Кафедра меңгерушісі Джарасова Г. С


№9 Практикалық жұмыс. Мәтін және контурлармен жұмыс



бет38/84
Дата24.04.2017
өлшемі10,11 Mb.
#15087
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   84

9 Практикалық жұмыс. Мәтін және контурлармен жұмыс


Бағдарлама мәтіндік процессор мүмкіндіктеріне ие. Дегенмен, мәтіндік редакторлардың барлығы бірдей CorelDRAW сияқты, мәтінге әр түрлі фильтр мен эффектілерді қолдана алмайды.

Бағдарламада мәтіннің екі түрі пайдаланылады: көркемдік және жай.

Көркемдік мәтін тақырыптарды безендіру үшін немесе мәтінге арнайы эффектілерді қолдану қажет болғанда пайдаланылады, себебі мұндай мәтінді жеке векторлық объект ретінде өңдеуге болады. Сондай-ақ, мәтіндік ақпараттың көлемі үлкен болған кезде мұндай мәтінмен жұмыс жасау қиын болады. Ол үшін мәтіннің басқа типі жай мәтіннің блоктары пайдаланылады. Құжатқа мәтінді енгізу

CorelDRAW құжатына мәтінді енгізу үшін Text (Мәтін) құралы пайдаланылады (140-сурет). Оның көмегімен жай мәтінді жекелеген рамада, көркемдік мәтінді енгізуге болады.


140-сурет


Жай мәтінді жекелеген рамкада қосу үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:

Қолайлы масштабта құжат бетінің қажетті орнын таңдап алыңыз.

Саймандар панеліндегі Text Tool (Мәтін) белгісін таңдаңыз немесе F8 пернесін басыңыз. Тышқанның көрсеткіші төменгі оң бұрышында А әрпі бар крест түріне айналады.

Тіктөртбұрышпен қоршалған рамка (141-сурет) жасаңыз. Ол үшін мәтіндік блоктың басы орналасатын нүктеде тышқанды шертіңіз де, тышқан батырмасын жіберместен курсорды диагональ бойынша жылжытыңыз. Тышқан батырмасын жіберсеңіз рамканың айналасында ерекшелену маркерлері пайда болады, ал ішінде мәтінді енгізу курсоры пайда болады.

Пайда болған рамкаға пернелер тақтасынан мәтін енгізіңіз.

Text Edit Text (Мәтін Мәтінді редактрлеу) командаларының көмегімен немесе қасиеттер панелінің (142-сурет) оң бұрышында орналасқан Edit Text батырмасын шерту кезінде ашылатын, Edit Text (Мәтінді редактрлеу) диалогтық терезесінде мәтіннің үлкен блоктарын енгізу қолайлы болып табылады. Сондай-ақ Ctrl+Shift+T пернелерінің комбинацияларын пайдалануға болады.

Мәтінді енгізуді аяқтағаннан кейін Pick сайманын таңдап алыңыз немесе пробел пернесін басыңыз.



141-сурет



142-сурет
Жекелеген қатарға көркемдік мәтінді қосу үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:

Қолайлы масштабта құжат бетінің қажетті орнын таңдап алыңыз.

Саймандар панеліндегі Text Tool (Мәтін) белгісін таңдаңыз немесе F8 пернесін басыңыз. Тышқанның көрсеткіші төменгі оң бұрышында А әрпі бар крест түріне айналады.

Тышқанды шертіңіз. Таңдап алынған жерде мәтінді енгізу тігінен жыпылықтаған курсор пайда болады.

Шақыру процедурасы жоғарыда келтірілген Edit Text диалогтық терезесінің көмегімен немесе пернелер тақтасынан мәтінді енгізіңіз.

Көркемдік мәтінді енгізіп болғаннан кейін Pick сайманын немесе пробел пернесін басыңыз. Мәтін қатарының айналасында ерекшелену маркерлері пайда болады.



Text Convert to Paragraph Text (Мәтін Жай мәтінге түрлендіру) командаларын орындау кезінде мәтіннің типі ауыстырылады. Сондай-ақ Ctrl + F8 пернелерінің комбинациясын немесе мәтінде тышқанның оң жақ батырмасын басу арқылы ашылатын жанама менюден сәйкес команданы пайдалануға болады.








Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Методические указания по прохождению учебной практики для студентов специальности 5В020400 «Культурология»
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Бағдарламасының титулдық пму ұс н 18. 4/19 парағы (syllabus) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет