаласында [5,3], Назарбаев Университетінде оқыған дәрісінде және басқа да сөйлеген сөздерінде 
айрықша мән беріліп айтылған. Олар өз нәтижесін беріп келеді. Оның нақты дәлелін, дүниежүзілік 
экономикалық форумда жарияланған әлем елдерінің бәсекеге қабілетті рейтингідегі соңғы нәтижелерден 
байқауға болады.
Елбасы бастамасымен өмірге келген «Функционалдық сауаттылық бойынша Ұлттық жоспардың» 
мақсаты – оқушылардың салалық сауаттылығын дамыту арқылы тиiмдi қызмет түрлеріне бейімдеу. 
Сонымен қатар, ол орта білім жүйесінің парадигмасын түбегейлі өзгертудің негізі. Бұл – дәстүрлі мектеп 
моделінен рационалды модельге, әрі қарай феноменальді модельге «үш адым» ілгері аттау дегенді 
білдіреді. Осы мақсатқа қол жеткізу арқылы Қазақстан оқыту деңгейі мен сапасы жағынан жетекші елдер 
тобына қосылады [6,7]. 
«Қазақстан-2050» – Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауда 
«Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Қазіргі 
әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең 
озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс. 
Сондай-ақ балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор 
көңіл бөлу қажет. Балаларымыздың қазіргі заманға бейімделуі үшін бұл аса маңызды. Бүкіл әлемдегі 
сияқты, Қазақстан білім берудің жаңа әдістеріне көшу керек», – деп атап айтты [7,8]. Қазақстанның 
әлеммен терезесін теңестіруі үшін аса маңызды қажеттілік – білім, ғылым саласын жандандыру. Жас 
ұрпаққа тәлімді тәрбиемен қатар, заманауи білікті білім беру мәселесі жас мемлекет үшін ауадай қажет. 
Сондықтан өскелең ұрпаққа тек білім беру ісімен шектелмей, игерген білімін одан әрі әлеуметтік 
бейімделуге ұластыруға қабілетті болуға, бұл үшін оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту 
мақсатымен Ұлттық жұмыс жоспарын іске асыру қажеттілігі айтылған. Оқыту үдерісіне қазіргі заман 
талабына сай технологиялар мен әдістемелерді енгізу, ғылым мен техника жетістіктерін пайдалану, 
педагогиканың озық үлгілерін қайта жаңғыртып, қолдану, педагог мамандардың сапасын көтеру, 
оқушылардың функцияналдық сауаттылығын көтерумен қатар, тәрбие жұмысын жақсарту күн тәртібінен 
түспейтін мәселелерге айналды. 


Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 2 (74), 2018 
104
Оқушылардың мектепте алған білімін қоғамдық-әлеуметтік ортада пайдалануға икемдеу, олардың 
функционалдық сауаттылығын арттыру арқылы еліміздегі білім мен ғылымды дамыту мәселелеріне 
басымдық беріліп отыр. Бұл ойымызды ХХ ғасырдың заңғар тұлғасы М.Әуезовтің: «Ғылым өскен ел – 
мәдениет тарихында шын өскен ел. Ғылым тәрбиесі өркендеген ел – өскелең ұрпағын, халық қоғамын 
шын көгерткен ел», – деген сөзімен түйіндеуге болады [8;11]. Оқушылардың функционалдық 
сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған білім мазмұнын игерген оқушылардың білімдері мен 
біліктері өмірлік жағдаяттарда қолдана алуды, әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс істей білуді және 
алынған ақпараттарды сыни тұрғыдан бағалай білуді, өзінің болжамдарын ұсыну және зерттеулер жүргізу, 
өзінің ойын негіздей білуді; іскерлігі мен дағдыларын адами іс-әрекеттердің әртүрлі салаларында, сондай-
ақ тұлғааралық қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастарда өмірлік міндеттерді шешу үшін пайдалануды 
қамтамасыз етеді. 
Жалпы функционалдық сауаттылық деген ұғымды қорытып айтар болсақ, адамдардың әлеуметтік, 
мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы және өмір бойы білім алуына ықпал 
ететін базалық факторы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына қарай ілесіп отыруы. Мұндағы 
басшылыққа алынатын функционалдық сапалар – белсенділік, шығармашылық тұрғыда ойлау, шешім 
қабылдай алу, өз кәсібін дұрыс таңдай алуға қабілеттілік, т.б. яғни, жалпы білім беретін мектептерде 
Қазақстан Республикасының зияткер, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру 
[9,7]. Осындай сапалық сипаты тұрғысынан қарағанда функционалдық сауаттылық жеке адамды 
дамытудың тетігі ретінде қолданылады, сондықтан теория мен тәжірибенің байланыста болуын 
қамтамасыз ету үшін әрбір пән бойынша берілетін білімнің мазмұны мен көлемін анықтағанда теориялық 
қағидалардың, заңдылықтар мен ережелердің, яғни ұғымдық-ақпараттық материалдардың бала өмірінде 
кездесетін түрлі проблемалық мәселелерді шешуге көмегі тиетіндей, бала оны қолдана алатындай 
тәжірибелік маңызы ескерілуі тиіс, сондай-ақ оқушылардың оқу материалын тек жаттап қана алмай, оның 
мән-мағынасын терең түсінуін қамтамасыз ету міндетті болып саналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет