Карбозова булбул давлетханкызы



Pdf көрінісі
бет64/108
Дата07.02.2022
өлшемі3,13 Mb.
#90258
түріДиссертация
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   108
Байланысты:
karbozova-b-d-dissert

Ғылымилық ұстаным.
Жоғары оқу орнында білім алушының 
бойында ғылыми танымды, ғылыми-ізденістік дағдыларды қалыптастыруға 
бағытталады. Жоғары оқу орнында ғылымилық ұстанымын іске асыруда 
оқулықтар мен оқу құралдары мазмұнымен ғана шектелуге болмайды. Ғылыми 
таным мен ізденісті қалыптастыру білімнің даяр күйінде ұсынылуына емес, 
берілген ғылыми проблеманы жаңаша сипатта, жаңа танылған теориялар мен 
пардигмалар аясында қарастыруды қажет етеді. Мәселен, тілдегі омонимдік 
құбылыстарға байланысты ғылымдағы пікірлердің қайшылығы мен олардың 
толықтыруды, зерттеуді қажет ететіндігі бұл ұстаным аясында өзектеле түседі. 
Классикалық зерттеулерде омофондар мен омографтар омонимдердің 
ерекшеленген түрлеріне жатқызылса [16, 34], осыған байланысты енді бір 
зерттеулер тілдегі екпін мәселесіне байланысты ой айтылып [134, 177 б.], 
омографтардың 
бар 
екендігіне 
қайшылықты 
көзқарас 
туындайды. 


85 
Шындығында да, омонимдер теориясын тануда ғылыми негіздеуді, 
академиялық жүйелеуді күтіп жатқан мәселелер аз емес. «Омонимдер де, 
көпмағыналы сөздер де бірдей дыбысталады. Ұғымдарының немесе 
мағыналарының әр басқа болуы жағынан да ұқсас. Осы себепті шәкірттер мен 
студенттер омонимдерді көпмағыналы сөздер деп, көпмағыналы сөздерді 
омонимдер деп жиі қателеседі. Тіпті зерттеушілерге де қиындық тудыратын 
сәттер де аз емес. Осы себепті көпмағыналы сөздер мен омонимдердің ара жігін 
ажыратып алудың теориялық та, практикалық та маңызы аса зор [135, 47 б.]. 
Лингвистикалық теориядағы осы сипаттағы мәселелерді ұтымды шешу 
педагогиканың ғылыми ұстанымы аясында жүзеге асады (Кесте 4 ). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет