Науқас 18.01.16 ж бері өзін ауру сезінеді, осы аптаның ішінде суықтаудың нәжитесінде бронхтық қабыну синдромы жабысқақ қақырықты жөтел түрінде дамыған. Бронхтық қабыну синдромы қақырықты жөтел, кеуденің ауырсынуы, тыныс қимылында бір жағының қалыңқылығы байқалады.
Өздігімен симптоматикалық ем қабылдаған: Колдрекс, Амброксол, әсері болмаған. Осыған қосарлана жай қозғалыстарға ентікпелер пайда бола бастаған, дене температурасы субфебрильді сандарға дейін көтерілген.
Anamnesis vitae
Науқас жынысы мен жасына сай дамыған. 1964 жылы Алматы қаласының Баканас ауданынды ,отбасында 3 перзенттің екинши баласы. Әкесі жургізуші, анасы асханада аспазшы болған. Білімі орта, жоғары оқу орындарын аяқтаған. 1990 жылдан бері тұрмыста. Еки баланы дүниеге акелген. Әлеуметтік –тұрмыстық жағдайы жақсы. Тамақтануы уақытылы, жеткілікті. Еңбек анамнезінде үй шаруасында болған, қазіргі кезде зейнеткер.