Кайкенова А. М., Даутова Ж. О. Мемлекеттік тілде ісқАҒаздарын жүргізу пәнінен дәрістер жинағЫ


Жоспар Бұйрық – жарлық құжаттары



бет18/64
Дата24.12.2023
өлшемі0,68 Mb.
#198974
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   64
Байланысты:
Делопроизводство ВКГК им.Абая 2021 г.

Жоспар

  1. Бұйрық – жарлық құжаттары

  2. Бұйрық түрлері

Кәсіпорынның ағымдағы қызметі бұйрық-жарлық құжаттары арқылы реттеліп басқарылып отырады.
Бұйрық – басшының мекемені басқарудың барысында, алда тұрған маңызды, ағымдағы, күнделікті, кадрлық т.б. мәселелерді шешу мақсатында беретін, қарамағындағылар орындауға тиісті ісқағаздарының бір түрі.
Бұл құжаттың жауапкершілігі оған қол қоятын лауазымды адамға жүктеледі. Бұйрық ауызша да, жазбаша да беріледі.
Мазмұны жағынан бұйрықтар 2 топқа бөлінеді:
1. Мекеменің негізгі жұмыстарына байланысты.
2. Жеке құрамға байланысты.
1) Кәсіпорын жұмысын ұйымдастыру, қаржыландыру, жоспар­лау, өнімді өткізу сияқты өндірістік мәселелерді шешуге бағытталған бұйрықтар мекеменің негізгі жұмыстарына байланысты бұйрық деп аталады.
2) Азаматтарды жұмысқа қабылдау, жұмыстан босату, басқа жұмысқа ауыстыру т.б. сияқты мәселелерді шешуге бағытталған бұйрықтар жеке құрам бойынша бұйрық деп аталады.
Жеке құрам бойынша бұйрықтар кадрлар бөлімінде дайындалады.
Жеке құрам бойынша бұйрықтарда оның cебебі көрсетіледі. Мысалы:

  1. Зейнеткерлікке шығуына байланысты

  2. Басқа жұмысқа ауысуына байланысты

  3. Кәсіпорынның жойылуына байланысты

  4. Келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты

  5. Өз өтініші бойынша

  6. Бала күтімі үшін демалыс алуына байланысты

  7. Еңбек тәртібін ұдайы бұза бергендігіне байланысты

  8. Ресми сапарға кетуіне байланысты

  9. Себепсіз жұмыстан қалуына байланысты

  10. Айрықша жұмыс жағдайлары үшін.

Барлық бұйрықтарда, ең алдымен, мекеменің атауы, күні, айы, жылы көрсетілуі тиіс. Содан кейін «№7 БҰЙРЫҚ» деген сөз және не туралы бұйрық екені жазылады.
Мекеменің негізгі жұмыстарына байланысты бұйрықтар жеке құрам бойынша бұйрықтардан бөлек нөмірленіп, жеке жүргізіледі.
Бұйрықтар мәтіні 2 бөліктен тұрады.

  1. «Айқындаушы бөлік» (констатациялық).

  2. «Өкімдік бөлік».



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет