Кабылдаган: Ермуханов е,е Тапсырган: Бекмырза Өркен



бет3/4
Дата02.11.2022
өлшемі4,36 Mb.
#156242
1   2   3   4
Байланысты:
ОРкен

Семей ШҚО-дағы аймақтағы 2-ші ірі қала болып есептеледі. Ол Ертістің екі жақ жағалауында орналасқан. Аумағы – ауылдық округтерді қосқанда 27,5 мың кв км. Облыс орталығы Өскемен қаласына дейінгі аралық 240 км Гринвичтан шығысқа қарай 40км, Семей қаласының батысынан Дегелен тауларына қарай қиылысатын сызықтар 500с.к. және 800 ш.ұ. болатын Евразия суперконтинентінің Географиялық орталығы болып анықталды. Аймақтың климатына материкке мұхиттан географиялық жағдайдың ерекше әсері бар. Географиялық жағдайы континеттік және дымқылдану дәрежесінің айырмашылықтары, жыл мезгілдеріне байланысты температураның өзгеруі, климаттың әр түрлі көптеген типтері арқылы ерекшеленеді. Климаттың күрт континеттілігі жылдық және тәуліктік температураның үлкен амплитудасымен түсіндіріледі. Қыста -450, ал жазда +450. Қала тұрғындарының саны 300 мың адамнан асады. Батыс аймақтық құрылыс материалдар ресурсы жеткілікті. Суықбұлақ ауылынан Семейдің оңтүстігіне қарай жоғары сапалы мәрмәр шығатын орын, Ауылдың солтүстігінен гипстің шығатын бай орны бар. Құрылыс және декаротивтік тастардың, шыны құмдардың, батпақтардың алуан түрлері бар. Цемент өнімдерінің графит және асбесттің, фарфор фаянс өнімдерінің орындары бар.

Өскемен

Қала тарихы 18 ғасырдың 20-шы жылдарынан бастау алған. Өскемен қаласы 1720 жылы ұлы мәртебелі І Петр патшалық құрып тұрғанда қамал-бекініс ретінде салынған. Уақыт өте келе бекіністің жанынан адамдар қоныс тебе бастады. Ауыл болды, одан станица атанды. Станица 1804 жылдан қалашық деп атала бастады. Ал 1868 жылы Өскеменге қала статусы берілді. Қалада сауда, ауылшаруашылығы өнімдерін өңдейтін өндіріс орындары дами бастады, айлақ (пристань) құрылысы басталды. Кейіннен жеңіл өнеркәсіп, теміржол құрылысы салына бастады. Ұлы Отан соғысы жылдары ауыр өнеркәсіп дамыды. Қаланың орысша атауы – Усть-Каменогорск, «усть»-құю, судың құяр жері, «камень»-тас, «гор»-тау, «устье каменных гор» болып бірлесіп, табиғи ерекшелігіне сай аталған. Ал, Өскемен сөзі фонетикалық өзгеріске ұшырап, қазақшаланған нұсқасы. Өскемен бекінісінің салынуы жөніндегі жазбаша мәліметтерді Боярин Федор Байков қалдырған еді. Өскемен бекінісінің салынуы жайлы оқиғалар жылнамасы: 1714 жылы І Петрге сібір губернаторы М.Гагарин Иркеть өзенінің жағасында «алтын құмдар» бар екендігін айтады. 1715 жылы шілде айында Тобылдан шыққан И.Бухгольц отряды Ертісті бойлай жүзеді. Жуық арада Ямышев бекінісі салынады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет