Кафедра Философия


Бекітуге арналған сұрақтар



бет7/22
Дата01.04.2017
өлшемі3,41 Mb.
#13081
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22

Бекітуге арналған сұрақтар:

  1. Неміс философиясындағы диалектика.

  2. Метафизика және натурфилософия.

  3. Кант философиясы.

8 Дәріс тақырыбы: Қазақ философиясы.

Дәріс жоспары:

  1. Қазақ мәдениетіндегі шаман дінінің алатын орны.

  2. Қазақ даласына ислам дінінің қанат жоюы.

  3. Қазақ ойлау әдісінің метафоралығы.

4. Қазақ философиясының ерекшелігі.

5. Ағартушылық философиясы.

6. Абай философиясы.
Ертедегі қалыптасқан дін жораларының қарапайым түрі - шаман діні шықты. Шаман діні бойынша адам бір жағынан табиғатқа, табиғат құбылыстарына, көкке, Айға, Күнге, жұлдыздарға, отқа, екінші жағынан ертеректе өліп кеткен ата-бабалардың аруағына, көк тәңіріне табынды. Қазақ халқының этнографиялық тарихын зерттеген Ш.Уәлиханов бұл дін туралы былай дейді: «Шаман діні дегеніміз-жалпы алғанда дүниені зор тұтушылық болды, көк-аспан идеясы және оның барлық белгілері, яғни Күн, Ай, Жер және оның белгілері: таулар, өзендер, асыл тастар, ағаштар және басқалары идеясы болды».

Дін тарихы осы дінді көп құдайға табынушылық пен бір құдайға табынушылықтың аралығында пайда болды деп түсіндіреді. Сол аралық діннің негізіне фетиштік, тотемдік, анимистік, сиқырлық нанымдар мен ата-баба аруағына табынушылық алынды. Табиғат заттары мен құбылыстарына табынушылықтың өзіндік себебі бар еді. Өйткені адамзаттың анасы да, асыраушысы да, кіндік кесіп тәрбиеленген бесігі де табиғат еді. Мұның үстіне табиғат адамдарға асқан құдіретті күш есебінде көрінді. Табиғаттың даму заңдылығын білмегендіктен, адамдар оған табиғаттан тыс қасиет бітірді, оны құдіретті күш есебінде көрінді. Сөйтіп, адам санасында, ақыл-ойында материалдық дүниенің даму заңдылығы бұрмаланған түрде бейнеленді. Сыртқы дүниенің адамның ақыл-ойында бұлайша бейнеленуін фетиштік нанымдар дейміз.

Осы түсініктен келіп адамды қоршаған айналадағы заттардың бәрі оның ақыл-ойынан тыс «киелі» заттарға айналады. Қазақтар кие дегенде өздерінің көшпелі тұрмыстарына пайдалы болатын жаратылыстың кейбір құбылыстары мен әртүрлі заттарға ерекше бір күш береді, сөйтіп оларды белгілі бір дәрежеде кереметке айналдырады. Осы кереметті құрметтеп отырса, олардың басына байлық, бақыт орнап, құт қонғандай, ал құрметтеп отырмаса - кедейлікке және бір қырсыққа шалдығатындай көрінеді.

Шамандық нанымның фетиштік формасы ислам дінінің құрамына еніп, оның элементтеріне айналды. Осы діндегі мұндай фетиштік сипаттағы нанымдарға Қағбаның қара тасын сүю, Меккенің маңындағы таулар мен алқаптарға бару, ауру адамның дерттен айығамын деп су басына, мола басына түнеуі, Айға қарап бата оқуы, табиғаттың басқа да көп заттарына табынуы жатады.

Тотемдік нанымдар ертедегі адамдардың негізгі кәсібі аң аулау мен жеміс теруге қатысты болған дәуірде қалыптасты. Қазақ даласында осыған байланысты кейбір жануарлар мен құстарды қадір тұтудың қалдықтары сақталып қалған. Қазақтар малдың кәрі жілігін қасиетті деп санайды. Олардың ойынша кәрі жілік малды ұры-қарыдан, қасқырдан қорғайды. Қазақтар үкіні қадір тұтады, өйткені үкінің басы мен қауырсыны жын-шайтаннан қорғайды. Сол үшін оларды киіз үйге, баланың бесігіне қадап қояды. Олар үкі қауырсынын сәндік үшін де қолданады. Қазақ халқының арасында тотемдік нанымдарға негізделген жануарлар календары (он екі жылдық) кең тарады. Бұл наным бойынша әрбір жыл жануардан басталады. Ол мал шаруашылығы мен егіншілік тағдырын белгілейді. Мұндай жануарларға тышқан, сиыр, қой, қоян, ит, мешін, тауық, тағы басқалары жатады. Қазақтар өздерінің туған жылын, сондай-ақ көрнекті адамдардың өмір сүрген уақытын осы календар адамның адамгершілігін қорлап, оның талабы мен жігерін діни ұғыммен шырмап, тежеп отырды.

Қазақтардың ерте кездегі діни нанымдарының негізі анимистік ұғымдар болды. Бұл бойынша шындық өмір екіге бөлінді. Оның бірі адамдардың күнделікті көріп жүрген дүниесі, екіншісі көзге көрінбейтін, сезілмейтін, сезімнен тыс дүние. Ақыл-ойда сезімнен тыс дүние шешуші рөл атқарады, ол заттар мен құбылыс атаулының қайнар бұлағы, сыртқы, дүниненің рухани бастамасы деп саналады. Өмір мен өлім туралы мәселе жан туралы діни нанымдарды тудырды. Табиғаттағы әрбір зат пен құбылыстар құдірет иесінің нәтижесі деп топшыланды. Адамдар бұл жұмбақ құбылыстың өздеріндегідей қасиеті, тіпті жаны, санасы, ақылы бар деп ойлады. Сондықтан да олар өз өмірін осыларға байланысты етті және солардың еркінде болды. Адамдардың ойынша жан табиғатта да болады. Әрбір материалдық дүниенің жаны бар, жан денені өзгертіп отырады. Адамның іс-әркетін, мінез-құлқын оның жаны билейді, ал табиғаттағы болатын өзгерістерге рух әсер етіп отырады. Денеде жан тұрғанда тіршілік болады, денеден жан кетсе адам өледі, денеден кеткен жан айналадағы дүниеге, тасқа, өсімдіктерге беріледі, о дүниеге барып өмір сүреді, оның о дүниеде елі, үйі, жан ұясы болғандықтан шаруашылықпен айналысады деп сенді.

Ата-баба аруағына арналған ертегілер көптеп кездеседі. Солардың бірі Баба түкті шашты Әзіз туралы аңыз. Кейіннен ислам дінінің ықпалымен ата-баба аруағына табынушылықтың орнын әулиелерге табыну салты басады. Ислам дінінің Қыдыр атаға табыну дәстүрі осындай салтқа жатады. Қыдыр ата ел кезіп жүрген, адам бейнелі әулие, ол адамдардың қамқоршысы, оларға бақыт, байлық, дәулет беруші болып клеледі.

Адамдар ақыл-ойының балаң кезінде жын-шайтандар дегенге де көзсіз сенетін болды. Адамның ауру-сырқаты, малдың өлім-жітімі, су тасқыны, жасыл түсу, қуаңшылық - осылардың бәрі жын-шайтандардың араласуымен болады. Қазақ арасында жын-шайтанға сенушіліктің әсері әлі жойылып біткен жоқ: бір адам ақылынан адасса, иә миы шатасса қазақтар оны есінен танды демей, жынданды, яғни жын-шайтан жөніндегі осындай нанымдары кейіннен ислам дініне енеді. Құранның айтуынша, жын-шайтандар «таза оттан» (55,34) жасалған. Аллатағаланы тыңдамағаны үшін олар жұмақтан қуылады, құранның жын-шайтандар жөніндегі түсінігін, олардың зұлымдығы туралы аңыздарды, пұтқа табынушлықтың сарқыншағы деп қараған жөн.

Дін шырмауында болған басқа да халықтар сияқты қазақтар да аспан денелеріне табынды, соларға сиынды. Соның бірі – Айды тәңірі тұтушылық. Қазақтар жаңа туған Айды көргенде иіліп сәлем береді де, оған малдастай қарап отырып бата қылады. Әрине, ай бір тәңірі болған болса, Күн де сондай тәңірі болуға тиісті еді. Қазақтар Күнді де мінездеді. Күн көзінің жер бетін қыздырып, иә күйдіріп жіберуі, аспан әлемінде алай-дүлей дауыл соғып, боран болуы Күн күркіреп, найзағай ойнауы, нөсер құйып, бұршақ жаууы – осылардың бәрі олардың пайымдауынша күн көзінің «қасы мен қабағына» орай туған құбылыстар еді.

«Қазақтардың ұғымында аспан жұлдыздарының Жер үстіндегі заттарымен байланысы да болды. Мұны Темірқазық, Үркер, Жетіқарақшы деген кейбір жұлдыздардың аттарынан көруге болады. Түн қата жол жүрген жолаушылар жол бағытын Темірқазыққа қарап айырады. «Темірқазық» деген ат жұлдыздың қозғалмайтын қазық сияқты болып көрінуіне қарай белгіленген болуы керек», - дейді Шоқан Уәлиханов. Қазақтардың нанымы бойынша Жетіқарақшы күндіз ұрлық жасап, түнде күнәсін мойындаған жеті ұрының жаны, сондықтан олар өлгеннен кейін жеті жұлдызға айнаып кеткен. Жетіқарақшының жанында Үркердің ұрланған қызы бар. Қазақтардың нанымы бойынша Үркер ұрланған қызын құтқарып алу үшін Жетіқарақшыны қуып барады. Үркерге қарап қазақтар түн мезгілі мен жыл мезгілін айырады. Осы күнге дейін қазақтар қыз балаларының атын аспан денелерінің атымен байланыстырады. Қазақ қыздарының арасында Айсұлу, Күнзада, Шолпан деген аттар жиі кездеседі.

Көшпелі қазақ тайпалары Жерге де табынды. Олардың түсінігінше Жер әйелдер тәңірі – «ана тәңірі» болып саналады. Өйткені жер шаруашылығымен де шұғылданған алғашқыда әйелдер болды. Ертеректе Қазақстанды мекендеген сақтар «ана тәңірін» жүз жұлдыздан сәукелі, отыз құндыздың терісінен ішік киген етіп бейнеледі. Жердің құрметіне құрбандық шалынды, ол кездерде пұтқа табынушылар да болды. Пұттар рухтардың бейнесі ретінде ұғылды. Мысалы, сақтардың соғыс тәңірі болды, ол семсер болып саналды. Оның құрметіне құрбандық шалынғанда жерге семсер шаншылып, оған сүт немесе қан кұйды.

Қазақтардың ұғымында сыртқы дүние (табиғат пен қоғам құбылыстары), оынң сан алуан тіршілік ету формасы «үлкен үйге» ұқсас болды. Ол тәңірі делінді. Ал тәңірі табиғат және аспан құбылыстары ретінде ұғылды. Тәңірінің екінші тобына хандар, сұлтандар жатты. Олар тәңірінің жер бетіндегі өкілдері деп саналды. Хандарға, сұлтандарға табынушылықтың өзі ата-баба аруағына табынушылықтың қалдығы болып табылады.

Шаман дініне негізделген табынушылықтың тағы бір тобына жергілікті әулиелер жатады.

Діни наным бойынша әрбір жер төбешіктің, алқаптың, даланың, орманның, судың өз қожасы, иесі болды. Олардың пайдалыларының, қасиеттілерінің аты: құт бақыт, дәулет, ырыс деп аталды да, зияндылары, қаиетсіздері: сор, бәле, қаза, қырсық, дерт, індет, жұт деп аталды. Бұл иелердің әрқайсысы түрлі жануар болып, көбінесе құс, адам, түрлі жәндік бейнелес болады да ел кезіп жүреді. Адамдарға кейбіреуі дариды, кебіреулері қағып, қазаға ұшыратады деп түсінілді. Малдың әр түлегінің өз қамқоршысы, тәңірісі, иесі, пірі болады деген де наным бар. Мысалы, қой пірісі – Шопан ата, түйе пірісі –Ойсыл қара, жылқы пірісі –Қамбар ата, сиыр пірісі – Зеңгі баба дегендей.

Бұлардың әрқайсысы мал шаруашылығының бір саласына ғана қамқорлық етті. Қазақтар пірілерге жалынып, жалбарынды. Малдың көбеюін, аман болуын солардан тіледі.

Қазақстанды мекендеген ертедегі тайпалар суды да қадір тұтты. Олардың нанымы бойынша судың да тәңірі болады, ол су иесі – пері деп аталады.

«Шаман діні ғұрпының ішінен қазақ арасында осы кезге дейін кең өріс алып отырғаны отқа табынушылық». От адам өмірі үшін аса қажет боды. өйткені от иесі адамға жылу береді. Осыдан қазақ тайпалары отты керемет күші бар құдірет иесі деп ұқты.

Қазақ даласына ислам дінінің қанат жоюы.

Ислам дінінің қазақ жеріне таралуы процесі ғылымда әлі күнге дейін тыңғылықты зерттелген жоқ. Ол ол ма, тіпті оның Қазақстанға қай дәуірде енгені жөнінде ізге келген белгілі пікір болмай келеді. Қазақ тарихын зерттеуші ғалым, тарих ғылымдарының докторы М.Ақынжанов өзінің “Ислам діні-езуші таптың құралы”деген мақаласында: “Қазақстан жеріне дінінің қай кезде келіп, қай уақытта орын тепкенін дәлелдейтін мәлімет жоқ”,- деп жазды.

Професор Е.Бекмаханов Қазақстанның солтүстік және солтүстік батыс облыстарында ислам діні ІХ ғасырдың аяқ кезінде тарай бастады десе, ислам дінінің зерттеуші ғалымдардың бірі Х.Ақназаров өзінің “Ислам діні және оның реакциялық мәні” деген еңбегінде былай деп жазды: «ІХ - Х ғасырларда мұсылман діні Қазақстанның тек оңтүстік аудандарын ғана, егіншілік аудандардың билушілері ғана қамтыды. Онда ол бұл дінді байлар, үстем топтар қабылдады, ал еңбекші бұқара көп уақытқа дейін бұрынғы діндерінде қалып келді”,-деген пікір айтады. Қазақстан тарихын зерттеуге ат алысып жүрген ғалымдар И.Е.Агеев пен В.Ф.Шахматов ислам қазақ жеріне түргештік Қарлұқ қағанаттары үстемдік жасап тұрған кезде тарады деген тұжырым жасады. Олар былай деп жазды: «Қарлұқ қағанатында феодалдық қатынастардың дамуына байланысты Орта Азия мен Қазақстан жерлеріне арабтардың алып келген феодалдық діні- ислам тарай бастады”.

Сөйтіп бұл авторлар ислам дінінің Қазақстан жеріне VIII ғасырда келгенін мойындады.

Ендігі жерде ислам дінінің қазақ еліне таралу тарихына тоқталып өтелік. Қазақ ойлау әдісінің метафоралығы. Әдебиетімізде өзіндік жанрлық белгі - сипаттары арқылы ертеден-ақ жеке сала болып дамыған ақындық және жыраулық поэзияның алатын орны ерекше. Көне дәуірлерден бергі фольклорлық туындылармен өзектесе, жарыса дамып келген бұл сала халқымыз бастан кешкен тарихи оқиғалардың көркем шежіресі істептес ел тұмысының сан алуан қырларын қамтып белгілеуге әр кез елеулі үлес қосып отырған.

Ақындық және жыраулық поэзияның өзіндік сипат - белгілерін бұлардың өмір шындығын суреттеудегі көркемдік тәсілдері мен белгілі бір тарихи кезеңде аренаға шыққан авторларының нақтылығын, ғасырлар бойы өзара үзілмей келе жатқан дәстүр жалғастығын танытатын стильдік ерекшеліктерінен көреміз.

Солай дегенмен ақындық поэзияның жыраулық туындылардан бөлініп, дараланатын өзіндік белгілеріде аз емес. Мұнда жыраулық поэзияда сирек ұшырасатын адамның ішкі сезім-күйі мен ой-толғанысына айрықша мән берілетіні мәлім.

Қазақ ауыз әуыз әдебиетінің бір бөлігі жыраулар поэзиясы. Ықылым замандардан табиғат пен талантын қатар ұштастырған ақын-жыраулар өз туындыларына деген күш қайратты, сөз байлығының дамуын, теңеулерін тек табиғаттан ғана тапқан сияқты.

Мәселен, ХҮ ғасырда өмір сүрген көрнекті жыраулардың бірі – Шалкиіз (1465-1560 ж.ж.). Оның шығармалары қазақ, ноғай, қарақалпақ халықтары арасына кең тараған. Жырау шығармаларының алғаш қағаз бетіне түсуі ХІХ ғасырдың екінші жартысы.

Шалкиіз – жырау, жырау болғанда өлеңмен не қарасөзбен сөйлеу бір қисап, аузын ашса болды көмекейінен көмбірлеген жыр төгіле берген жыраудың классикалық үлгісі. Дала перзенті Шалкиіз ең алдымен импровизатор. Жырау шығармаларындағы, оның философиялық толғауларындағы көптеген сәттер мен қайталанбас образдар бұл туындылардың ұзақ ойланудың, тынымсыз еңбек нәтижесі екендігіне куә.

Далалық пәктік пен далалық сұлулықты бойына сіңірген дала жыршысы адамды табиғатпен теңей білген.

Борташұлы Жиембет (ХҮІ ғасырдың соңғы ширегі, ХҮІІ ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүрген). Жиембет – Есім ханның әскер басы батырларының бірі, әрі жорықшы жырауы. Сонымен бірге Жиембет – ел аузынан алынған тарихи әңгімелерге және өз шығармаларындағы кейбір сөздерге қарағанда, заманының ірі феодалы, мемлекет істеріне үлкен роль атқарып отырған қабырғалы би.

Жыраулар қатарындағы келесісі Ақтамберді жырау. Бір деректерде 93 жыл өмір сүріпті делінеді, яғни 1675 – 1768 жылдары дәуір кешкен. Ақындық даңқы жас кезінде шыққанына қарағанда, бізге мұрасы толық жетпеген делінеді.

Ақтамберді қазақтың көне жыраулық эпосының белді өкілдерінің бірі . Жарлылық пен жалғыздықтың тауқыметін көп көрген дейді. Адамдыққа, адалдыққа, әділеттілікке сүйсініп өскен. Тұрмыстың қыр-сырын, от-басы, елдік, жерлік мәселелерін жырларында жақсы көрсетеді. Жырау ақиқатты айтуға тай салмайды, шындық туралы шымыр шешендік сөздерді түйдек-түдегімен тастайды. Жоқшылықтың қол байлайтынын түсінген. Өмірдің өткінші екенін біле тұрсада, бардың берекелі екенін біліп ашудан жүрегі сөйлейді:

Қазақ халқының тағы бір асқарлы жырауларының бірі Бұхар жырауда адамның аты өлмейтіндігінің жолын тауып, оны табиғатқа теңей отырып суреттейді.

Қазақ халқы жақсы мен жаманның ерекшеліктерін жете түсінген. Сондықтан болар, оларды бөліп отырып өлең-жырларына көп қосқан. Мәселен, Шернияз Жарылғасұлы (1807-1867) бабамыздың өлеңін жаза кетуге тура келеді:

Асқардан ұшқан су бүркіт

Еділдің аңын іле алмас.

Өліп жатқан сұңқардың

Жүніне қарға қона алмас.

Кешегі айтқан көп жаман

Бір жақсыдай бола алмас.

Табиғат қазақтың жүрегіне жақын болғандықтан одан өз сырласын табады, мұңын айтады. Яғни, оны Біржан Салдың (1834-1897) өлеңінен байқауға болады:

Аты жоқ құс болады көкек деген,

Алдында терезенің секектеген.

Ойымда үш ұйықтасам, барма менің,

Айрылып сені, сәулем, кетеді деген.

Кім сүймес шешек атқан көкек айын,

Бейне жаз, менің сүйген сәуле тайым.

Ақ қалқам отыр ма екен, жатыр ма екен,

Ей, көкек, ұшып барып білші жайын!

Шекеңе селдіретіп айдар тағып,

«Көкек» деп бос жүргенше секең қағып.

Қосайын өле-өлгенше мен әніме,

Қалқадан хабар әкел, ұшып барып.

Ал Ақан Сері (1843-1913) болса қазақтың көңілін өлеңі арқылы табиғаттан іздейді:

Ой, қалқа, біздің көңіл қайда жатыр,

Толқыған он төртінде Айда жатыр.

Ат тұрса, атан тұрса көз салмайтын,

Арғымақ мың теңгелік тайда жатыр.

Қош иісі жарқыратып көңіл ашқан,

Аққұйрық памилный шайда жатыр.

Гүл шашақ, жұпар иісті жайлауында,

Көңілім ел қонбаған сайда жатыр.

Қиядан торға түскен ақсұңқардай,

Көңілім қапаланған жарда жатыр.

Білетін асыл жайын жан болмаса,

Жаманды не қылайын жолда жатыр -деген сияқты ақын-жыраулар қашанда табиғатпен тілдескен және оның сыр мұңына үңіле қарап ішінен адамның туған қасиеттерін іздеген. Міне, осылай қазақ халқы табиғатпен үйлесімдігін тапқан.

Алғашқы мифологиялық көзқарастар арқылы қазақ халқының дүниетанымы қалыптасқан кездегісі тұрмыс-салтымен тызыз байланысты еді. Көшпелі халық өзінің рухани дүниесін кең байтақ даласына теңейді. Көшіп – қонып жүріп мал шаруашылығымен айналысқандықтан табиғатқа жақын болғандығы үлкен бір жасырар құпия емес.

«Ашу- дұшпан болғанда, нәпсі жауың,

Ақыл – тұрған алдыңда асқар тауың» -деп, ақылын тауға теңей келіп өмірдің мәнін табиғаттан іздейді. Табиғатқа бір табан жақын болғаны бұл халықтың санасын, дүниетанымын жасады. Табиғатқа сүйсінумен қатар, одан қорқып сыйынды, оны пір тұтты.

Жаратушысын Көк аспан деді. Жер-Суға табынды, олардың құдіретті күштеріне бағынды. Ұмайдың билігіне көнді. Осылардың бәрі көнеден қалған діни наным-сенімдер еді. Өйткені, көшпелі өмір сүргендіктен осы бір күштерге еріксіздіктен бағынуға мәжбүр болды. Өзін қоршаған табиғатқа толық тәуелді болды.

Аңшылық кәсібі халықтың ауыз әдебиетінен тиісті көрінісін тапты. Бейне бір тіршілік иесіне, тіпті, тірі адамның өзіне ұқсатып бейнеледі. Қоршаған табиғат туралы ұғымын сана мен тілдің қалыптасуымен бірге өрбіп отырды. Әлемдегі ең бір талас-тартыс мол сауалдардың бір шоғыры осындай ойлаудың және сол ойлаудың бірден бір айғақ көрінісі болып есептелетін мифтердің қатынасы.

Қазақ халқының ежелгі тарихы табиғат үйлесімдігімен басталады. Ата-бабаларымыз өткен дәуірімен ой-санасының айғағы боларлық мифтер мен мифтік аңыздары ауызша сөз мұрасынан елеулі орын алады. Олар қазақ ән –күйлері, өлең-жырлар, аңыз-әңгімелер тағы басқа, бұл туындылар сан ғасырлық рухани азық болуымен бірге дала тіршілігінің талап-талғамына лайық өңделіп, өзгеріп, халқтың үлкен бір мәдениетін жасай келіп, санасына қалыптаса берді. Қазақ «дала» немесе «дүние» деген ұғымдарының арасында, осы екі ұғымның тәрбиесі әсерінен қазақ санасына өмірді түсіну тәжірибиесі сіңіп кеткен. Яғни, осы ұғымдар көшпелі халықта табиғатпен үйлестіре отырып діни наным-сенімдерін жасайды.

Осындай қазақ халқының өз рухани тарихы бар. Сан ғасырлық руханияттары қазақ халқын жасады. Рухани дүниесі арқылы табиғатпен үйлесе білді. Әр халықтың өзінің әртүрлі ырымдары мен тыйымдары бар. Ерте заманда табиғат сырларын білмеген соң оларға әртүрлі себептер іздеп, кейде діни ұғымдарға тірелген. Бұлардың бәрі шын мәнінде жақсылыққа жақындау нышаны еді.

Табиғатты адамға теңеп өлең-жыр жазды. Адамды табиғаттан дәл тапты. Мінезін суреттей келе жақсы мен жаманды айыра білді. Сол арқылы табиғатпен үйлесімдікте болды.

Қазақ халқының философиялық дүниетанымы ойлау мәдениетінің шығу тегі көне түркі мәдениетінен Ү-ҮІ ғасырларда басталған. Оны мәдениет тарихында мәдени мұралар Талас, Орхон, Енисей өзендері бойынан табылғандықтан Орхон, Енисей руна жазулары деп аталады. Негізінен түркі шығармаларымен таныссаңыз. Сол замандағы түркілер мен қазіргі қазақ санасының арасындағы терең рухани сабақтастық бар. Әл- Фарабиден бастап кейінгі ғұлама ойшылдар Жүсіп Баласағұн, Ахмет Яссауи т.б. жатады. Қазақ халқының қоғамдық санасының қалыптасуына бұл ғұлама ойшылдардың ықпалы өте зор болған.

Тарихи әлеуметтік жағдайларға байланысты ғылым техниканың философияның өркен жайып өрістеуіне кең жол ашқан ХІХ ғасырдың аяғы деп аталады. Орталықтан шеткерілеу жатқан отарлық елдердің өмір сүріп отырған қазақ халқының назарынан тыс қалған емес. Қазан төңкерісіне дейін бұларды қазақ зиялылары жақсы білген. Сонымен қатар көшпенділер (номадтық) деген бұрынғы қазақтардың мәдениетінің болғандығын айғақтайды. Синкретизм (гр. қосылу, біріктіру, үйлестіру дегенді білдіреді). Философия қазақ халқына сырттан танылған ілім емес, өзінің төл санасына жататын құбылыс. Философия халқымыздың әлеуметтік психологиясына, әлеуметтік дүниетанымына әбден сіңген.

Халқымыздың дүниетанымының ерекшелігі оның тұрмысынан аңғарылуы заңды дүние, сондықтан араб-парсы мистикалық философиясын қазақ халқы сол күйінде емес, өзінің өмір сүру тәсілі салтына, ерекшелігіне сай қабылдаған. Көшпелі қауымға негізінен мистика жат құбылыс, сондықтан араб мистицизмі қазақ халқының санасында оптимистік, өміршеңдік арнаға түсті.

Халықта даналығымен көзге түскен көптеген билер, ақындар, жыраулар болған. Мәселен аты алашқа әйгілі болған Төле би, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке билер көбінесе құбылысты астарлап ашып, тұспалдап сөйлейтін шеберлігін танытып отырған. Қазақ сөз түсінер, сөз ұғар, бір ауыз сөзге тоқтаған адамды тіршілікте өте жоғары бағалаған.

Жырау- әлі қоғамдық ғылымда зерттелмеген, сыры толық ашылмаған, күрделі ұғым. Оған Бұқар жырау, Қобылан жырау т.б. сияқты тұлғалар шығармашылығы кепіл. Жырау жеке басының ғана ар намысын, ұятын ғана ойлап қоймаған, негізінен оның мұңы халық мұңы. Ол хан мен халықтың арасындағы тұлға.

Сопылық ( суфизм) дәстүр. Суфизм арабша суфи- жүн, суфий – жүннен тоқылған шекпен) исламда ҮІІІ-ІХ ғасырларда пайда болған араб халифаты елдерінде кең таралған діни-мистикалық ілім. Ертеректегі суфизмге жекелеген материалистік элементтері бар пантеизм тән болды. Кейіннен неоплатонизмнің, Үнді философиясының, кейбір христиан идеяларының ықпалымен суфизм аскетизмге және шын мәніндегі мистицизмге айналды. Құдайдың хақтығына шек келтірмей, ол айналадағы заттар мен құбылыстар оның эмоциясы дей отырып, суфизм сопылық дәстүр ізбасарлары өмірдің ең жоғарғы мақсаты адам жанының құдаймен бірігуі деп жариялап, жер бетіндегінің бәрінен (пендешіліктен) қол үзуді талап етті. Мысалы Платон, Аристотель, Лұқман Хакім, Сократ сияқты хакімдері Абай негізінен суфистер философиясы арқылы, одан бергілері Плутон шығармасы бойынша оқып білген. Суфистер философиясы арқылы қазақ даласына жеткен Платонның, Әсіресе Плотиннің құдайды ақылмен тануға болмайды деген ой жүйесінің ықпалы айқын сезіледі.

ХҮІІ-ХҮІІІ ғ.ғ. қазақ хандығы қайраткерлерінің саяси-құқықтық көзқарастарындағы әлеуметтік-философиялық сарындар «жеті жарғы» қазақтардың байырғы әдет ғұрып заңдарының жинағы. Бұл заңдар ХҮІІ ғасырдың аяғы мен ХҮІІІ ғасырдың басында Тәуке хан билік құрған тұста қалыптасқан. Орыс тарихнамасында «Тәуке хан» заңдары деген атпен белгілі. «Жеті жарғының» негізгі нұсқасы қазақтың үш жүзі бас билерінің қатысуымен әзірленіп, белгілі ру басыларының Түркістандағы жиынына бекітілген. Жарғы феодалдық қоғамдық қатынастардың басты-басты салаларын қамтып, елді әбден жайлап алған жер дауы, жесір дауы, мал дауы, жан дауы, құн дауы, мүлік дауы, хандық пен билік т.б. мәселелерді мақсат еткен. Тәуке ханның Күлтөбенің басындағы күнде кеңес болғанда «жеті жарғысын» білмек керек деп, бұл әдет-ғұрып заңдарын жұрт билеу, ел басқарудың негізгі жүйесі ретінде танитынын аңғартады.

Космология- гр. ғарыш- астрономияның бір саласы. Тұтас әлем ретінде шоғырланған ғарыш пен осы бірегей әлемнің астрономиялық бақылауға алынған бір бөлігін зерттейтін ғылым. Космология жөнінде алғашқы қарапайым, түсініктер сонау ерте кезде-ақ адамдардың дүниедегі өз орнын білуге ұмтылған тұсында пайда болды. Қазіргі кезде ғылымда 20 жылдары физик А.А.Фридманның жалпы салыстырмалылық теориясына негізделген моделі жаппай танылды деуге болады. Қазіргі космологиялық бұл модельдің мәні мынада- олар ментагалактиканың құрылымы және дамуы жөніндегі жалпы заңдылықтар туралы түсінік және ол шексіз әлемді танып білу процесіндегі маңызды қадам болып табылады. Анропософия гр. адам және даналық дегенді білдіреді. Мистикалық декоденттік ілім, теософияның бір түрі. Антропософияның негізі Пифогор мен Неоплотанизмнің мистикасынан, натурфилософиясынан алынған діни-философиялық идеялардың өзара араласуы. Антропософия жүйесінің өзегінде- адамның тек бағышталғандарға ашық әспеттелген мәні бар. Антропософияның негізін қалаған Р. Штейнер (1861-1925). («Құпия ғылым» 1910, «Антропософия тезистері» 1925) .

Доспамбет жырау (1490 жыл, Азау қаласы-1523, Астрахань маңы) – ежелгі қазақ халқы қалыптасу кезеңінде өмір сүрді. Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жорық жыршысы мұрасының дені жоғалған, ел аузында жекелеген қолжазбаларда сақталған туындылары ХІХ ғ. бас кезінде әр түрлі жинақтарға енді. Алдаспан антологиясында (1971) оның табылған шығармалары толық жарияланды. Доспамбет жырау жырларынан оның ой-өрісі, мұрат-мақсаты, рухани өмірі, ғибраттық қағидалары, философиялық көзқарасы айқын аңғарылады. Жауынгер жырау туындыларының рухы ескілігіне, көркемдеу әдісінің көнелігіне қарамастан көңілге әсер етерлік терең, тілге орамды.

Мұхаммед Хайдар Дулати 1464-1480 ж. Дулати жан-жақты білімді адам болған. Сол кездегі саяси оқиғалар мен қайраткерлерді, сондай-ақ Қазақстан мен Орта Азия, Монғолстанның өткен тарихын, әсіресе Дулат тайпасының Феодал топтарының тарихын жақсы білді. Дулати орта ғасырлардағы қазақтар тарихына байланысты өте құнды мәліметтер қалдырды. Монғолстан мен оның тарихы жөнінде аса құнды түп нұсқа болып саналатын- «Тарихи Рашидидің», « Джаханнама » дастанының авторы. Бұл еңбекте қазақ хандығы құрылғанға және одан кейінгі Жетісу мен Шығыс Дешті Қыпшақтағы оқиғалар, Монғолстанның құлауы, феодалдық, соғыстар, сыртқы жауға қарсы қазақтардың қырғыздармен және өзбектермен достық одағының қалыптасуы т.б. жайлы көптеген мағлұмат беріледі. Шығармада ХҮ-ХҮІ ғ.ғ. Оңтүстік және Шығыс Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы мәдениеттері, Жетісудың тарихи географиясы туралы,орта ғасырлардағы қазақстан жайлы құнды деректер бар.

Уәлиханов Шоқан Шыңғысұлы 1835-1865- қазақ ойшылы, этногрофы, тарихшысы, геогрофы, ғұлама ғалымы және ағартушысы. Уәлихановтың философиялық ойшылдық қасиеті кез-келген сапарында тіршілік, жер қыртысы, салт-дәстүр көріністерін мүмкіндігінше толықтыруынан, тарихи деректер мен белгілі адамдар туралы естеліктерді пайдаланып, төл ойын білдіріп, қорытынды жасауынан айқын аңғарылады. Орта Азияны, Қазақстанды, Батыс Қытайды сол кездегі хандық дәуірдің бәріне ортақ саяси-экономикалық құрылымынан іздеуге талпынады. Шоқан мемлекет тарапынан қазақтардың құқығын қорғау мәселесіне тікелей араласады. Билер салтының демократиялығын дүние жүзілік соттар жүйесімен салыстыра отырып, оның артықшылығын ғылыми жолмен дәлелдейді. Уалиханов «Ыстықкөл сапарының күнделігі», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Қытай империясының батыс провинциясы мен құлжа қаласы» деген және т.б. зерттеулерінде тарихты қарапайым бұқара халық жасайды дейтін кемеңгер ойды түйіндейді. Бұл еңбектер Орта Азия мен Қазақстан тарихының алтын қоры.

Ыбырай Алтынсарин (1841-1889жж) қазақ халқының көрнекті ойшылы, жаңашыл педогог, жазушы, аудармашы, қоғам қайраткері. ХІХ ғасырдың 60-70 ж.ж. қазақ халқының өмірінде болған тарихи-әлеуметтік, үлкен өзгерістер мен сабақтас «Жаз», «Өзен» сияқты шығармалары Алтынсариннің нағыз талантты ақын болғандығын көрсетеді. Уәлиханов пен Алтынсариннің философиялық идеяларының анторопоцентризмі мен гуманистік дүниетанымның яғни дүние адам үшін ештеңе емес. Тек адам ғана субьект, ал бүкіл әлем оның субьектісі ғана. Барлық адамдардың жан-жақты және жарасымды дамуы үшін, жеке адамның шын бостандығы үшін қажетті алғышарт жасайды. Қазақстанда экономикалық ой-пікірдің өрістеуіне үлкен роль атқарды. Алтынсариннің шығармалары, хаттары, баяндамалары дүниеге алдыңғы қатарлы көзқарас тұрғысынан жазылған.

Абай Құнанбаев (1845-1904жж) ақын, ағартушы, гуманист, ойшыл-философ. Абай дүниетанымы көркем образдар нақышы мен өрнектелген. Оның еңбектерін оқығанда зароастризм, буддизм, махизм, христиан, ислам діндеріндегі философиялық қағидалармен таныс болғанын аңғарады. Абай имандылық пен адамгершілік философиясын дамытты. Өйткені адам проблемасы оның дүниетанымының өзегі болды. Абай еңбектерінде Алла деген сөз жиі кездеседі. Ол 3 мәнде қолданылған. 1. Онтологиялық. 2. Космогониялық 3. Гносеологиялық тұрғыда. Абай өз шығармаларында Алла мен адамды қатар қойған.

Ш. Құдайбердиевтің философиялық шығармашылығы. Ш.Құдайбердиев (1858-1931) -ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы кезеңде қазақ даласынан шыққан гуманистік, ағартушылық жолдағы ғұлама ойшыл, ақын, публицист, философ. Шәкәрім шығармаларындағы дүниетанымның өзекті түйіні таза ақылмен қол жеткен әр ғылымның іргетасы болып табылатын ұждан мәселесіне келіп тіреледі. Оның философиялық шығармалары мен «Үш анығында» осы таным толық көрінеді. Оның материалистік және идеалистік дүниетанымдардың өткен тарихы мен де жете таныс әрі ол жайлы еңбектерді, әдебиеттерді жан-жақты қарастырған.

Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы (1870-1937) – қоғам қайраткері, экономист, әдебиетші, публицист, аудармашы. 1922 жылдан бастап Москвада тұрады. Москвада басылып шыққан Потаниннің өмірбаяны (1923) «Ер Тарғын», «Манардың түсі», Толстой «Қажымұрат» ( Москва 1924) аударма, «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», Эзоп пен Толстой «Жетпіс жеті мысал» 1926 ж.

Ә. Бөкейхановтың мол еңбегінің бір саласы қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне арналған. 1903 жылы Киргизский край деп аталып, 1903 жылы Петербургте басылып шыққан (көлемі 478 бет), кітапты жазуға А.Н.Сидельников, Л.П.Осипова, Ә.Н.Бөкейханов, С.Д.Чадов, Н.А.Бородин, Т.Т.Белогонов, В.П.Семенов, П.Н.Ситольнинский қатысқан.

Байтұрсынов Ахмет (1873-1938) – ғалым, тілші, түрколог, әдебиетші, ақын, публицист, аудармашы, мемлекет қайраткері. 1913-1918 жж арасында «Қазақ» газетінде редактор болып, орасан зор әлеуметтік тарихи қызмет атқарады, халық өмірінің сан алуан көкейкесті мәселелерін көтереді, елді прогресске, өнер-білімге үйретеді. Азапты толғаныс, өзгеру эволюциясынан өтіп барып, 1919 жылдың наурыз айында бұрынғы ұлт интеллигенциясының көптеген өкілдерін өзімен бірге алып, Совет өкіметі жағына өтеді. Қазақ өлкесін басқару жөніндегі әскери- революциялық комитеттің мүшесі ретінде онің жұмысына белсене араласады.

Дулатов Міржақып (1885-1935) – жазушы, ақын, драматург, журналист, қоғам қайраткері. М.Дулатовтың өмірлік мақсатының нысанасы, туған халқының бостандығы, өзін-өзі билеуі, отарлық езгіден құтылуы, ол қуғын-сүргін көріп, түрмелер азабын тартып жүрген азапты күндерінің өзінде ол жолдан тайған жоқ. Дулатовтың даңқын қазақ арасы ғана емес, Россиядағы түрік әлеміне тұтас жайған «Оян қазақ» 1909 ж. Қазақстан бостандық алғаннан кейін ғалымдар Міржақыптануға өз үлестерін қосты.

Торайғыров Сұлтанмахмұт (1893-1920 ) көрнекті қазақ ақыны және ойшылы. Философиялық көзқарасының бастауы- құдай, табиғат және адам арақатынастары туралы мәселе. Осы өзекті үш жақты мәселеге жауап іздеу барысында оның бүтіндей дүниетанымы, философиялық көзқарасы қалыптасты. Торайғыровтың философиялық көзқарасының мәні дүние мен адам арақатынасының өмірдегі гормониясын іздеу болып табылады.

Мұстафа Шоқай (1890-1941ж 27 желтоқсан Берлин)- аса көрнекті қазақтың саяси қайраткері. Ташкент гимназиясын бірінші дәрежелі атақпен бітіріп, Петербургтегі императорлық университеттің құқық факультетін бітірді. Қазақ халқының мүддесі үшін көп еңбек сіңірген жас ойшыл қайраткер еліне келіп, мақсаты ұлт күресін рухани жағынан күшейтуге зор еңбек сіңіреді. Бұл жолда Ә.Бөкейханов және М.Дулатов т.б. болды. М. Шоқайдың қоғамдық-әлеуметтік құрылымға деген философиялық көзқарастары «1917 естеліктерінің үзінділерінен» айқын көрінеді. Қазіргі түркілік тұтастыққа ұмтылып отырған идеялар ХХ – ғасырдың басында, ойшыл, сарапшы ғалым М.Шоқай ұсынған болатын. Осы ұлағатты ойлар елімізге келген тәуелсіздіктің арқасында жүзеге асты.

Жақып Ақбаев (1876-1934) Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыс жетекшілерінің бірі, қоғам қайраткері, қазақ халқынан тұңғыш шыққан право министрі. Санкт-Петербург императорлық университетінің заң факультетін алтын медальмен бітірген. 1919-1927жж. Алаш қозғалысына белсене араласып, осы партия жетекшілерінің бірі болды, әрі Алаш автономиясы бас прокурорының қызметіне ұсынылды, Кеңес өкіметі тұсында 1919-1928 жж. Семей Губревкосында істеді. 1922, 1929 жылы репрессияға ұшырап, Воронежге жер аударылды. Қазан төңкерісіне дейін де одан кейін де ұлттық сананың ХХ- ғасырда қазақ қауымы шығармашылығына еркіндікпен дамуына көптеген тосқауылдар болды. Маркстік философияның аса маңызды қырлары мен принциптері (диалектикалық әдіс, диалектикалық логиканың және таным теориясының бірлігі принципі және т.б.) жан-жақты дамытылып, тамаша қолданылған. Маркс «Саяси экономикаға сын жөнінде» деген еңбегінде (1859) тарихты материалистік тұрғыдан танудың мәнін қысқаша баяндап берді.

Қазақ ойшылдарының философиялық идеялары туралы.

Қазақстанда ХХ ғасырдың 60-ж. кәсіптік философияның қалыптасуына алғашқы қадамдар жасалынды. Қазақ философиясы адам және оның өмір сүру философиясы. Халықтың жалған өмір туралы түсінігі тек діни-пессимизмге құрылмаған, ол белсенді іс-әрекетті де жоққа шығармайды. Жалпы бостандықты еркіндікті сүйетін кең даласы сияқты кең пейілдігі бар халықтың соған сай философиялық дүниетанымы, ой-пікірлері болуы заңды дүние.

Қазақ философиясы өзінше бөлектеніп өмір сүрмек емес және оны дүниежүзілік мәдениет шеңберінде қарастырылғаны жөн. Ұлттық философияның пәні-ұлттық ойлаудың ұлттық болмысқа қатынасы, халықтың дүниетанымы. Өз тілінде философиясы болмаған халықты мәдениетті, өркениетті ел деп айту қиын.

Енді егемендік алған тәуелсіз мемлекет өзінің ұлттық қазынасын өзі тануға мүмкіндік алды. Ендігі жағдай зиялылардың өзіне байланысты.



Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет