Тұрақсыз стенокардия Тұрақсыз стенокардия – миокард инфаркті және оған байланысты асқынуымен қауіпті ЖИА кезеңі мен ЖИА-ның тұрақты ағымы мен асқынуы арасындағы аралық кезең. Бұл ұғымға бірнеше клиникалық ситуациялар кіреді: олардың басты ортақ белгісі кеуде тұсындағы ауырсыну және ұстама.
Тұрақсыз стенокардия түрлері:
Алғаш пайда болған;
Үдемелі;
Спонтанды немесе вариантты ( Принцметал)
Ерте постинфарктты
Тұрақсыз стенокардияның негізгі даму механизмі – коронарлы артериядағы фиброзды бляшка капсуласының жыртылуы. Тромб салдарынан миокардтың адекватты қанмен қамтылуы болмайды.
Фиброзды бляшканың жыртылуына соқтырады: липидтердің көп жиналуы мен ондағы коллаген жетіспеушілігі, қабыну мен гемодинамикалық факторлар.
Тұрақсыз стенокардияның дамуына жауапты басқа белгілеріне жатады:
фиброзды бляшканың бүтіндігі бұзылысына жауап ретінде серотонин, тромбоксан А2, эндотелии сияқты вазоактивті агенттердің шығуына байланысты жергілікті вазокострикция