«Түркістан уалаятының газеті» тарихы
Қазақ баспасөзінің тұңғышы «Түркістан уалаятының газеті» екендігі белгілі. Ол сол кездегі Туркістан генерал-губернаторлығының орталығы Ташкент қаласында 1870 жылдың 28 сәуірінен бастап, орыс тілінде шығатын «Туркестанские ведомости» газетіне қосымша ретінде айына төрт рет (екі саны өзбекше, екі саны қазақша) шығарыла бастады.
Газеттің редакторы — ұлты башқұрт болса да, қазақтың намысын қорғап, сойылын соққан, шығыстың көп тілдерінде еркін сөйлеген, генерал-губернатордың тілмашы болған ізгі ниетті азамат Шахмардан Мирасұлы Ибрагимов еді. Ал, бұл басылымның аудармашысы, әрі әдеби қызметкері болып Хасен Жанышев, Заманбек Шайхы Әлібеков, Жүсіп Қазыбековтер жұмыс істеді.
«Түркістан уалаяты газетінің» ресми және ресми емес деп аталған басты екі бөлімі болды. Ресми бөлімде патша өкіметінің бұйрық-жарлықтары жарияланып, үкімдері түсіндірілсе, ресми емес бөлімде отырықшылық, егіншілік, мал шаруашылығы, сауда, ішкі-сыртқы жағдайлар, әдебиет, мәдениет, білім, ғылым, өнер және әйел теңдігі мәселелері қаралды. Оған кезінде газет беттерінде жарияланған «1731 жылы Қазақстан Россияға өз еркімен қосылды ма?», «Қазақ жеріне жоңғар, қоқан шапқыншылығы», «Орыстардың Орта жүзді жаулап алуы», «Оңтүстік Қазақстанның Россияға бодан болуы» туралы мәселелермен қатар, қазақ даласындағы Кенесары хан, Сырым, Исатай-Махамбет батырлар бастаған азаттық көтерілістердің жазылуы да куә. Оның үстіне тікелей патша жарлығымен қазақтардың ең шұрайлы жерлерінің орыс переселендеріне күшпен тартып алынып беріліп жатуы жөнінде материалдардың жариялануы редакция қызметкерлерінің үстанған бағыт-бағдарларын көрсететін еді. Қазақ тілінде шығатын газеттің 1882 жылы ешбір себепсіз жабылып қалуы да осындай істерге байланысты сияқты.
«Түркістан уалаятының газетінде» жоғарыда айтылған жайлардан басқа мәдеңиет, оқу, білім, әдебиет, тарих пен этнография, археология және тағы да басқа мәселелерге қатысты материалдар, мәселен ауыз әдебиеті үлгілері де жарияланып тұрды. Тұңғыш газет өз оқырмандарына Шоқан, Ыбырай, Абай сияқты біртуар перзеиттерінің өмірі және еңбек жолдарымен алғаш рет болып танысуларына мүмкіндік жасады.
Басылым беттерінен бұдан басқа орыс және еуропа халықтарынын өнері мен мәдениеті, ғылым, білімі жайында да жарияланған матерналдарды табуға болады. Ал, түрлі проблемаларға арналған ғылыми мақалалар, егіншілік, агрономия, ветеринария, зоотехника туралы ақыл-кеңестер өз алдына бір төбе. Мұнда орыс журналистикасының әсерімен заметка, корреспонденция, мақала, фельетон, очерк сияқты баспасөз жанрларының түрлері пайда болды.
Қазақтарға соққы болып тиген ауыр оқиғалардың бірі «Туркістан уалаяты газетінің» бетінде көшпенділердің бір жерден екінші жерге губерния бастығының рұқсатынсыз көше алмайтындығы туралы жарияланған патшаның жарлығы болатын. Бұл сол кезде еркін халықтың қол-аяғын еріксіз кісендеудің ең сорақы түрі еді.
Басылымда осымен қатар, отырықшыландыру проблемасы жиі сөз болды. Оған Жетісу облысындағы Ларионовтың диқаншылық тәжірибесі туралы және Түркістан қаласы маңындағы қазақтардың саудамен, егіншілік кәсібімен айналысатындығы, онда Америка мақтасының сортын егу жөніндегі жарияланған материалдар дәлел бола алады.
ХҮІП ғасырдың соңғы жылдарынан бастап қазақтың жоқтау жырларымен бірге «Қобыланды», «Қозы Көрпеш— Баян сұлу», «Алпамыс» эпостары қағаз бетіне тусе бастады. Бұл мәселеге «Түркістан уалаятының газеті» де айтарлықтай үлес қосқан. Қай елде болмасын, жазба әдебиетінің дамуында баспасөздің рөлі зор болған. Мұның жарқын мысалын «Түркістан уалаятының газеті» беттерінен де аңғарамыз. Онда алдымен түрлі әдеби жанрлар көрініс тапқан. Мысалы, басылымның 1879 жылғы 28-нөміріңде парақор қазақ билерін әжуа еткен сықак, әңгіме жарияланған. Әңгімеде екі бидің өзара келісе алмай жанжалдасқаны күлкілі суреттеледі. Олардың бірі «Сен мырза қожадан алған ділдәға мастанып отырсың десе, екіншісі «Сен жұрттан параны жеп-жеп, аузыңнан шыққан сөзді білмей отырсың» деп, ақырында екеуі төбелесе бастайды.
Келесі «Бір қудың екі байды алдап кеткендігі туралы» деген әңгімеде фельетон элементтері басым. «Түркістан уалаятының газетінде» очерктің портреттік, жолсапар, түрлері де алгаш рет пайда болган. Сондай-ақ онда XIX ғасырдың жетпісінші жылдарындағы Орынбай, Досалыбай, Майлықожа тәрізді атақты ақындардың айтыстары мен өлеңдері және ауыз әдебиеті туындылары жарияланып тұрған.
Басылымда Салық Қарауылұлы Бабажанов жинап бастырған мақал-мәтелдер жұртты ойлантып, толғантып, төзімділік пен ізгілікке, тапқырлыққа баулыды. Осымен қатар редакция қызметкерлерінің тіл мәселесі жөнінен де өзіндік көзқарасы болған. Оны Орынбай ақын шығармаларының тілін мақтап, өзбек, татар, араб сөздерімен шұбарланған кей автор туындыдарын сынаған мақалаларынан аңдаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |