1997 жылы мамырда – Шығыс Қазақстан және Семей облыстары біріктірілді. Қыркүйек айында Краснооктябрьск көшесіне жазушы Мұхтар Әуезовтың есімі берілді. Қазір ол М.Әуезов даңғылы деп аталады. 1998 жылы 25 қазанда Ертіс өзені арқылы өтетін жаңа көпір пайдалануға берілді. 2010 жылғы 27 мамырда Ертіс көпірінің жанындағы жол айналма айырығы аралында облыс орталығының көрнекі жерінде Астананың басты құндылығы саналатын «Бәйтеректің» еліміздегі тұңғыш көшірме нұсқасы бой көтерді. Шаруашылықтық нарықтық принциптері ауыртпалығын бастан кешіре отырып, Өскемен қаласы бүгінгі күні Қазақстан Республикасының басты өнеркәсіп, энергетика, көлік және мәдениет орталықтарының біріне айналды. Соңғы жылдары ірі және маңызды объектілер салынды: «Азия Авто» АҚ, «Алтын аймақ» корпорациясының гидрометаллургиялық кешені, облыстық диагностикалық орталық, дене шынықтыру-сауықтыру кешені, «Даниэль» супермаркеті. «Жастар» саябағы, «Жеңіс» мемориалды кешені, 2003 жылы Үлбі арқылы өтетін жаңа көпір пайдалануға берілді. Қала бойынша барлық жерде жолдар, ғимараттар мен мәдениет ескерткіштері қайта жаңартылуда. «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ құрамындағы Қазақстан Республикасының Халық Банкінің Қазақстандық монета жасау сарайы – елдегі металлдан мемлекеттік сыйлықтар, пруф сапалы мерейтой монеталарын жасайтын жалғыз орын. 2015 жылдың 7 сәуірінде,Қазақстан Республикасы Президенті қатысуымен Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының жаңа ғимараты салтанатты түрде ашылды. Өскемен қаласының бүгінгі келбеті – тұғырлы тәуелсіздігіміздің жемісі.
ПАйдаланған Әдебиеттер
Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
^ «Почтовые индексы УСТЬ-КАМЕНОГОРСК ГОРОД, Қазақстан. Поиск индекса по адресу». bizgid.kz
Казакстан Республикасы халкынын облыстар жане астана, калалар, аудандар, аудан орталыктарыжане кенттер белінісіндегі жынысыбойынша саны
Казакстан Республикасынын улттык курамы [ Мурагатталган [17 кантардын 2013 жылы.