Карбозова булбул давлетханкызы



Pdf көрінісі
бет66/108
Дата07.02.2022
өлшемі3,13 Mb.
#90258
түріДиссертация
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   108
Байланысты:
karbozova-b-d-dissert

Бай бауырын
танымас,
Сауда досқа 
қарамас.
Айтысқан 
ауыл болмас,
Болыспаған 
бауыр болмас.
Бауырынан
жаралу , 
іші-бауыры
елжіреу, тас 
бауырлық,
бауыр тартты, 
бауырын қолына 
алды, бауырына
салу.
Әсия туған 
бауырын 
жамандыққа 
қимады. 
Бірнеше жыл 
көрмеген 
баласын 
бауырына 
алғанда бар 
қиыншылық
ты ұмытты.
Жақсы жолдас -
бауырың.
Иүгінеки Ахмед
Таста тамыр жоқ, 
ханда бауыр жоқ.
Майқы би
Бауырыңан қашқан 
күзен көрінбес.
Бұқар жырау
Құйрық бауыр. 
Асату
Құдаласу;
Төркіндеу
(бауырынан табақ 
алу)
Сурет 3 – Омонимдік құбылыстардың когнитивтік семантикасын оқытудағы 
модель 
Жоғарыда көрсетілген оқытудағы модельдің үлгісі студенттердің 
танымдық біліктілігі мен білімін дамытанына баса назар аударғанымыз дұрыс. 
Келтірілген омонимдік жұп қазақ дүниетанымында үлкен мәнге ие сөздер 
болып табылады. Айталық, 
бауыр
адам ішкі ағзасының бір бөлігі. Адам 
жаратылысында бауырдың өзі оң жақ бүйірге орналасуының өзінде 
айтарлықтай мән бар. Ал осы сөздің омонимдік жұбы 
бауыр
бір үйде өскен бір 
әкенің балалары. Осы екі сөздің мағынасын Қазақ тілінің 15 томдық түсіндірме 
сөздігінде өте жақсы ашып көрсеткен. Бауыр сөзінің тіркесімдік тұстары да, 
нақыл сөз, ұлағатты айтылымдар да, фразеологизмдер де оқыту барысында 


91 
көрсетіледі. Көрсетілген модель арқылы студенттің, бірдей жазылатын бірақ 
мағынасында әртүрлі мән бар екендігі туралы түсінігі қалыптасады. Кез келген 
омонимдік жұптың арасындағы алшақтықты ажырату да осы секілді 
парадигматикалық қатынастар негізге алынады. 
Тілдегі омонимдік бірліктерді оқытуда ұлттық санадағы танымдық 
бейнесін көрсетуде мынадай мысалды ұсынуға болады. Омонимдік қатарға 
ұлттық тілдегі «Ұршық» лексемасы омонимдік сипатта қолданылып, этностың 
когнитивтік санасында омонимдік мағынада жұмсалады. Ал омонимдік 
қолданыстар мәтін мазмұны мен когнитивтік семантикасына қарай 
ажыратылады. 
Сурет 4 – Ұлттық танымдағы сөздерді оқытудың үлгісі 
Ұлттық код – ең әуелі, тілімізді, сосын дәстүріміз бен салт-санамызды, 
мінезімізді айқындайтын ділде және ұлттық мәдениетте екенін білеміз. Қазақ 
халқының тағлымы мол тарихында мәдени-рухани болмысы оның ішкі 
дүниесімен, ізгілікпен әдіптеліп, қарапайымдылықпен біте қайнасып, 
парасатпен шырайланған. Ал сол ұлттық кодымызда ізгілік те, адалдық та, 
перзенттік инабаттылық та, адамгершілік пен қатар парыз, этикет, ақыл-
парасаттылық молынан көрініс тауып, кеңінен қамтылған. 
Қорыта айтқанда, омонимдік құбылыстардың когнитивтік семантикасын 
жаңа технологияларды қатыстыру арқылы оқытудың педагогикалық негізінде 
тұлға болмысын қалыптастырудағы жүйелі мақсат пен білім мазмұны жатуы 
тиіс. Омонимдік бірліктерді оқытуда ұстаз шеберлігі арқылы шәкірттің кісілік 
келбеті, сөйлеу әдебі, ойлау қабілеті, сапалы білімі мен саналы тәрбие беріледі. 


92 
Тілдегі омонимдік бірліктерді оқытудың педагогикалық тұрғыдан дұрыс 
негіздеу нәтижесінде: а) білім алушылардың еркін және шығармашылық 
тұрғыда ойлауға мүмкіндік береді; ә) білім алушылардың тіл байлығы мен 
сөздік қоры жетіліп, лингвистикалық білімі дамиды; б) өз ойын ашық 
жеткізудегі өз-өзіне деген сенімділігін арттырып, қоғамдық-әлеуметтік ортада 
өзін еркін ұстай білуге дағдыландырады; в) ғылыми-шығармашылық әлеуетін 
күшейтіп, әлеуметтік ортада өзін-өзі ұстауға, бар білімін көрсетуге мүмкіндік 
береді; г) білім алушылар өздігімен білім алып, тұлғалық дағды қалыптасады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет