KazSat-2 ғарыш кемесі
Алайда ғарыш серігінің апатқа ұшырау мүмкіндігі Қазақстанның телекоммуникация саласында үлкен қаржылай, оның ішінде ақшалай мен байланыс торларының, теледидар каналдарының, байланыс операторларының, VSAT-операторларының салаларында үлкен шығындарға әкелуі мүмкін. Ресейде шығарылған серіктерді пайдалану ұзақтығы мерзімін азайту мен өндіріс компанияларының айтқан қызмет ету мерзімі іс жүзінде қызмет көрсету ұзақтығы сәйкес келмеуі үлкен мәселеге әкеледі. При уменьшении средней продолжительности эксплуатации произведенных в России спутников и частом несоответствии заявленного компанией производителем срока службы реальному, это может стать значительной проблемой.
«KazSat-3» — «Қазақстан Республикасының ғарыш байланысы орталығы» АҚ берілген тапсыры бойынша «Информационные спутниковые системы» имени академика М.Ф. Решетнёва» ААҚ жасалынған коммерциялық геостационарлы телекоммуникациялық ғарыш серігі.
KazSat-3 геостационарлы телекоммуникациялық ғарыш серігі
Ғарыш аппараты Қазақстан территориясында DTH, кең жолақты жүйелер мен VSAT, дауыс пен видеоконференцбайланысты тасымалдау үшін 58,5° ш.б. тұру нүктесіне орналастыруға арналған.
Ғаламдық ғарыштық бағдарламасы GPS (ағылш. Global Positioning System ) — ара арақашықтық пен уақытты өлшеуге арналған және әлемдік WGS 84 координаттық жүйеде орналасуды анықтайтын серіктік навигация жүйесі. Жердің қандай бөлігінде болмасын, ауа райына қарамастан және жер төңірегіндегі ғарыш кеңістігінде нысандардың жылдамдығы мен орналасу орнын анықтауға мүмкіндік береді. Жүйе АҚШ қорғаныс Министрлігімен өңдіріліп қолданылады, сондай-ақ азаматтық мақсатармен де пайдаланылады, тек навигатор немесе GPS қабылдағышы бар аппарат болса болды.
Ғаламдық навигациялық ғарыштық бағдарламасы (ГЛОНАСС) — ресейлік серіктік навигация жүйесі, КСРО қорғаныс Министрлігімен әзірленген. Қазіргі уақытта жұмыс жасайтын екі ғаламдық серіктік навигацияларының бірі болып табылады. ГЛОНАСС теңіз, жер беті, әуе және ғарыш тұрақтарын пайдалынатын сансыз тұтынушылармен қамтамасыздандыру үшін арналған. Жүйе негізі орбита биіктікгі 19400 км, орбитаның көлбеу жазықтығы 64,8° болатын үш орбита жазықтығында Жер беті үстімен қозғалатын 24 серік болу тиіс. Қазіргі уақытта ГЛОНАСС жобасымен Роскосмос және «Российская корпорация ракетно-космического приборостроения и информационных систем» ААҚ айналысады.