Кафедра: Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика Пәннің аты


«Қазақ» газеті – ХХ ғасыр басындағы қазақ өмірінің айнасы



бет40/81
Дата06.06.2020
өлшемі0,63 Mb.
#72516
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   81
Байланысты:
қазақ журналистикасының тарихы

«Қазақ» газеті – ХХ ғасыр басындағы қазақ өмірінің айнасы

«Қазақ» — қоғамдық-саяси және әдеби газет. 19ІЗ жылы 2 ақпаннан бастап Орынборда аптасына бір рет, 1915жылы аптасына екі рет шығып тұрған. Тиражы 3000, кейбір мағлұматтарда 8000-ға жеткен. Бірінші редакторы — белгілі ғалым, жазушы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынов, екінші редакторы — қоғам қайраткері, жазушы Міржақып Дулатов, бастырушысы Мұстафа Оразаев, кейін „Азамат" серіктігі болған. Газеттің басылып шығуына алғаш қаржы жинастырып, әрі қалтасынан қаражат шығарған Ахмети-шан Оразаев болған, Ахаң газетке автор ретінде де қатысып „Қызылқұм елінде" деген секілді мақалалар да жариялатып отырған. Хусаинов-Каримов баспаханасында басылып тұрған. Газеттің 1918 жылғы сандарының редакторы Жанұзақ Жәнібеков. Барлығы 265 нөмірі жарық көрді.

Газетте XX ғасырдың басындағы қазақ жұртының саяси-әлеуметтік өмірінің ең түйінді мәселелеріне, шаруашылық жағдайына, жер мәселесіне, басқа елдермен қарым-қатынасына, оқу-ағарту, бала тәрбиесіне, әдебиет пен мәдениет, әдет-ғұрып, салт-санаға, тарих пен шежіреге арналған Ә.Бөкейхановтың, Ш.Құдайбердиевтің, М.Жумабаев пен С. Дөнентаев, Б.Майлин, С.Торайғыров, Ғ.Қарашев, А.Мәметов, Б.Серікбаев, Р.Малабаев, Қ.Қоңыратбаев сынды әдебиетіміздің дамуына үлес қосқан ардақты ағаларымыздың ғылыми шығармалары, әңгіме, өлеңдері басылып, аудармалар туралы сын мақалалар мен қатар Л.Толстойдан, А.Чеховтан, М.Лермонтовтан, В.Короленкодан, И.Крыловтан алғашқы аудармалар жарық көрген.

«Қазақтын» басты бағыты ағартушылық мәселесін қамтыды. Өнер, білім жағынан қалың қазаққа бас-көз болды. Мысалы, "Оқу жайы", „Қазақша оқу жайы" атты мақалалар оқудың мән-жайын, маңызын, әсіресе, „Қазақтың шаруасына, бір жақтан надандықтан кемшілік келгенде, екінші жақтан білімсіздігін көріп тұрғандар басынып, елдігінен, теңдігінен қалдырып, тиісті сыбағасына қиянат істеп тұрғаны санасы бар қазаққа ескерерлік іс еді. Бұл заманда қол жетпегендерді теңдікке жеткізетін, әлсіздерге күш беретін өнер-білім, сол өнер білімге мезгіл өтпей тұрғанда үйренсек, тұрмысымызды түзетіп, басқалардың аяқ астында жаншылмас едік, біз де өз алдымызда бір жұрт екенімізді білдірер едік", — десе, „орысша оқу орыс қолтығында тұрған жұртқа керек, қазақшаа оқы, жаза білген соң, шама келсе орысша да білу керек", — дейді. Газет 1913 жылы жарияланған материалдарында оқудың мән-жайын, маңызын айтып көпке тусіндіруге тырысса, екінші 1914 жылғы „Бастауыш мектеп" (№61), „Мектеп керектері" (№62), „Оқу мезгілі" сияқты мақалаларында мектеп, медресе жайларын анық көрсетіп, мұқтаждарын айтады.

„Қазақ бастауыш мектебі қандай болуы керек?" және „Ол мектептердің қажеті не?" деген сауалдарға қазақтың ұлы ағартушысы А.Байтұрсынов XX ғасырдың басында-ақ: „Правила бойынша, қазақ тілімен, қазақ әрпімен бастап оқыт деп отырған балалардың ата-анасы жоқ, халықтың өз тілімен, өз әрпімен оқығанын әкімдср жақтырмайтын болған соң, учительдер өз беттерімен ана тілімен, ұлт әрпімен бастап оқытамыз деп қоймады. Сөйтіп, правила қағаз жүзінде бар болса да, іс жүзінде жоқ. Бұл айтылғанның бәрі де үкімет өз пайдасын кездегендіктен істеліп тұрған жайлар. Бастауыш мектептер жалгыз үкімет пайдасы үшін болмай, халық пайдасы үшін де боларға керек. Хүкіметке керегі — мемлекеттегі жұрттың бәрі бір тілде, бір дінде» бір жазуда болу, ар халыққа қорегі — өз ділі, тілі, жазуы сақталу. Солай болган соң бастауыш мектеп әуелі миссионерлік пікірден, политикадан алыс болуға керек, ягни, к,азақтың діні, тілі, жазуы сұмдық пікір, суық қолдан тыныш боларға керек" — деп жауап борген болатын.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет