Қарағанды облысының шақтылары бір-біріне жақын орналасқан, соның салдарынан жарты миллион тұрғыны бар қала тау-кен өндіру кешенінің ортасында орналасуға мәжбүр. Осыған орай өңдірілген аймақтардағы жер бетінің жағдайына тұрақты мониторинг жасау қажеттілігі туындайды.
COSMO-SkyMed ғарыш серігінен алынған радарлы суреттерді ENVI бағдарламасының SARscape Interferometric Stacking модулінде өңдеу нәтижесінде әрбір жұп үшін автоматтандырылған режимде интерферограммалар, диффиринциалды интерферограммалар құрылды, интерферометриялық фазаларды сүзу (фильтрация), фаза когеренттілігін есептеу мен ашу орындалды. Соңында ғарыш суретінің барлық ауданы бойынша жер бетінің жылжу интерферограммасы алынды.
Дифференциалды интерферограмманы талдаған соң берілген аймақтарда ары қарай бақылауды қажет ететін жер бетінің шөгу мульдалары анықталды. Берілген мульдалар Абай және Саран ашық кеніштерінің көмір өндіретін аймақтарында орналасқан.
Сондай-ақ, дифференциалды интерферограмманы талдау нәтижесі Ақтас кентінің жанында жер бетінің шөгу мульдасы бар кішкене аймақтың бар болғанын көрсетті. Бұл мульда «Арселор Миттал Темиртау» АҚ көмір департаменті құрамына кіретін «Саранская» шақтысының көмір өндіру аймағында пайда болған.
Достарыңызбен бөлісу: |