Кафедра: Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика Пәннің аты


Саяси партиялар мен қозғалыстар басылымдары



бет55/81
Дата06.06.2020
өлшемі0,63 Mb.
#72516
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   81
Байланысты:
қазақ журналистикасының тарихы

Саяси партиялар мен қозғалыстар басылымдары

«Алаш» партиясымен бір кезеңде пайда болған «Үш жүз» партиясы жалпықазақ съезінің бұл шешімін мойындағысы келмеді. 1917 жылдың қазан айында Омбыға келген Әлихан Бөкейханмен кездесуде «Үш жүз» партиясының ұйымдастырушылары Мұқан Әйтпенов пен Шаймерден Әлжанов қазақ партиясының атауы «Үш жүз» болсын деген ұсыныс айтты және партия бағдарламасы жөнінде Әлихан Бөкейханмен пікір таластырды.

Мұқан Әйтпенов көп ұзамай, 1917 жылы қарашаның 17-сінде «Қазақ» және «Иаңы уақыт» газеттеріне: «Белгілі кадет Бөкейханов ашқан «Алаш» партиясының программасына қанағаттанбай қазақтар өз алдына «Үш жүз» атты социалист партиясын ашты. Партияның мақсаты – федерацияны жақтау һәм түрік-татар қауымдарын біріктіру, Учредительное собраниеге жеке список кіргізу», – деген жеделхат жолдады.

Омбы қаласында құрылып, Қызылжар, Семей, Ақмола қалаларында бөлімшелері жұмыс істеген «Үш жүз» партиясы туралы көп ұзамай Семейдегі «Сарыарқа» газеті «Алаштың туын ұстаған асқар белдей ерлерімізді... арамзалар қаппақ болып, жынын құсып, уын шашып жүр. Мұндайларға «Үш жүздің» партиясы деген атақ байланып, бар қазақтың ұйытқысы болған «Алаш» партиясының адамдарын арам аузымен былғамақшы болып жүр» деген мақала басты. 

Бұл орайда тарихшы Светлана Смағұлова «алаштықтар» «Үш жүз» партиясының құрылтайға ұсынған тізіміндегі алғашқы алты адамының депутат болуға лайықсыз екенін айтып, «Қазақ» газетіне мақала жариялады» деп жазады.

Қарашаның 28-і күнгі құрылтай сайлауынан жеңілгеннен кейін «Үш жүз» партиясы мен «Алаш» партиясының тартысы одан әрі шиеленісті. 1917 жылдың желтоқсанынан 1918 жылдың мамырына дейін 10 нөмірі шыққан «Үш жүз» газеті «Алаш» партиясының ықпалындағы «Қазақ», «Сарыарқа», «Бірлік туы», «Ұран» газеттерімен айтысқа түсті.

«Қазақ» газеті: «Түрі адамға ұқсағанымен пиғылы айуан сияқты сұмдар «Үш жүз» партиясы деп атақ байланып, бар қазаққа ұйытқы болған «Алаш» партиясының адамдарын арам аузымен былғамақ болып жүр. Төрт аяқты қасқырға у салушы еді, мыналарға деген у мынау: «Үш жүз» партиясы – содырлы, сойқанды, жүзіқаралар партиясы. Бұл – жұртқа келген үлкен дерт. Сөзіне құлақ қоймай, өздерінен аулақ болып, сақтану – алаш балаларының борышы», – деп жазды.

«Үш жүз» газеті де қарап қалмай, 1918 жылы қаңтардың 19-ында «Үш жүз» партиясының бір топ белсенділері қол қойған «Ит жоқта шошқа үреді қораға, ұл жоқта құл жүреді жораға» деген мақала жариялап, Әлихан Бөкейханның ар-намысына тиетін сөздерді аямады.

«Біз «Үш жүздің» артынан жүреміз! Рас, біз «Үш жүз» партиясын кешірек ашып, халықтың көбі білмей қалды. Ұйқыда жатқан бейшара жұртты алдап жүріп, көп доңыздарды өткізерсіңдер. Бірақ ертең жүздеріңді айдай қылып, барған қаражүректеріңді учредительное собраниядан қамшылап қайта қуып, екінші сайлау болғанда халық та екі жақты салыстырып, салмақтап өз көзімен жүрер», – деді «үшжүздіктер». Екі партия арасындағы егес 1918 жылы жазда «Үш жүз» партиясы жойылғанға дейін жалғасты.

«Алаш» пен «Үш жүздің» арасындағы алауыздықты сәтімен пайдаланған  большевиктер Омбыдағы «Революционная мысль» газеті арқылы 17 қарашада «қазақ кедейлерін соңына ерткен» «Үш жүз» партиясын құрылуымен құттықтап, «Үш жүз» партиясын қолдаушылардың хаттарын жариялап отырды.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет