«Северный» разрезінің оңтүстік-батыс аймағындағы
жер бетінің шөгуінің максималды шамасы
Өңдеу нәтижелері бойынша бір нүктенің шөгуінің әр түрлі уақыттық қатарын салуға болады. Осылай «Северный» разрезінің оңтүстік-батыс аймағындағы жер бетінің максималды шөгу нүктесі бойынша шөгу графигі құрылды, зерттелететін мерзімде 140 мм жуық құрайды. Уақыттық қатар 0-ден басталады, яғни барлық тізбектің 1 түсірісі есептің басы болып саналады.
Дифференциалды интерферограммаларды талдау нәтижесінде шөгу ойыстары пайда болған учаскелер табылды. Жер бетінің шөгу ойыстары «Северный» разрезінің көмір алу аймақтарында, разрездің оңтүстік-батыс аймағында орналасқан.
Ғарыштық саласының инновациялық даму болашағы
«Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы» Акционерлік Қоғамы 2005 жылдың 17 наурызындағы ҚР Үкіметінің № 242 қаулысымен құрылды.
«Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы» Акционерлік Қоғамы ұлттық экономиканың ғарыштық саласын құруға бағытталған келесі жобалар мен шараларды орындау арқылы Бағдарламаны іске асыруға үлес қосуда.
«Қазақстан Республикасының «Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыштық жүйесін құру» Жобасы (ҚР ЖҚЗ ҒЖ).
Жобаға кіреді:
- екі ғарыштық аппараттарды құру және ұшыру: жоғары және орташа дәлдікті;
- ғарыштық аппараттарды жерден басқару кешенін құру;
- жердегі мақсатты кешенді құру, оның ішіне басты ақпаратты орталық, ақпаратты қабылдау, өңдеу және тарату станцияларының жердегі желісі кіреді.
ҚР бүкіл территориясында орнатылған 60 дифференциалды станциялардан тұратын желі құрылған және жұмыс істейді.
Дифференциалды станциялардың желісі
Каспий теңізінің жағалауында Теңіздік жергілікті дифференциалды станция орнатылған. Ол кемелердің портқа кірерде және кемежай айдынында маневрлер орындау кезінде қауіпсіздіктерін қамтамасыздандыру мақсатымен құрылған.
Қазіргі уақытта ғарышты игеру мәселесі өзекті болып тұр. Н.А. Назарбаев өзінің "Қазақстан жолы" атты кітабінде атап кетті: "Менің ғарышқа деген көзқарасым, басқа да адамдардікі сияқты, ерекше болды және бүгін де солай қала береді. Бұл – бүкіл ғаламның, жерден тыс өркениеттердің кереметтей құпияларын бойына жинаған, ата-бабалар рухымен байланыстырып тұрған тылсым дүние. Ол мені қашанда қызықтыратын, жан дүниемді баурайтын."
Қорытынды
Брошюрада алғаш рет адамның ғарышқа ұшуынан бастап Жерді қашықтықтан зондтаудың серіктерінен заманауи компьютерлік өңдеу бағдарламаларына дейінгі ғарышкерліктің даму тарихы көрсетілген.
Қазақстан ғарыштық мемлекет деп бекер айтылмаған, өйткені біздің республикамыздың территориясында әлемдегі бірінші, ең ірі және талап етілген Байқоңыр ғарыш алаңы орналасқан. Соңғы жылдары Байқоңыр зымырандарды ұшыру саны бойынша алда келе жатыр: орташа есеппен жыл сайын 20 дейін тасығыш-зымырандар ұшырылады, ал екінші орындағы АҚШ Канаверал мүйісі ғарыш алаңынан бір жылда 10 тасығыш-зымырандар ұшырылады.
Қазіргі уақытта Қазақстан ғарышкерлер саны бойынша да алда: Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Аймбетов. Олар өсіп келе жатқан жасөспірімдер мен жастарға үлгі-өнеге болады. Авторлардың ойынша, олардың жаттықтырулары мен өзіндік даму жұмыстары бәріне үлгі болады, оларды мақтаныш етуіміз керек.
Жерді қашықтықтан зондтаудың және байланыс серіктері жылдан жылға мемлекетіміздің қауіпсіздігі мен экономика салаларында өте маңызды орын алуда. Бүгінгі таңда Қазақстанда 2 байланыс серігі мен орбитада 2 ЖҚЗ серіктері бар.
Брошюрада Қарағанды көмір алабының үстемелеп қазылған территорияларынын ғарыштық бақылау нәтижелері көрсетілген, бұл ЭБЖ құлау және темір мен көлік жолдарының бүлінуі сияқты бірқатар апаттарды алдын алуға мүмкіндік берді. Ғарыштық бақылау мәліметтері бойынша авторлар Екібастұз таскөмірлі алабының тау-кен сілемінің жағдайына сапалы баға береді.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. «НК «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ компаниясының ресми сайты http://gharysh.kz/
2. Kashnikov Y.A., Musikhin V.V., Lyskov I.A. Radar interferometry-based determination of ground surface subsidence under mineral mining// JOURNAL OF MINING SCIENCE Издательство: Springer New York Consultants Bureau ISSN: 1062-7391 IF=0,223, Том: 48 Номер: 4 Год: 2012 С: 649-655
3. "Казахстан-Космос" ғылыми-техникалық және экономикалық қатынастын кешенді бағдарламасы.
4. «Совзонд» копаниясының ресми сайты http://sovzond.ru/
5. Мозер Д.В., Туякбай А.С., Гей Н.И., Нагибин А.А., Сатбергенова А.К. Мониторинг подработанных территорий Карагандинского угольного бассейна с использованием спутниковой радарной интерферометрии, научный конгресс "Интерэкспо ГЕО-Сибирь", СМГА, Новосибирск қ., 16-18 сәуір 2014 ж.
6 http://kazcosmos.gov.kz/. Қазақстан Республикасының инвестициялар мен даму бойынша Министрлігі, Аэроғарыш комитетінің ресми сайты.
7. 06.11.2015 жылының «Казахстанская правда» Республикалық газеті, -ҚР Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары Ергазы Нургалиев
Достарыңызбен бөлісу: |