К. Я. Парменов эксперименттің техникасына қана назар аудармай, сонымен қатар, оқыту процесіндегі методикасына да басты назар аударды. Ол былай деген Демонстрациялық тәжірибені жүргізу барысында оқушылардың тәжіри


-11сыныптардағы сарамандық жұмыстардың мазмұны



бет17/24
Дата30.01.2022
өлшемі220,15 Kb.
#130167
түріЛекция
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24
Байланысты:
Лекция Химиялык эксперимент

10-11сыныптардағы сарамандық жұмыстардың мазмұны

10-11 сыныптарда зертханалық жүмыстар мен демонстрациялық тәжірибелердің жалпы саны қысқартылған. Біраз зертханалық жұмыстар демонстрациялық түрде көрсетіледі, өйткені тәжірибелердің кейбіреулері адам денсаулығына қауіпсіз емес, екіншілері еңбекті қорғау талаптары мен оқу материалдық базаның сәйкес келмеуіне байланысты жүргізілмейді. 10-сыныпта зертханалық, сарамандық жұмыстарды өткізу үшін қажетті реактивтерді (глицерин, этанол, сірке қышқылы, крахмал, т.б) дәріханалардан, дүкеннен сатып алуға болады. 10 - сыныпта бір атомды қаныққан спирттердің химиялық қасиеттерін оқығанда, спирттердің тотығуы, көпатомды спирттермен танысқанда глицеринге сапалық реакция жасау, альдегидттердің химиялық қасиеттерін оқығанда оларға тән «Күміс айна» реакциясын жүргізу, сондай - ақ сахароза, глюкоза, крахмалға тән сапалық реакцияларды жасау оқушылардың қызығуын арттыръш, логикалық ойлау қабілеттерінің дамуына әсер етеді. Көбінесе бұл жұмыстарды орындағанда оқушылар зерттелетін заттың қасиеті туралы білімі жоқтығына қарамай, тәжірибе арқылы қойылған сұраққа жауап табады, яғни бұл жұмыстар іздену — зерттеу сипатына ие.

11 - сыныптағы «Нәруыздың қасиеттері» тақырыбында нәруыздарға тиісті реакциялар және полиэтилен қасиеттерін зерттеу үшін де зертханалық жүмыс жүргізіледі. «Жалпы химия» курсында комплексті қосылыстардың алынуы мен қасиеттерін зерттеу мақсатында зертханалық тәжірибелер өткізілуі тиіс.

Сарамандық жүмысқа қойылатын талаптар мектептегі химия курсының мазмұнымен анықталады. Олардың маңыздылары: оқушылардың заттар мен олардың қасиеттері мен химиялық үрдістерімен, олардың жүру жағдайларымен танысуын қамтамасыз ету, химияның негізгі заңдарымен таныстыру, химиялық өндірістің ғылыми негіздерін ашу, оқушылардың практикалық білімдері мен біліктерін қалыптастыру.

 

 



 

10-сынып

 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет