Кабылдаган: Ермуханов е,е Тапсырган: Бекмырза Өркен



бет2/4
Дата02.11.2022
өлшемі4,36 Mb.
#156242
1   2   3   4
Байланысты:
ОРкен

СЕМЕЙ

Семей қаласы Еуразияның тура жүрегінде орналасқан. Оның географиялық орталығы Гринвич бойынша шығысқа қарай 50 градус ендік пен 80 градус бойлықтың қиылысқан тұсында, Семей қаласынан 40 шақырым жерде орналасқан. Қаланың пайда болуы Қазақстанның Ресейге қосылу тарихымен тығыз байланысты Семей қамалынан басталған. Доржынкит – қазіргі Семей қаласы тұрған жерде, Ертістің оң жағасында, дөңестің үстіне орналасқан. Ертіс бойында мұндай көне қалалар көп болған екен. Абылайкит, Қола-Балғасын, Тұзқала, Қарақала т.б. қалалардың жұрнағы көп кездеседі. Алыс-жақын елдерден келетін сауда айналымы ғана емес, ғылым мен мәдениеттің рухани орталығы болған Семей қаласының іргетасы 1718 жылы қаланды. Семей қаласы 1718 жылы Ямышев көлі жанынан салынған бекінісі бой көтерген уақыттан бастап, Семей қаласының дүниеге келген күні болып есептеледі. ХІХ ғасырда Семей қаласын зерттеуші ғалымдар Миллер, Н.Абрамовтар «Семь палат», «Жеті шатыр» атануына назар аударып, өздеріне дейін жазылған деректерді іздестірді

Тарихы

Семейдің негізі 1718 жылы қаланды, І Петр шығыс жеріне және Ертіс өңіріндегі бекіністеріне қорған салу туралы жарлық шығарды, құрылыс 1714 жылдан 1720 жылға дейін созылды. 1718 жылдың кезінде Семипалат бекінісі подполковник П.Ступиннің бақылауымен «толық қарулану жүргізіліп, бекітілді». «Семей» сөзі – көне түркілерге жататын сары ұйғырлар тайпасының тілінде «киелі мекен» деген мағынаны білдірсе, «Алаш» сөзі – түркі тілінде бауырлас, қандас, туыс деген мағынаны береді. Яғни, Семей, Алаш атауы – тұтас түркі дәуірінде қалыптасқан ең ежелгі атаулардың бірі. Семипалат бекінісі Ресей мен Қазақстан арасындағы негізгі сауда орталықтарының дамуы арасында ерекше роль атқарды. Семейдің алғашқы құрылғанынан бастап, мұнда сауда жасау үшін жоңғар қалмақтары, бұхаралықтар, ташкенттіктер, қоқандықтар келе бастады. Азиялық күпестер сауда операцияларын бақылау мақсатында 1728 жылдан кеден мекемесі құрылды. Алғашқы жылдары Семей кедені Москвадағы Мемлекеттік Комерц-Коллегия бас басқармасында орналасқан Сібір жарлығына бағынды. 1776 жылы Батыс-Сібір генерал-губернаторы бекіністің жаңа жобасын жасау үшін капитан И.Г.Андреевті жіберді. Дарынды инженер, бекіністерді қайта салып, жолдар, көпірлер салды, жолдар мен қоршаулардың, бекіністердің жоспары мен картасын түсірді. Жаңа бекініске ескі бекініс тұрғындары, казактар, әскери қызметкерлер, сол сияќты саудагер адамдардың бөлігі көшіп келе бастады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет