Кафедра Философия


Бекітуге арналған сұрақтар



бет6/22
Дата01.04.2017
өлшемі3,41 Mb.
#13081
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

Бекітуге арналған сұрақтар:

  1. Философиядағы антропоцентристік бағыт.

  2. Философиядағы пантеизм.

  3. Адамға бетбұрыс және философияны дамытудағы жаңашылдық.


6 тақырып. Жаңа дәуiр философиясы.

1.Жаңа заман философиячының ерекшеліктері

2.Жаңа заман философтарының негізгі ілімдері

3.ХVIII ғасырдағы Ағарту философиясы


ХУII ғ бастап Батыс Еуропа топырағында капиталистiк қатынастар қарқынды дами бастайды. Жалпы алғанда, қоғамның әлеуметтiк-экономикалық, саяси ақуалы, қоғам мен табиғатты танып-бiлу қажеттiктерi философия саласында онтологиялық (болмыстық) мәселелерден гөрi ғылымды дамыту қажеттiктерi жаңа ұйымдардың, мекемелердiң пайда болуына себеп болады.

Бұл уақыттаы жаратылыстану саласында алға озып шыққан механика ғылымы болды. Оның негiзгi себебi - өндiргiш күштердi дамыту, жаңа машиналар мен неше-түрлi механизмдердi жасау қажеттiктерi болатын. Әрине, жаратылыстану саласындағы мұндай күрделi өзгерiстер философия саласына зор әсерiн тигiзiп материализм ағымының механистiк түрiн тудырды.

Ал жаратылыс тану ғылымдарының өзiне келер болсақ, онда бiр-бiрiне қарсы тұрған екi әдiстемелер (методтар) кеңiнен қолданыла басталды. Ол - бiр жағынан алғанда, табиғат құбылыстарын тәжiрибелiк жолмен байқап зерттеу, екiншi жағынан, Дүниенi математикалық-абстрактылық жолмен сараптау.

Ағылшын философы Френсис Бэкон (1561-1626ж.ж.) сол кездегi ақсүйектер тобынан шыққан, Кембридж университетiнде бiлiм алып, соңынан саясатпен, дипломатикалық жұмыспен айналысқан тұлға. Ф.Бэконның қол астынан шыққан еңбектерiнiң iшiнде “Ғылымдардың қадырлығы мен көбейуi жөнiнде², “Жаңа Органон²,Жаңа Атлантида² деген еңбектерiн атап өтуге болады.

Ф.Бэконның шығармаларының ерекшелiктерi - ол бiлiмнiң өмiрге деген қажеттiлiктен пайда болатындығын асыра көрсетуi. Ол әсiресе, табиғатты зерттеудiң қажеттiгiне көп көңiл бөледi, ал оның негiзгi жолы - тәжiрибелiк зерттеулер. “Не iс-әрекетте пайдалы болса, ғылымда да ақиқатты², ғылымның жетiстiктерi мен жемiстерi - оның ақиқаттығының көрiнiсi,- дейдi ұлы ойшыл.

Ф.Бэконның ойынша, ғылым салаларында ғасырлар бойы қалыптасып, адамның дүние тануына кеселiн тигiзетiн нәрселер бар. Ең алдымен оларды сыртқа шығарып әшкерлеу қажет. Сонда ғана жаңа әдiстемелерге жол ашылып, зерттеулердiң тиiмдiлiгi артады. Сол ғылымдағы кедергiлердi Ф.Бэкон “идолдар², ия болмаса “елестер² дейдi. Олар - төртеу.

Бiрiншi елес - тектiк идолдар (idola tribus).

Екiншi елес - ол үңгiр идолы (idola specus ).

Үшiншi - алаң, ия болмаса базар елестерi (idola fori ).

Төртiншi, соңғы елес - ол театрлар идолы (idola theatri ).

Жекеден жалпылыққа өрлеудi - индуктивтi әдiстеменi - алғаш рет Ф.Бэкон дүниеге келтiрдi десек, онда ол шындыққа лайықты болмас едi. Өз заманында ұлы Аристотель жалқыдан жалпыға көшу әдiстемесiн жасаған болатын. Орта ғасырларда да бұл әдiстеме мүлде ұмыт болған жоқ-ты.

Ф.Бэконның бұл әдiстемеге енгiзген негiзгi жаңалығы - тек қана белгiлi бiр ұғымды дәлелдейтiн деректердi ғана емес, сонымен қатар оған қайшы келетiндердi де зерттеу, олардың себебiн табу болды.

Жалқыдан жалпыға жету жолында үш таблица жасау керек. Олар - tabula presentiae,- деректердiң болу таблицасы, екiншi - tabula absentiae,-деректердiң болмаған таблицасы, үшiншi - tabula graduum,- деректердiң азды-көптi болуының деңгейiн көрсететiн таблица . Зерттеу жолында бұл таблицалар толтырылғаннан кейiн соларды салыстыру арқылы белгiлi бiр ұғымдарды тудыруға мүмкiндiк пайда болады.

Сонымен, Ф.Бэкон жаңа дәуiрдегi қалыптасып жатқан тәжiрибелiк ғылымның дамуына зор әсерiн тигiзген ұлы тұлға.

Француз философы Рене де Карт (1596-1650ж.ж.) - Жаңа дәуiр философиясына өз үлесiн қосып негiзiн қалаған iрi тұлға. Уақытында өз заманының жақсы оқу орындарында оқып бiлiм алған. Егер бiз оны Ф. Бэконмен салыстырсақ, ол бүкіл өмiрiн ғылым жолына арнаған тұлға.

Ұлы математик, механик, физиологияның негiзiн жасаушы, психолог, - Декарт Аристотельден кейiнгi жан-жақты дамыған, философияны жеке ғылымдардың нәтижелерiмен ұштастыра бiлген бiрде-бiр ойшыл болды. Негiзгi еңбектерi “Диоптрика²- күн сәулесiн зерттеуге арналған, “Метеорлар²- метеорологиялық мәселелерге арналған, “Геометрия², “Философияның бастаулары², “Әдiстемелер жөнiндегi ойлар²т с.с.

Егер Ф.Бэкон сезiмдiк, тәжiрибелiк бiлiмдi арқа тұтып ғылымдағы негiзгi әдiстеменi индукциядан көрсе, Р.Декарт, керiсiнше, сезiмдiк бiлiмнiң құндылығын терiске шығарып, дедуктивтi методты негiзгi тану жолына айналдырды. Дедуктивтi әдiстеменiң негiзгi талаптары - ол, бiрiншiден, туа бiткен интуиция арқылы ақиқатқа тек өте анық шынайы ой елегiнен көрiнiп тұрғанды ғана алу ; зерттелетiн мәселенi ой өрiсi арқылы барынша ұсақ, тұрпайы бөлшектерге бөлу, содан кейiн ғана жоғарыға қарай күрделiкке өрлеу;

Негiзiнен алғанда, Р.Декарттың әдiстемесi - ол интеллектуалдық интуиция арқылы алынған негiзгi ұғымдарға сүйене отырып басқа ұғымдарды, тұжырымдарды тудыру. Егер интуицияда ақиқат тiкелей ашық берiлсе, онда дедукцияның дәнекерлiгi арқылы ақиқатқа күрделi жол арқылы жетуге болады. Осы күрделi жолда бiр ұғым байқалмай түсiп қалса, онда нәтижеге жету мүмкiн болмай қалады. Сондықтан, бүкiл дедукция жолын ұқыпты есептеп бақылап отыру қажет. Дедуктивтi әдiстеме арқылы әр-түрлi нәтижелерге жетуге болады. Сондықтан, Р.Декарт оны жасанды тәжiрибе қойып (эксперимент) тексерiп отыру қажет деген пiкiр айтады.


Томас Гоббс (1588-1679ж.ж.) - ағылшын философы, Оксфорд университетiнде оқып бiлiм алған. Негiзгi еңбектерi “Азамат жөнiнде², “Левиафан, я Материя, шiркеу мен азаматтық мемлекеттiң билiгi мен бiтiмi²т. с.с.

Жаңа дәуiрдегi алғашқы философтармен салыстырғанда Т.Гоббс философия пәнiн ақыл-ой арқылы дүние танумен теңеп, оның шеңберiнен үзiлдi-кесiлдi теологияны шығарып тастады. Сонымен қатар, ол дiндi, Құдайға сенудi қарапайым халыққа керек нәрсе деп есептедi, әсiресе, ол оның моральдық жетiлуiнiң тiрегiн құрайды. Т.Гоббстың онтологиялық көзқарастарына келер болсақ, ол Дүниенi бүкiл өмiрде болып жатқан барлық денелердiң жиынтығы ретiнде қарайды. Олардан басқа ешнәрсе жоқ. Гоббстың ойынша, нақтылы өмiр сүрiп жатқан дененiң өзi сол субстанция. Ал дененiң созылуы мен бiтiмi оның негiзгi қасиеттерiне (акциденцияларына) жатады. Қозғалыс пен тұрақтылықты алар болсақ, олар, әрине, көп денелердiң қасиеттерi, бiрақ, қозғалмайтын денелер де болуы мүмкiн. Ал заттардың иiсi,түсi,дыбысын алар болсақ, бұл қасиеттер пайда болып келесi сәтте-ақ жоғалып жатады. Олар көбiне заттардан гөрi соларды қабылдайтын адамдардың түйсiгiне байланысты.



Т.Гоббстың гносеологиясы (таным iлiмi) тәжiрибелiк тұжырымынан шығады. “Алғашында түйсiкте толығынан, я болмаса жартылай болмаған, ұғымда да жоқ² деген сенсуализм қағидасын Т.Гоббс толығынан мойындайды. . “Адамның ақыл-ойының сәулесi - ол көпмағналықтан тазартылған, нақтылы анықтамасы бар сөздер²,- дейдi ұлы ойшыл.

Т.Гоббс “Ойлаймын, олай болса, өмiр сүремiн²,- деген Р.Декарттың принципiн өзiнiң танымдық iлiмiнiң тұрғысынан қатты сынға алады. “Мен ойлаймын, олай болса, өмiр сүремiн² деген қағида бiздi ойлана алатын дене бар екенiн мойындауға әкеледi. Ал Р.Декарттың ойлайтын адам ойлауға тең деген пiкiрiн “серуендеп жүрген адам серуен деген тұжырымға тең²,- деп материалистiк тұрғыдан қатты соққыға жығады.

Т.Гоббс таным әдiстемелерi жөнiнде де ерекше пiкiр айтады. Индуктивтi және дедуктивтi әдiстемелердi бiр-бiрiне қарсы қоймай, олардың екеуiн де ғылыми зерттеулерде кең түрде қолдану қажет. Бiрақ, индуктивтi метод табиғатты зерттегенде басымырақ қолданса, математика саласында және этика мен саясатты зерттегенде дедуктивтi әдiстеме басым болуы қажет деген пiкiр айтады.

Р.Декарттың “Адам-машина² деген көзқарасын әрi қарай жалғастырып, Т.Гоббс адам да дене ретiнде күрделi механизм дедi. Өмiр- бөлшектердiң әр-түрлi қозғалыстары², “жүрек -пружина, жүйке-жiптер, адамның аяқ-қолдары- машинаның дөңгелектерi сияқты бүкiл денеге қозғалыс бередi² т.с.с. Егер Р.Декарт адамның денелiк емес жан-дүниесiн мойындаса, Т.Гоббс психиканың өзiн механистiк тұрғыдан түсiндiргiсi келдi.



Барух Спиноза (1632-1677ж.ж.) Амстердам қаласында еврей жанұясында дуниеге келедi. Ең алдымен ол дiни училищеде оқиды, бiрақ оны әкесi саудаға тартып, ол оқу орнын бiтiре алмай қалады. Сондықтан, ол өз бiлiмiн дербес өзiндiк дайындық арқылы толтырады. 1656 ж. Библияны сынағаны үшiн оны жергiлiктi еврей қауымы өз қатарынын шығарып, оған лағнат атады. Сондықтан, ол жеке басын асырау үшiн өмiр бойы көзiлдiрiк шыныларын өңдеп өте ауыр жағдайда өмiр сүредi. 45 жасқа келгенде өкпе ауруына шалдығып өмiрден ерте кетедi.Негiзгi еңбектерi “Ақыл-ойды жетiлдiру жөнiндегi трактат², ²Этика², “Саяси трактат² т.с.с.

Спиноза болмыстың ең соңғы себебi Құдайда деп есептейдi. “Құдай... барлық заттардың бiрiншi себебi және өз-өзiнiң себебi, өз-өзi арқылы танылады². Ол Құдайдың болмысын дәлелдеу үшiн онтологиялық дәлелдемелер келтiредi

Табиғатпен теңелген Құдай сонымен қатар субстанция ретiнде қаралады. Егер Р.Декарт Дүниенiң негiзiнде екi бiр-бiрiне тәуелсiз субстанция жатыр, ал олардың үстiндегi Құдай екеуiн бiр-бiрiмен үйлестiредi деген болса, Б.Спиноза Құдай мен субстанцияны бiр-бiрiмен қосып, оларды табиғатпен теңейдi.

Таным мәселелерiне келгенде бiз Б.Спинозаны рационализм бағытына жатқызамыз. Ол әрқашанда сезiмдiк танымды ой елегiнен өткiзген бiлiмнен айыру керек екендiгiн басым айтқан. Сезiмдiк таным әрқашанда бұлдыр, көмескi. Тек ақыл-ой ғана айқын бiлiм бередi. Ғылымдардың iшiндегi ең айқыны - математика.

Iзгiлiк пен залымдық, жақсылық пен жамандық Б.Спинозаның ойынша нақтылы қалыптасқан әлеуметтiк ақуалдан шығатын нәрселер. Оған Құдайдың ешқандай қатысы жоқ. Iзгiлiк, жақсылық дегенiмiз - ол адамға пайда әкелетiн, ләззатқа жетелейтiн нәрселер, ал залымдық, жамандық дегенiмiз -ол адамға, оның өмiрiне, алдына қойған мақсат-мұраттарға нұқсан келтiретiн, зардаптық сезiм тудыратынның бәрi. Моральдық саланың ең терең себептерi адамның “өзiн-өзi сақтау² заңында жатыр. Әрбiр адамның өз мүдделерi бар, сол үшiн олар бiр-бiрiмен күреседi.

Готфрид Вильгельм Лейбниц (1646-1716) - ХУII ғасырдағы немiс рухы туғызған терең де жан-жақты дамыған ғалым - философ. Екiншi жағынан ол - математик, физик, саясаткер, тарихшы, құқтануушы. Лейпциг университетiн бiтiрген. Онда ол құқтанумен қатар логика және математика пәндерiмен айналысқан. Университеттi бiтiргеннен кейiн екi ғылым саласынан докторлық диссертация қорғайды (логика мен құқтанудан). Аз уақыт дипломатикалық қызметте Париж қаласында болып, Германияға қайтып келгеннен кейiн өмiрiнiң аяғына дейiн ғылыми жұмыстармен айналысқан.

Негiзгi еңбектерi “Адам зердесi жөнiндегi жаңа тәжiрибелер², “Теодицея², “Монадология² т.с.с.

Онтологиялық мәселелер

Лейбниц алдында өткен философтардың (Декарт, Спиноза) болмыс жөнiндегi iлiмдерi оны қанағаттындырмайды. Расында да, Декарттың екi бiр-бiрiне тәуелсiз субстанциялары дүниенi қаққа бөлiп, олардың бiрегейлiгiн дәлелдеу ұшiн ол Құдай идеясын еңгiзуге мәжбүр болды. Ал Спинозаға келсек, ол бiр ғана субстанцияны мойындағанымен, оның екi атрибуты - созылу мен ойлау - бұрынғысынша бiр-бiрiнен тәуелсiз болып қала бердi. Бұл екi ұлы философтар дүниенiң шексiз әр-түрлiлiгiн өздерiнiң онтологиясында дұрыс түсiндiре алмады.

Олай болса, Лейбництiң қойған негiзгi мақсаты - түбi бiр, сонымен қатар шексiз әр-түрлi субстанцияларды табу қажеттiгiнде болды.

Лейбництiң ойынша, жаңғыз ғана субстанциядан қайталанбайтын шексiз әр-түрлi заттар пайда болуы мүмкiн емес, сондықтан сапалы көптүрлiк субстанция ұғымын мойындау қажет. Болмыстың терең табиғатының өзi көпсапалықтан тұруы керек. Сондықтан дүниедегi субстанциялардың саны шексiз және сапа жағынан әр-түрлi. Бiрақ, олар бытыраған (хаос) емес, белгiлi бiр тәртiпке келiп жүйеленген.

Мұндай ой-өрiсi Лейбництi дүниенiң негiзiнде жатқан өте ұсақ, өз-өзiне жеткiлiктi, iштей неше-түрлi күштерге толы монадаларды (monos,- грек сөзi,-бiр) мойындауға әкелдi. Монадалар негiзiнен алғанда физикалық ұсақ бөлшектер емес, онда ол Демокриттiң атомына ұқсас болар едi. Олар кеңiстiкте ешқандай орын алмайды, оның заттық өлшемi жоқ. Монадалар - рухани-жандық, органикалық - сапалы нүктелер, әрбiреуi тек өзiне тән даму сатысында. Өзiне ғана тән ерекшелiктерi бар, бiр-бiрiн қайталамайтын тұлғалар сияқты, монадалар да әр-түрлi. Олардың бiр-бiрiне ұқсастығы - тек қана олардың бөлiнбейтiндiгi мен мәңгiлiгiнде.

Джон Локк (1632-1704 ж.ж.) - ХУ11 ғ философия ғылымына зор әсерiн тигiзген ұлы ағылшын ғалымы. Оксфорд университетiнде оқып бiлiм алған. Алғашында медицина ғылымымен айналысып, соңында саясатқа бетбұрыс жасаған. Өмiрiнiң соңғы кезеңiнде философияға көп көңiл бөлген тұлға.

Негiзгi еңбектерi “Адамның зердесi жөнiндегi тәжiрибелер², “Мемлекеттi басқару жөнiндегi екi трактат², “Тәрбие жөнiндегi кейбiр ойлар² т.с.с.

Өзiнiң Дүниеге деген жалпы көзқарасында Дж.. Локк тәжiрибе арқылы зерттелетiн заттарды эмпириалық субстанция дейдi. Сонымен қатар, ол философиялық субстанция деген ұғымды тудырады - оған ол барлық материалды заттарды жатқызады.

Материя - орасан зор өлi кесек, ол өзiнiң күшiмен ең ақыр аяғы қозғалысты да тудыра алмайды. Өлi материя оның сыртында тiршiлiктен де соншалықты алыс.

Онда дүниедегi қозғалысты, тiршiлiк әлемiн кiм тудырды деген заңды сұрақ пайда болады. Өз заманындағы көп ойшылдар сияқты Дж. Локк бұл арада Құдай идеясына қайтып оралады. Осы жоғарыдағы көрсетiлген қозғалыс пен тiршiлiк - Құдайдың құдiреттi күшi арқылы пайда болды. Бiрiншi, мәңгiлiктi ойлайтын пәнде жаратылған өлi материяның кейбiреулерiне белгiлi бiр дәрежедегi сезiм, қабылдау және ойлау қасиеттерiн беру мүмкiндiгiнен ешқандай қайшылықты көрiп тұрған жоқпын,- дейдi ұлы ойшыл. Сонымен, Құдай жаратқан Дүние әрi қарай өз заңдылықтарының негiзiнде дамиды.

Өзiнiң таным теориясында Дж. Локк сезiмдiк танымды (сенсуализм) бiлiмнiң қайнар көзiне жатқызады. Сондықтан, ол “адаммен туа бiткен идеялар² жөнiндегi ағымдарды сынға алады. “Егер бiз қандай да болмасын бiлiмнiң пайда болған жолын көрсетсек, онда бiз оның туа бiтпегенiн дәлелдеймiз²,- дейдi Дж. Локк. “Туа бiткен бiлiмдi² сынау жолында ол балауса психологиясын, тарихи артта қалып қойған қоғамдардағы адамдардың психологиясындағы ерекшелiктерге өз назарын аударады.

Сонымен, егер адамның жан-дүниесiнде ешқандай туа бiткен идеялар болмағаннан кейiн оны “таза тақта² (tabula rasa) ретiнде қарауға болады. Адам өмiрге келiп тәжiрибе жыйнап сол “таза тақтаға² жазады. Мұндай сырттан алынатын тәжiрибенi Дж. Локк сезiмдiк тәжiрибе (sensation) дейдi.

Сонымен, Дж. Локктың ойынша, танымның негiзiнде түйсiктер мен ойлау қабiлетi жатыр. Ең алғашында олар Дүние жөнiндегi тұрпайы идеяларды тудырады. Бұл жерде бiз Дж.Локктың “идея² ұғымына жаңа мазмұн бергенiн байқаймыз. Егер Платоннан бастап, Орта ғасырдағы схоластикада, Декартта идея ұғымына онтологиялық, яғни болмыстық дәреже берiлген болса,- олар дербес өмiр сүредi деп есептесе, Дж. Локк оларды тек Дүниенiң кейбiр жақтарын бейнелейтiн ұғым, түйсiк, тiптi қиял ретiнде түсiнедi.

Сыртқы және iшкi тәжiрибенi бiр-бiрiнен айырып қарағаннан кейiн Дж. Локк идеялардың бiрiншi және екiншi сапасының бар екенiн мойындайды.

Адам - бақытты өмiрге ұмтылатын пәнде. Iзгiлiк, жақсылық дегенiмiздiң бәрi - адамды рахатқа, қуанышты сезiмге әкелетiн нәрселер. Жамандық пен залымдық дегенiмiз - ол адамға зардап, қайғы, өкiнiш әкелетiннiң бәрi. Адам бақытты болу үшiн ең алдымен оның материалдық мүдделерi iске асуы қажет.

Т.Гоббс сияқты Дж. Локк та қоғамның табиғи және азаматтық ақуалы жөнiнде айтады.

Табиғи жағдайда адамдар ерiктi, тең, бiр-бiрiнен тәуелсiз өмiр сүредi. Табиғи ақуалдағы адамдардың өзiн-өзi сақтау жолында еңбек етiп, белгiлi бiр байлықтардың қайнар көзiн ашатындығын Дж. Локк басым айтады. Сонымен, ол меншiк мәселесiн табиғи жағдайдағы адаммен өзара бiрiктiрiп, оны қоғамның мәңгiлiк мәселесi ретiнде қарайды.

Құдай адамға бүкiл өлi және тiрi табиғатты бергенмен, олар өзiнiң ең пайдалылығын жеке меншiлiкке айналғанда ғана көрсете алады. Ал меншiктiң өзi әуеден түспейдi, оған тек қана еңбектiң негiзiнде жетуге болады. Еңбек пен меншiк қоғамның, бүкiл мәдениеттiң негiзiн құрайды. Бiр акр өңделеген жер сол көлемдi өңделмеген жермен салыстырғанда 10 есе қымбат, өйткенi, өңделген жерге адамның еңбегi сiнген. Еңбек қайсыбiр құндылықтың, бағаның қайнар көзi.

Мемлекет мәселесiне келер болсақ, оның пайда болуы қоғамдық шартқа байланысты. Мемлекет пен бiрге азаматтық ақуал пайда болады. Табиғи ақуалдан азаматтыққа өткенде адамдардың ерiктiгi мен қолындағы меншiгi сақталуы қажет.

Мемлекеттiң негiзгi мақсаты - азаматтардың меншiгiн қорғау. Мемлекет түнгi қарауылшыға ұқсауы қажет. Күндiз азаматтар өздерiнiң меншiгiн өз ерiктерiмен пайдалануы керек. Тек мемлекет олардың iс-әрекеттерiнiң заңға сәйкестiгiн қадағалап отыруы қажет.

Дж.Локк алғашқылардың бiрi болып өзiнiң саяси философиясында үкiмет билiгiнiң бөлiнуiнiң қажеттiлiгiн көрсеттi. Заң билiгi - парламентте, атқару билiгi - сот пен армияда, федеративтiк билiк (басқа мемлекеттермен қарым-қатынас орнату ) король мен үкiметтiң қолында болуы қажет.

Дж. Локк өз заманының ойшылы ретiнде дiннiң мемлекеттен бөлiнуiн, бiр-бiрiнiң iстерiне өзара қол сұқпау керектiгiн басым көрсетедi. Адамдар басқалардың да дiнiн сыйлауы қажет - бұл салада үлкен төзiмшiлдiк керек, өйткенi қайсыбiр қоғам дiни-рухани тiрексiз өмiр сүре алмайды.

Мiне, осымен ХУII ғасырда өмiр сүрген ең ұлы философтардың Дүниеге деген көзқарастарын осымен аяқтап, келесi сөздi ХУIII ғасырға беремiз.


7 Дәріс тақырыбы: XIX ғ. мәдениетіндегі батысеуропалық философия.

Дәріс жоспары:

1. Канттың философиясы.

2. Гегельдің философиялық жүйесі.

3. Фейербахтың антропологиялық философиясы.

Ғылым мен мәдениеттің, әдебиет пен өнердің жоғары қарқында Германия еліндегі капиталистік қарым-қатынастың кеңінен дамуымен де байланысты.

Классикалық неміс философиясы бүкіл философия тарихындағы өзіне дейінгі мұраға сын көзбен қарап, философияның рухани дамуының байлығын бойына сіңіріп, алдыңғы қатарлы мәдениет пен ғылымға сүйене отырып, сол кездегі қоғамдық дамуды терең талдай отырып, жаңа диалектикалық әдістің, таным теориясының, логикалық шығуының қайнар көзі болды. Оның ірі өкілдері: И.Кант, И.Фихте, Ф.Шеллинг, И. В. Ф. Гегель, Л.Фейербах болды.

И.Кант (1724-1804) жаңа замандық парадигма желісін, эпистемологиялық проблематика бағдарын онан әрі жалғастырды. Эпистемология ретінде философияны негіздеу идеясын жалғастыра отырып, И.Кант өзінің трансценденталдық философиясы көмегімен эмпиризмнен, рационализм мен скептицизмнен асып өтуге тырысады.

Рационализм мен эмпиризмді синтездеуге тырысып Кант танымдағы субъектінің белсенділігін мойындады. Бұл белсенділік қабілет субъекттің обектіге әсерінен көрінеді. Және объект нәтижесі емес, бұл объект парасат пен ақылдың белсенді әрекеті нәтижесінде өзгеріп көрінеді. Канттың түйіндеуінше, кез-келген таным субъектпен сипатталады, яғни барлық таным оның ұйымдастырған тәжірибесінен басталады. Субъект объектке салған барлық әсердің формасы бар. Объект туралы тәжірибелік білімді біз сезімдік әсерлерді ұғымдық өңдеу нәтижесінде аламыз. Бұл формалар қатарына кеңістік, уақыт, себептілік жатады, өйткені олар таным мүмкіндігін қамтамасыз ететін алғышарттар болып табылады.

Кеңістік, уақыт, себептілік тәжірибеге дейін берілген, яғни априорлы. Оларды меңгеру жаратылыстану ғылымдарының танымдық шарттарына философиялық рефлексия жасау арқылы ғана мүмкін болады. Канттың пікірінше, барлық сезімдік әсерлер сыртқы нақтылықтан туындайды. Адамның танымдық әрекет аумағына енген сыртқы нақтылық объект деп аталады, ал танымдық қабілеттің тікелей бағытталған нәрсесін Кант зат деп атайды. Біз өзіміздің танымдық әрекетіміз аумағына енген нәрселерді ғана тани аламыз. Ал біздің танымдық қабілетімізден тыс жатқан нәрселер танылмайды және оларды Кант «өзіндік зат» деп атайды.

Кант танымның мынадай типтерін айқындайды: аналитикалық таным, синтетикалық таным, синтетикалық априорлы таным. Синтетикалық априорлы дегенді Кант тәжірибеге бағынбайтын таным деп түсіндіреді. Синтетикалық апостериори тәжірибеге бағынышты таным. Ал аналитикалық априорлы деп ұғымдар арасындағы байланыстарды талдау нәтижесінде пайда болатын таным типін атайды. Синтетикалық априорлы танымға мынадай математикалық пайымдау мысал бола алады: «түзу сызық екі нүкте арасындағы ең қысқа қашықтық болып табылады». Канттың пікірінше математика мен жаратылыстану негізделген ғылымдар болып табылады, ал олардың пікірлері жалпы мәнді және қасиетті сипат алады. Бұл ғылымдардағы зерттелетін элементтерді белгілі тәртіпке келтіру үшін қолданылатын формалар барлық субъектке тән. Демек, Канттың пікірінше математика мен жаратылыстану берік негізге сүйенеді.

Кант Юмнің скептицизмін теріске шығарып, оның тұжырымдары кемшіліктерін айқындайды, сонымен қатар рационалдық интуицияға негізделген рационалистік догматизмді де теріске шығарады. Канттың пікірінше, рационалдық догматизмнің берік негізі жоқ, себебі рационалдық интуиция тек жалған меңгеру ғана болып табылады. Осы сәттен бастап Кант танымды зерттей бастайды. Ол дәстүрді рационализмді жалған ғылым деп есептейді, өйткені біз рефлексияны тек тәжірибе жағдайында ғана, оның шеңберінен шықпай ғана іске асыра аламыз. Ал рационалистер рационалдық интуицияның көмегімен сезімдік тәжірибе шекарасынан шығып кетеді, яғни трансценденттікке иек артады. Бірақ адам «трансценденттік» туралы біле алмайды, өйткені ол таным шарттарынан асып кетеді.

Өзінің көзқарасын негіздей отырып, Кант екі дәлел келтіреді: 1. Біз тәжірибе мүмкіндігіміз шекарасынан тыс жатқан нәрселерді сезіммен қабылдай аламмаймыз. Сондықтан трансценденттік біздің танымымыз шекарасынан тыс орналасқан және ол таныла алмайды. 2. Рационалистер өз түйіндерін дәлелдеу барысында «растайтын» және «терістейтін» дәйектер келтіреді. Мұның екеуі де салмақты болғандықтан берілген жағдайды бірдей дәлелдейді де, теріске де шығарады. Мұндай «растайтын» және «терістейтін» дәйектеме бірдей мөлшерде дәлелденіп және теріске шығарылатын болғандықтан адамды априорлы теориялық тығырыққа әкеліп тірейді. Кант мұны антиномия деп атайды. Антиномиялар біздің трансценденттік туралы ешнәрсе біле алмайтындығымызды көрсетеді. Сонымен, таным үрдісінде метафизикалық сұрақтар үнемі туындап отырады, алайда оларға толық жауапты біз бере алмаймыз деп санайды Кант.

И.Кант өзіне дейінгі ойшылдардың эмпиризм мен рационализм саласындағы сынаржақтылығын ашып көрсетіп, адамның философиялық талдауы ойлауға, идеяға, ақыл-зердеге, субъектіге бағытталуы тиіс деді. Оның шығармашылығының «сынға дейінгі» және «сыншыл» кезеңдері философиялық даналыққа толы.

Гегель (1770-1831) Кант пен Фихтенің ерекше дара идеяларын шығармашылық тұрғыда танытуға тырысты, сонымен қатар өз құқығында ақыл-ойды негіз демекші болды, яғни Жаңа заман философтарының шығармашылық жетістіктерін жалғастырады. Егер Кант трансцендентальды алғышарттарды – қабылдаудың екі формасын, яғни кеңістік пен уақытты, он екі категорияны және априорлы суъект пен берілген себептілік принципін аштым және негіздедім деп ойласа, Гегель өз ілімін жаңа негіздерден алып шығады. Кантпен салыстырғанда Гегель трансцендентальды алғышарттарды тарих құрастырады деп санады, өйткені ол Абсолюттік идея дамудың интерсубъективті үрдісі болып табылады. Абсолюттік идеяның өзіндік дамуын Гегель өзінің «Рух феноменологиясы» (1807) түсіндіреді. Ол бойынша бұл үрдіс екі деңгейде көрінеді: индивидтің санасы деңгейінде және тарих деңгейінде. Гегель әр түрлі формалар арқылы өзіндік санаға қарай бағытталған сананың салтанатты шеруін көрсетеді. Абсолюттік идеяның өзіндік дамуының бүкіл осы күрделі драмалық жолын қалыптасуы мен даму үрдісі ретінде қарастыруға болады және оның барысында индивидтің көзқарасы, санасы, тәжірибесі өзгеріп, болмысының «негіздері шайқалады». Сананың өзгерісі үрдісінде Гегель гносеологиялық теориялар мазмұнын, олардың шектеулілігін анықтай отырып, сыни тұрғыда қарастырады. Сонымен қатар ол танымның әр түрлі формалары арасындағы өткелдерді сипаттай отырып, танымды қалай пайда болғаны тұрғысынан баяндайды. Сананың пайда болу жолын анықтай отырып, Гегель ақиқат пен өзін-өзі тану күрделі диалектикалық үрдіс деген тоқтамаға келеді. Ақиқат өзгермейтін нәрсе емес және абсолюттік біліммен мәңгіге берілмейді, оған таным үрдісінде жетуге болады және ол әрекетпен байланысты.

Гегель бойынша адам әлемі өлі, дайын, өзгермейтін және абсолюттік заттар жиынтығы емес, өзінің адами әрекетінің нәтижесі болып табылады. Адам қоршаған нәрсенің бары - өзгертілген әлем, адам әрекеті барысында қалыптасқан әлем.

Гегельдің пікірінше, тарих – бұл адамның адам болу, әлеуметтену үрдісі және адамзаттың өткен жолы. Бұл оған өзін-өзі тану үшін қажетті негіз болып табылады. Сонымен тарих адамға қатысты алғанда сыртқы, онан тыс нәрсе емес, нақты тірі адамдар онда өмір сүретін, болатын, ойлайтын, сезінетін нәрсе. Адам тарихи өзіндік даму нәтижесі болғандықтан, осы алғышарт негізінде тарихты зерттеумен айналысады. Гегельдің түсінігінше тарих рефлексия үрдісі сияқты, оның барысында адам белгілі бір негізге келіп тоқтайды. Бұл рефлексия дамудың диалектикалық заңдарына бағынады.

Егер Гегельге дейінгі ойшылдар тарихты қателіктер мен адасушылықтар тарихы деп есептесе, Гегель салыстырмалы шындық ұғымын енгізе отырып, ақиқатты салыстырмалы шындықтарды анықтау және олардың даму үрдісі деп есептеп, ақиқаттың осы түсінігінсіз ғылымның мүмкін болмайтындығын айтады.

Гегельдің ойынша жоғары ақиқатты философия ашады, өйткені ол өзінің жеке даму жолына рефлексия жасай отырып, болмыстың шынайы мәніне қол жеткізеді. Ал өнерге, дінге, ғылымға келер болсақ, олар бізді ақиқатқа тек қана жақындатады. Тек философия, Гегельдің түйіндеуінше, болмыстың шынайы картинасын беріп, әлем негізін игереді. Ал әлемнің негізі болмыс пен ойлаудың бірегейлігі болып табылады. Ол «Логика ғылымында» (1812-1814) болмыстың идеалды негізі мен оның өзіндік даму тәсілдерін ашады. Гегель бойынша дамушы ойлау – мәнділіктің нақты негізі. Ақыл-ой танымының құралы – ұғым. Ұғым қозғалысы қайшылықтар арқылы жүзеге асады. Қоғам қозғалысы үрдісінің өзі қарапайымнан күрделіге қарай жүріп, абстрактылыдан нақтылыға, бүтіндікке немесе категориялар жүйесіне шығуымен сипатталады. Білім жүйесін қалыптастыруға септігін тигізетін логика формасы диалектикалық логика болып табылады. Диалектикалық логика, - деп түйіндейді Гегель, әлемді қарапайым тұрғыда бақылаудан оның мәнін ғылыми түсінуге дейін көтерілуге мүмкіндік береді.

Фейербах философиясы өзінің қайталанбас ерекшелігімен байқалады. Фейербахтың дүниетанымы жаңа бағытқа, яғни материалистік бағытқа бет бұрды. Ол адамның сезімін, сезімдік танымын өте жоғары қойып, оның ішінде сүйіспеншілікке айырықша мән берді.

Фейербахтың философиялық эволюциясы Гегельдің адамның мән-мағынасына, оның өзіндік санасы арқылы түсіндіруіне сын айтудан басталады. Гегельдің философиясына жасалған бұл сын Фейербахтың жалпы идеализмнен бас тартқанын көрсетеді. Фейербах идеализмнің дінмен етене байланысын түсіне білген.

Фейербахтың антропологизмі бірінші кезекте адам проблемасын, оның ең басты бірден-бір және әмбебап пәні ең жоғарғы өлшемі. Бірақ, Фейербах адам мәселесінде толық материалистік көзқарас жүргізе алмады. Оның түсінігінше, адам – жеке индивидке тән абстракты жай ғана биологиялық тіршілік етуші.

Таным теориясында Фейербах эмпиризм мен сенсуализмді жақтады да, агностицизмге қарсы шықты. Бірақ ол ойлаудың дүниетаным процесіндегі ролін, мәнін жоққа шығарған жоқ, объектіні сипаттағанда осы субъектімен, яғни адамның ісімен байланыстыруға тырысты, адамның дүниетанымы мен оның ой-санасы туралы туралы бірталай құнды пікірлер айтты. Қорыта айтқанда Фейербах бұрынғы материализмнен, оның жай сезім арқылы берілетін тұрпатынан шығып кете алмады. Фейербахтың антропологизмі адамды табиғаттың қарапайым бөлігі деп қарастырады. Оның шеңбері табиғатпен шектелген яғни төменгі жағынан немесе табиғаттың материалистік, жоғарғы жағынан немесе табиғаттың материалистік, жоғарғы жағынан, яғни қоғамның идеалистік түсінігін береді.

Дін мәселесіне қатысты бұл ойшылдың өзіндік көзқарасы болды. Дін-көзқарас, дүниетаным ретінде анықталды. Ол дінді бүкіл адамзат мәдениетімен, әдебиетімен және философиямен тығыз байланысты деп қарады. Мұндай пікір бұрын соңды ашық айтылмаған. Бірақ, сол кездегі саяси әлеуметтік жағдайдың қайшылықтарын шеше алмағандықтан, Фейербахтың көзқарасы және оның дүниетанымы көптеген түсінбеушіліктерге байланысты өзінің тар өрістілігін көрсетті.

Дегенмен, классикалық неміс философиясы – адамзаттың мәдени-философиялық дүниетанымында ерекше орын алатын, аксиологиялық сипаттағы ерекше ілім.



Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет