Дәріс 27-28
Тақырыбы: Химиялық есептерді шешу спецификалық әдіс ретінде.
Химиялық есептер оқытудың нақты әдісі ретінде:
білім беру сапасын жақсартуға
оқушылардың алған білімдерін бекітуге;
білім беруді жүзеге асыру үшін білім мен дағдыларды қалыптастыруға, алған білімді жаңа жағдайларға қолдануға;
пәнаралық және ішкі байланыстарды жетілдіруге;
ойлау және басқа да жеке қасиеттердің дамуына ықпал етеді.
Есептік, экспериментальді және комбинирленген химиялық есептер түрін ажыратады.
Мектеп бағдарламасы бойынша оқушылар химиялық формулалар мен теңдеулер көмегімен есептерді шеше алуы керек. Есептерді шешудің көптеген түрлерін оқушылар 7 сыныптан бастап үйрене бастайды. Мектеп бағдарламсы бойынша келесі есептер типі шығарылады:
химиялық формулалар арқылы заттардың салыстырмалы массасын анықтау
химиялық теңдеулер бойынша реагенттердің немесе өнімдердің біреуінің мөлшерінің белгілі болуына байланысты массаны анықтау;
химиялық теңдеулер бойынша реагенттердің немесе өнімдердің біреуінің мөлшерінің белгілі болуына байланысты газ көлемін есептеу
ерітіндідегі заттардың массалық үлесін анықтау
Химияны оқытуда эксперименттік есептер маңызды орын алады.
Өз құрылымы бойынша эксперименттік есептер де химиялық есептер сияқты шарты мен талаптарынан тұрады. Есептің ерекшелігі оларды шешу үшін химиялық эксперимент жасау қажет болады. Ол есептерді шешу үшін органикалық және бейорганикалық химия бойынша білімдер қажет етіледі.
Химиялық есептерді шешу процесінде интенсивті ойлау қызметі (талдау, абстракция, синтез, нақтылау) орын алады, нәтижесінде білім беру мақсаттарына қол жеткізіледі.
Демек, химиялық есептерді шешу дегеніміз - субъектілер қызметі мысалы оқыту әдістері арқылы, білім беру мақсаттарына қол жеткізу болып табылады.
Есепті шығару алгоритмі
Есеп шартын мұқият оқу
Берілгенін жазу
Шешуін жазу:
Берілген есепте қандайда бір әрекеттесуді жазу қажет болса, реакция теңдеуін жазу
Бір сызықпен есеп шартында берілген заттар формуласын, екі сызықпен табу керек заттарды белгіле
Есептеуге қажетті формуланы көрсету
Есептеулер жүргізу
Есептің жауабын жазу
Химияны оқытуда мұғалім химиялық есептерді сабақтың әртүрлі бөлігінде бере алады. Мысалы:
Жаңа материалды түсіндіруде
Білімді қорытындылауда
Үй тапсырмасы ретінде
Сабақ үстінде
Материалды қайталауда
Бақылау жұмысын жазуда
Есепті таңдар алдында мұғалім келесі мақсаттарды ескеру керек:
1. Есепті шешуде қандай ұғымдар, заңдар, теориялар, фактілер бекітілуі, зерттелетін заттың қасиеттері мен химиялық реакциялардың қай қыры қарастырылуы керек.
2. Есепті шешудің қандай тәсілдері қалыптасуы тиіс.
3. Есепті шешу барысында қандай ойлау әдістері дамиды.
4. Берілген тапсырмалар қандай дидактикалық функциялар орындайды.
Оқушылар эксперименттік есептерді шешуге, алған білім мен дағдыларын қолданады. Нақты тапсырмаларды шешуге алған теориялық білімдерін қолдануға үйренеді.
Мазмұны бойынша эксперименттік тапсырмалар келесідей жіктеледі:
Достарыңызбен бөлісу: |