140
қатар
осы білімді жинау, пайдалану дағдыларын қалыптастырудан тұрады.
Омонимдік бірліктерді оқытуда білім берудің жаңа сипаттағы бағыттары мен
нәтижелеріне сәйкес, озық технологияларды сұрыптап пайдалану білім сапасын
нәтижеге бағыттайды.
4. Жұмыста көрсетілген педагогикалық
ұстанымдар мен жаңа
технологиялар, олардағы стратегиялар мен әдіс-тәсілдер білім алушылардың
жас және психологиялық ерекшелігіне сәйкестігін танытты.
Бұл жайт
эксперимент сабақтар нәтижесінде дәлелденді.
5. Зерттеу тақырыбымен байланысты эксперимент нәтижелері таңдалған
педагогикалық технологиялар мен әдістемелердің дұрыстығын дәлелдеді.
Эксперимент кезінде жүргізілген жұмыстар
барысында білім алушылардың
тұлғалық, психологиялық, мәдени, жас ерекшеліктері есепке алынды.
6. Педагогикалық эксперимент нәтижелерін мерзімі бойынша қысқа және
ұзақ мерзімді кезеңдерге бөлуге болады.
Жұмыстар барысындағы білім
алушының үлгерімі мен дағды ерекшеліктеріндегі ілгерілеушілік қысқа
мерзімді кезеңде анықталды. Студенттердің
бойында қалыптасады деп
болжанған мәдени, эстетикалық,
тәрбиелік, т.б. тұлғалық ерекшеліктер ұзақ
мерзімді кезең нәтижесі болып табылады.