Кафедра: Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика Пәннің аты


А.Байтұрсынұлы публицистикасын зерттеушілер



бет6/81
Дата06.06.2020
өлшемі0,63 Mb.
#72516
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81
Байланысты:
қазақ журналистикасының тарихы

А.Байтұрсынұлы публицистикасын зерттеушілер

А.Байтұрсыновтың лингвистикалық мұрасын оның ішінде публицистикасын арнайы зерттеген мақалалар мен еңбектер бар. Біз Ахмет Байтұрсыновтың бай мұрасын зерттеушлілердің қатарына Сыздықова Р, Мәжитаева Ш, Ерназарова Г.қоса аламыз. Алайда соның ішінде Байтұрсынов публицистикасының өзгешеліктеріне тоқталып оның шығармашылығындағы ерекшеліктерді Бауыржан Жақып «Публицистикалық шығармашылық негіздері» кітабында ерекше атап өтеді. Автордың айтуынша Байтұрсынов публицистикасының басты ерекшелігі Ахаң қоғам өміріндегі түземеске болмайтын, тезге салмаса кеш болатын аса маңызды мәселелерге қалам тербейді. Бұл оның «Қарқаралы петициясын» дайындағанда-ақ көрінген қыры. Қазақтың жер мәселесі болсын, билік тақырыбы болсын заманында ушығып тұрған жайлар еді. Ахмет Байтұрсынов публицистикасының тағы бір ерекшелігі – қаламгер не тақырыпты қозғаса да алдымен оқиғаның мәнісін жұртқа тәптіштеп түсіндіріп алады. Сонан кейін сол мәселені оңдаудың, жөнге салудың шешудің дұрыс жолдарын өзі көрсетіп береді. ХХ ғасыр басындағы Ахаң араласқан ірі мәселенің бірі әліпби емле мәселесі болатын. Өзі білікті тілші әрі ағартушы публицист ретінде Байтұрсынов бұл істің де басында тұрды.

Қазақ үшін отқа түскен Байтұрсыновтың тарихтағы орнын айқын көрсетіп бергендердің бірі Сәкен Сейфуллин. Ол өзінің «А. Байтұрсынов 50 ге толды» деген мақаласында: «Ахмет Байтұрсынұлы қарапайым кісі емес, оқыған кісі. Оқығандардың арасынан шыққан. Өз заманында патша, арамқулықты атарман шабармандарының қорлығына, мазағына түскен халықтың намысын жыртып, даусын шығарған кісі. Өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде, қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп, ұйқы басқан қазақтың ұлт намысын жыртып, ұлттың арын жоқтаған патша заманында жалғыз – ақ Ахмет еді. Қазақтың ол уақыттағы кейбір оқығандары уезд, губернатор, соттардың күшін сатып тілмаш болып кейбір оқығандары арларын сатып, ұлықтық істеп жүргенде Ахмет қазақ ұлтына жанын аямай қызметтерін қылды. Қалай болса да жазушысы аз ғана әдебиеті нашар қазақ жарлыларына оқу һәм тіл құралдарымен қылған қызметі таудай» - деп Ахаңның ел алдындағы қызметін түгел шолады.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет