Жүктіліктің мерзімін және БосануМерзімін анықтау Жүктілік мерзімін анықтау анамнездік мәліметтер негізінде (етеккірдің тоқтауы, іштегі нәрестенің бірінші қозғалған күні), объективті зерттеулер (жатыр ұзындығы мен ұрық өлшемі) және қосымша зерттеулер негізінде (УДЗ) жасалады.
Жүктілік мерзімін және босану уақытын анықтайды: Соңғы етеккірдің күніне қарайды. Соңғы етеккірдің бірінші күнінен бастап, жүкті әйелдің қаралған кезінің күніне дейін санап шығаруға болады. Босану уақытын анықтау үшін соңғы етеккірдің бірінші күніне 280 күнді қосады немесе Негеле формуласын пайдаланады. Соңғы етеккірдің бастапқы күніне 3 айды алып тастаймыз және 7 күнді қосамыз. Бұл әдіс етеккір циклы тұрақты емес әйелдерге қолдануға болмайды.
Овуляция бойынша. Егер сол немесе басқада жағдайлар күшінде болса, әйел шамаланған ұрықтану күнін айтуы мүмкін. (сирек жыныстық, экстрокорпоральды ұрықтандыру операциясы, донор спермасының инсесенациясы) онда жүктілік мерзімін шамамен 2 апта қосып, ұрықтану күнінен бастап санап шығарады, ал босану күнін, 38 апта, шамаланған овуляция күнінен бастап санап шығарылады немесе келесі формуланы қолданады: овуляция күнінен 3 ай 7 күнді алып тастайды.
Бірінші қозғалуына қарап; жүктілік мерзімін қозғалуының бірінші күніне қарап, оның екінші жартысында ғана анықтауға болады. Орташа алғанда бірінші босанатын әйелдер ұрықтың қозғалуын 20 аптада, ал екінші рет босанатын әйелдер - жүктіліктің 18 аптасында сезеді.
Ультрадыбысты зерттеу мәліметтеріне қарап УДЗ арқылы жүктілік мерзімін анықтау дәлдігі жоғары (әсіресе жүктіліктің 1 триместрінде) II және III триместрде бұл әдіспен жүктіліктің мерзімін анықтауда қателесу жоғарылайды.
Жүктілік мерзімімен босану уақытын тез есептеу үшін арнайы акушерлік календарлар шығарылды. Жүктілік мерзімін анықтау үшін шаптан жоғары жатыр түбінің биіктігін және іштің айналымын дұрыс өлшеу керек.