Ғарыш саласының қазіргі жағдайы мен мәселелері
Қазақстанның Жерді қашықтықтан зондтау серіктері
DZZ-HR ғарыш аппараты – Қазақстан Републикасының серіктік зондтау Жүйесі үшін Astrium компаниясымен құрылған жоғары рұқсатты ғарыш серігі. Ғарыш серігінің салмағы 900 кг және Жер орбитасына 2014 жылдың екінші кварталында Француз Гвианасында ArianeSpace's Vega жүйесімен Гвиан ғарыш орталығынан 750 км биіктікке шығарылды.
Қазақстан Республикасының ғарыш агенттігі жер бетін бақылау саласындағы Astrium және SSTL компанияларының соңгы жаңа технологияларын пайдаланып, мониторинг, ресурстарды басқару, экологиялық мониторинг, жерді пайдалану мәселелерінде дұрыс саясат жүргізу мен шешімдерді қабылдау үшін үкіметке көмек беретін ұлттық жүйе құрайды.
Қазақстандық жоғары және төменгі рұқсатты
жерді қашықтықтан зондтау серігі
Спутник SSTL MRES серігі ҚР мен басқа да елдердің кең жолақты мультиспектралды суреттерін ұсынады. Салмағы 200 кг, тәулігіне 1 миллион шаршы километрге дейін түсіріс жасайды.
Казахстанский спутник MRES Қазақстандық ғарыш серігі – бұл NigeriaSat-2 арналған ақпаратты қабылдау мен өңдірудің кеңейтілген мүмкіндіктері бар озық технологиялар. Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау жүйесін құру жобасы келесі мәселелерді шешуге мүмкідік береді:
- мониторинг және төтенше жағдайлардың салдарын бағалау;
- пайдалы қазбалар мен энергия көздерін өндіру мен барлау;
- мүлік пен инфрақұрылым жағдайын бақылау;
- экологиялық мониторинг;
- картографиялау;
- ауыл шаруашылық жағдайларын және орман алқаптарын бақылау.
Жерді қашықтықтан зондтау нәтижелерін пайдаланушылар мемлекеттік құрылымдар, ғылыми, коммерциялық мекемелер болып табылады.
.
КазСат-2 (KazSat-2) —Қазақстан Республикасының тіркелген спутниктік байланыстың ғарыш аппараты. КазСат-2 ғарыш аппараты Байқоңыр ғарыш айлағынан 2011 жылдың 16 маусымында ұшырылды. ГСО бойынша тұру нүктесі 86,5° ш.б. Республикалық ғарыш байланысы орталығының жарлығы бойынша КазСат-2 ғарыш кемесінің қызмет көрсету аймағына Қазақстан Республикасының барлық территориясы, Орта Азия мен Ресейдің орталық территориялы кіреді.
Қазақстан мамандарының айтуынша жаңа ғарыш серігі Қазақстан Республикасындағы ақпараттық қамтамасыздандырумен байланысты барлық мәселелерді шешуге көмектеседі. «КазСат-2» Республикамызға қажетті ақпаратты қызмет көрсету саласын, оның ішінде электронды үкімет, интернет пен ұялы байланыс үшін кеңейтілген спектрлерді кеңейтуге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |