«Ана тілі» газетінің тарихы
Республикалық «Ана тілі» газеті тәуелсіздіктің жылымығы есе бастаған 1990 жылы, Ұлыстың ұлы күні наурыздың 22-сінде жарық көрді.
Бағыты: «Ана тілі» – Мемлекеттік тілдің бірден-бір жоқшысы, үні айбары. Республикадағы тіл тақырыбында шығатын ресми жалғыз басылым.
«Ана тілі» тек Мемлекеттік тіл ғана емес, ұлтқа қатысты кез келген күрмеулі мәселелерді көтеріп келеді. Қазақтың тілі, қазақтың ауылы, қазақ мектебі, балабақшасы, қазақ жастары, қазақ ғылымы, т.б. көптеген тақырыптар басылым беттерінен түсіп көрген емес.
Таралымы: Ұлт мүддесін бірінші орынға қоятын газеттің 90-жылдардағы таралымы 100 мыңнан асып жығылады. Бүгінгі таңда газеттің 26 000-дай оқырманы бар, төрт түрлі түспен, 12 бет А2 форматпен басылуда.
Бас редакторлар туралы: 1990-97 жылдар аралығында басылымның Бас редакторы бедгілі қаламгер Жарылқап Бейсенбайұлы болса, 1997-2006 жылдарда белгілі жазушы, Президент сыйлығының иегері Мереке Құлкенов, 2006 жылдың тамызынан желтоқсан айына дейін ҚР Президенті сыйлығының иегері, саяси ғылымдар кандидаты Жұмабек Кенжалин, 2006 жылдың қараша айынан 2009 жылдың наурызына дейін филология ғылымдарының кандидаты Мақсат Тәж-Мұрат, 2009 жылдың наурызынан 2018 жылдың шілдесіне дейін жазушы-журналист, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Самат Ибраим басқарды. Аталған басылым «Тіл», «Руханият», «Мәдениет», «Әдебиет», «Білім және ғылым», «Тәрбие», «Саясат», «Тәрбие» сынды айдарлары бойынша мақала жариялап тұрады. Сонымен қатар, оқырмандарға түрлі ақпарат жариялап отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |