Ішке беткей пальпация: Іш қабырғасының жағдайы жұмсақ, пальпация кезінде ауырсынусыз, теріасты шел май қабаты жақсы дамыған. Щеткин- Блюмберг симптомы теріс, жарықтар анықталмады.
Ішке терең пальпация: Ішектер цилиндр тәрізді, ауырсынбайды, спазмирленген, қозғалмалы. Ас қазан, өт қабы, , ток ішектердің жағдайы қалыпты. Бауыр, көк бауыр пальпацияланбайды.
|
|
|
|
5)Бауыр және өт жолдары
Қарау: Томпаю, бауыр аймағында деформациясы жоқ. Тері, тамырларының кеңеюлері анықталмайды.
Палпация: Образцов-Стражеско әдісімен пальпация жасағанда бауыр аздап ұлғайған, бауырдың төменгі шеті өткір, беті тегіс, жұмсақ, ауырсыну сезімі жоқ.
Перкуссия: Курлов әдісі бойынша бауыр шекарасы:
Бауыр 7 қабырға тұсында орналасқан. Бауырдың көлемі 9 х 7 х 5 см болады: он жақ бүғана ортаңғы сызықпен 9 см (+12 см), алдыңгы ортаңғы сызыкпен 8 см (+12см), сол жақ қабырға доғасымен 7см (+12см).
Көкбауыр перкуссиясында ұзындық өлшемі 66 см, Х қабырға бойымен созылып жатыр, ал ені 45 см.
Өт қабы пальпацияланбайды. Ортнер, Мюсси, Мерфи симптомдары теріс.
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |