1960-70 жылдардағы қазақ журналистикасы
Бұл жылдары қазақ журналистикасында қоғамдық-саяси, әдеби-педагогикалық және ғылыми-көпшілік басылымдар жарық көрді. Олардың қатарында «Қазақстан мұғалімі», «Мәдениет және тұрмыс», «Білім және еңбек», «Жалын» және «Арай» журналдары жарық көрді. Бұл басылымдар оқу-ағарту ісін насихаттау және ғылым дамыған сайын көштен қалып қоймау міндеті тұрды. Қазақ баспасөзінің тарихыңда өзіндік орны бар „Қазақстан мектебі" „Жаңа мектеп" аталып, жарыққа шыққан алғашқы сандарынан-ақ бұл басылым бір ғана мақсатқа — қазақ мектебіне, қазқ мұғалімдері мен оқытушыларына жәрдемші болу ісіне қызмет етіп келеді.
Журнал өзінің тұңғыш саныңда жарияланған „Жаңа мектеп" шығару неге керек болды?" деген макаласында қазақ халқы үшін ауыр сын кезең туғаны осындай аласапыран уақытта оқу-білім жұмысы жесірлік күй кешіп, қазак, қауымы сауатсыздык, құрсауында қалу қаупі төнгенін көрсетіп, „бұл күйде қалу жарамайды. Бұл күйде қалуды тарих кешірмейді", - дей отырып одан әрі қазақтың „ыңыранған сары даласын көркейту, гүлденту» мақсатымен республикалық оқу коммисариаты ашылғанын, оның оқу-білім жұмысына, майданына арналған бір журналды шығаруды қолға алганын оқырман қауымға қуана хабарлайды. Қорытындысыңда бұл журнал — „Жаңа мектептің" мақсаты „қысыр пәлсапа соғу емес, қазақ мектебіне араласу, қазақ оқытушыларының күнбе-күндік жұмысына жәрдемші болу", - деп түйеді.
Достарыңызбен бөлісу: |