Кабылдаган: Ермуханов е,е Тапсырган: Бекмырза Өркен



бет1/4
Дата02.11.2022
өлшемі4,36 Mb.
#156242
  1   2   3   4
Байланысты:
ОРкен

Кабылдаган: Ермуханов е,е Тапсырган: Бекмырза Өркен Сагынова шұғыла қадыр бекзат ахмет анзира

  • СӨЖ 2
  • Қазақстан территориясында салынған бекіністер.
  • Семей қаласының салынуы.
  • Өскемен қаласының салынуы

Бекініс, қорған, қамал — тұрақты әскері, қару-жарағы бар, қажетті азық-түлік, т.б. нәрселермен қамтамасыз етілген, әскери-стратегиялық тұрғыдан маңызды, жау қоршауында қалған жағдайда ұзақ уақыт қарсыласуға мүмкіндігі мол әскери тұрақ. Ол теңіз (теңіз жағалауы) Бекінісі және құрлықтық Бекініс болып бөлінеді. Теңіз (теңіз жағалауы) Бекінісі әскери флот күштерінің шұғыл әрекет тірегі ретінде қызмет етеді. Мұндай Бекіністер құрамында теңізге, ішкі рейдтерге шығуға оңтайлы бірнеше (жабық) аралдар, сондай-ақ, қорғанысқа, кемелер мен қайықтарды жөндеуге, жабдықтауға қажетті құралдар болады. Теңіз жағалауында Бекіністік құрылыстар жүргізу, қорғану туралы алғашқы жазба деректер Филон Византийский (б.з.б. 3 ғ.), Витрувий (б.з.б. 1 ғ.), Аполлодар (2 ғ.), Вегеция (4 ғасырдың соңы — 5 ғасырдың бас кезі) еңбектерінде кездеседі. Құрлықтық Бекініс алғашында топырақ үйіндісімен, таспен, ағашпен, т.б. материалдармен қоршалған елді мекен түрінде болды.

Патиалы Ресей осылай күллі Ібір-Сібірді жаулап, мұхит аймағымен шектесіп, Охотск гаванының іргесін қалаған соң, қазақ даласына мойын бұрды. 1708 жылы Қазақияның солтүстік өңірін жаулап алу мақсатында Сібір губерниясы құрылды. Орталығы Тобыл қаласы болды. 1713 жылы – Сібір губернаторы, князь Гагарин император Петр Біріншіге Ертістің бойын өрлете бекіністер салу туралы ұсыныс жасады.

Жоғарыдағы ұсынысты патша құп көріп, қыруар қаржы бөлді. Нәтижесінде, 1714 жылы Сібір бекініс белдеуін, 1717 жылы Омбы, Железиинск, Ямышев, 1718 жылы Семей бекінісі тұрғызылды. 1720 жылдары генерал-майор Лихаров Өскемен бекінісін тұрғызды. Осындағы Ертіс бойын жағалай салынған бекіністер негізінде Орынбор белдеуі құрылды. 1731 жылы Ресейге бағынған Кіші жүз қазақтарының жерін осындағы Орынбор белдеуіне тапсырады.

Қазақтардың даласына бекіністерді салу патшаның саясаты болып табылады. Ол қазақ даласын біртіндеп жаулап алуды көздеді. Қазақтарға барынша қысым көрсетіп, құлша бағынышты болғандарын қалады. Сонымен 18-19 ғ бой көтерген бірқатар бекіністер:


1640ж-Гурьев бекінісі
1716ж-Жəміш бекінісі
1716ж-Омбы бекінісі
1717ж-Железинск бекінісі
1718ж-Семей бекінісі
1720ж-Павлодар,Өскемен,Чернагорская ж/е Каряковская бекіністері салынды
1735ж-Ор бекінісі
1743ж-Орынбор бекінісі
1752ж-Петропавл бекінісі
1771-1772ж-Жайық,Кулагин бекіністері
1824ж-Көкшетау,Қарқаралы бекінісі
1826ж-Баянауыл бекінісі
1827ж-Көкпекті бекінісі
1831ж-Аягөз бекінісі
1832ж-Ақмола бекінісі
1834ж-Аманқарағай бекінісі
1845ж-Торғай бекінісі
1846ж-Атбасар бекінісі
1847ж-Қапал,Ақтау,Алатау бекіністері
1853ж-Перовск,Ақмешіт бекіністері
1854ж-Верный бекінісі
1855ж-Лепсі бекінісі
1859ж-Кастек бекінісі
1866ж-Зайсан бекінісі
1869ж-Ақтөбе бекінісі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет