Кадастр мамандығы 2-курс



бет2/3
Дата29.01.2022
өлшемі246,16 Kb.
#115688
1   2   3
Байланысты:
карта13

Картаны проекциялау картаның түпнұсқасын дайындаудағы барлық жұмыстың орындалуына және ұйымдастырылуына қажетті құжаттарды өңдеуден тұрады. Картаның құрастырылуы карта түпнұсқасының графикалық құрылымын мақсат етеді. Проекциялаудың негізгі нәтижесі карта программасы болып табылады. Ол картаның типін және түрін, мақсатын, оның математикалық негізін, мазмұнын, генерализация принциптерін, кескіндеу әдістері мен графикалық таңбалар жүйесін, дереккөздер мен олардың қолданылу ретін, сонымен қатар картаны құрастырудың технологиясын анықтайтын құжат. Техникалық экономикалық есептермен және т.б. толықтырылған программа карта жобасын құрастырады.

Картаны көбейту қажет болмаған жағдайда картаны проекциялау мен құрастыру қажетті жұмыстардың жиынтығын қамтиды.

Картаны құрастыру картография өндірісінде және көптеген арнайы зерттеу және өндірістік қызмет орындарында оларды қайта жасап шығаруды іске асыруды және қажетті мөлшерде түрлерді көбейтуді мақсат етеді. Мысалы, мектеп карталары үшін. Мұндай жағдайда картаның экономикалық және жоғары сапалы түрлермен қамтамасыз ету үшін полиграфикалық өндірістің арнайы талаптарын ескеру керек, алдымен талапқа сай келетін баспа үлгілеріне қол жеткізу. Алғашында жасалған түпнұсқалар бұл талаптарға сай келе бермейді. Сондықтан, қазіргі картографиялық өндірісте картаны құрастыру оны көбейту процесінен полиграфия сұраныстарын қанағаттандыратындай екінші ретті түпнұсқаны жасап шығару орындалатын ерекше кезеңмен ажыратылады. Әдетте, картаны басып шығаруға дайындық деп аталатын бұл кезең полиграфиялық процестерге қажетті қызмет атқаратын бірнеше қосымша жұмыстардан тұрады.

Картаны құрастыру процесі тағы бір кезеңнен тұрады: картаны басып шығару, яғни іске асыру және көбейту. Ол 2 кезеңді құрайды: баспа үлгісін дайындау және картаны шығару. Олардың ерекшеліктері картаның түпнұсқасын құрастыру технологиясына әсер етуі мүмкін, сондықтан оны карта программаларында есептеуге тура келеді.

Заманауи картографиялық өндірісте карталарды құрастыру үлкен еңбек өнімділігін қамтамасыз ететін түрлі білікті мамандар еңбегі, шығындар мен картамен жұмыстың уақытын азайтады. Дегенмен, ғылыми техникалық нұсқаулықта карта шығарумен қоса құрастырудың барлық кезеңдерінде қажеттіліктер туындайды. Бұл өтпелі кезең картаны редакциялау деп аталады.

Тағы бір өтпелі кезең



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет