Карбозова булбул давлетханкызы



Pdf көрінісі
бет65/108
Дата07.02.2022
өлшемі3,13 Mb.
#90258
түріДиссертация
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   108
Байланысты:
karbozova-b-d-dissert

 
 
Сурет 2 – Омонимдерді оқытудың ұстанымдары мен педагогикалық 
компоненттері 
Аталған ұстанымдар жоғары оқу орны оқытушысының білімді беру мен 
жүйелеуде басшылыққа алатын басты қағидалары саналады. Алайда, білім беру 
үдерісі – бір жақты үдеріс емес. Қазіргі таңдағы білім мазмұнын игертудегі 
жаңашыл педагогикалық көзқарастар аясында білім алушының білім 
үдерісіндегі орны мен сапасына, оның жекелеген (психологиялық, 
физиологиялық, әлеуметтік, мүдделік т.б.) ерекшеліктерін ескеру басты назарда 
ұсталады. Осы орайда әдiскер ғалым А.Әлімов интербелсендi әдіс арқылы 
Омонимдердің когнитивтік 
семантикасын оқыту ұстанымдары 
Қоғамдық құндылық 
ұстанымы 
Тәрбиемен оқытудың 
ұжымдық ұстанымы 
Көрнекілік ұстанымы 
Саналылық ұстаным 
Жеке тұлғаға талап пен сыйластықтың 
бірлігі, ізгілік пен сенім ұстанымы 
Ғылымилық ұстаным 
Пән мазмұнын толық игерген интеллектуалды 
тұлға қалыптастырушы компоненттер 
Кешенділік ұстанымы 
Танымдық, көркемдік 
эстетикалық ұстаным 
Білім беруші
Қалыптастырушы
Тәрбиелеуші 
Дамытушы 


86 
оқытуда келесi шарттарды қадағалау мiндеттi деп тану керек екендігін 
көрсетедi: 
- жағымды психологиялық орта орнату; 
- үйренушілерге білім игеруге деген қызығушылықты (мотивация, ынта, 
ұмтылыс) тудыру; 
- білім игеруде үйренушiлердi сәттiлiкке бағыттау; 
- білім игеру процесiн коммуникативтік процесс деп түсініп, бiрлескен 
әрекеттердi қолдану [136, 77 б.]. 
Шындығында да, жоғары мектепте білім беруді педагогикалық тұрғыда 
негіздеу барысында жоғарыдағы шарттар берілетін білім мен дағдының 
нәтижелілігіне тікелей әсер етеді. Біздіңше, омонимдер және омонимдік 
құбылыстар мазмұнын жоғары мектепте оқытуда білім мазмұнын меңгеруді 
талап етуден, біліммен байланысты мотивацияларға түрткі болатын әрекеттер 
кешенін орындаудан бастау нәтижелі болмақ. Жалпы алғанда, білім алушының 
оқу әрекеті мен оның нәтижесіне деген мотивациясы – студентті белгілі бір 
мақсаттарға итермелейтін қозғаушы күштердің жиынтығы болып саналады. Бұл 
күштер білім алушы тұлғаны оқу барысында нәтижелі әрекеттер жасауға 
итермелейді. «Мотивация – әр үйренушінің білімге деген қажеттілігі мен 
мұқтаждығы, құлшынысы мен ұмтылысы, ынтасы мен көңілі, қызығушылығы 
мен құмартушылығы, оның білім процесінде алдына қойған мақсаттары мен 
мүдделері» [137, 86 б.]. Омонимдерді оқытуды педагогикалық тұрғыдан 
негіздеуде студенттің үйрену әрекетінің нәтижелі болуы үшін лингвистикалық 
білім мазмұнын білім алушының танымдық және әлеуметтік мүдделерімен 
байланыстырудың маңызы зор. Танымдық мүдде аясында омонимдік 
құбылыстар мен олардың ғылымның жаңа парадигмалары аясындағы 
зерттелімдері, біріншіден, өз мазмұны арқылы қызықтырса, екіншіден, 
толыққанды кәсіби маман болу үшін қажетті білімнің құрамдас бөлігі екендігі 
студент үшін айқын болуы қажет. Омонимдерді оқытудағы әлеуметтік мүдде де 
лингвистикалық білімнің әлеуметтік маңызын айқындаудан туындайды. Қазақ 
тілінің мемелекеттік статусы мен қоғамдағы маңызы, тілді қолданудағы сөз 
байлығы мен тіл мәдениеті аясындағы омонимдік құбылыстармен байланысты 
туындайтын мәселелер білім алушының тілмен байланысты қоғам алдындағы 
борыш, жауапкершілік сезімдерінен туындайды.
Омонимдерді меңгерту барысында студенттерге білім алуға деген 
жағымды психологиялық ахуал тудыру білімді педагогикалық негіздеудің 
алғышарттарының бірі болып табылады. Осы негізде педагог оқытушы екі 
бағытта жұмыс атқарады. Оның бірі, америкалық психолог Абрахам 
Маслоудың идеяларынан туындайтын пирамидалық тұжырымдар негізіндегі 
қажеттіліктерін ескере отырып ұжым мәнмәтіндегі тұлғалық қасиеттер мен 
дағдыларды дамытуға бағытталса, екіншісі «қоғам» – «ұжым» – «топ 
(микротоп)» моделіндегі ұжымдық (ұжымаралық) қарым-қатынас мәдениетін 
дамытуға бағытталады. «Ұжым – (nam.collectivus – «жинақтаушы» деген 
сөзінен) – бір-біріне әсер ететін, өзара әлеуметтік негізделген мақсаттармен, 
мүдделермен, өзін ұстаудың нормалары мен талаптарының қажеттілігімен, 


87 
бірге атқарылатын қызметпен, қызмет құралдарының ортақтығымен, басшылық 
білдіретін еріктің ортақ болуымен біріккен адамдар тобы» [138, 285 б.].
Омонимдік құбылыстарды оқыту аясындағы тілдік білім білім берудің 
коммуникативтік 
сипатымен 
сабақтас. 
Омонимдерді 
оқытудағы 
коммуникативтік әрекет тілдік білімді практикалық бағытта қолдануға, тілдік 
дағды қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Омонимдік құбылыстарды оқыту барысында лингвистикалық білім мен 
дағды қалыптастыру жалпы педагогикалық үдерістер аясында жүреді және 
педагогиканың негізгі қағидаттарына сүйенеді. Омонимдерді оқытуды 
педагогикалық негіздерін айқындауда білім беру ісіне қатысушы тұлғалардың 
(білім беруші мен білім алушы) әрекет ету заңдылықтары берілген білімнің 
нәтижелілігіне 
бағытталады. 
Омонимдерді 
оқытудың 
педагогикалық 
ерекшеліктерін анықтауда лингвистикалық білім мазмұны оқыту барысында 
таңдалатын педогогикалық мазмұнға әсер етеді.
Қоғамдық қатынастардағы білім мен ғылымның қарқынды дамуына 
байланысты әдістеме ғылымында көптеген өзгерістерде орын алып тұрады. 
Мәселен, соңғы уақыттарда отандық және посткеңестік жүйеден бері 
қалыптасқан тарихи дәстүрлі оқытудың технологиялары мен стратегиялары 
Еуропалық білім беру жүйесі арқылы толығу үстінде. Оқытудағы жаңашыл 
технологиялар арқылы оқыту мәселелері отандық әдіскер ғалымдар 
И.Қ.Ұйықбаев, Б.Құлмағанбетова, Д.Әлімжанов, Ы.Маманов, Х.Арғынов, 
Ж.А.Қараев, Қ.Қадашева, Р.Шаханова, Г.Қосымова, Қ.Есенова, С.Рахметова, 
Б.Тұрғынбаева, Ф.Оразбаева, Н.Құрманова, К.Жақсылықова, З.Бейсенбекова, 
Ж.Сүлейменова, А.Сатбекова, Ә.Әлметова, Н.Оразахынова, Ж.ДӘулетбекова, 
Р.Рахметова, Ж.Балтабаева т.б. еңбектері көптеген республикамыздың әр 
өңірінде қызмет жасап жүрген оқытушылардың күнделікті оқу үдерісінде 
пайдаланылып жүргендігі белгілі. 
Бүгінгі таңдағы еуропалық оқыту әдістемесінде білім алушыларға 
оқытудың психологиялық ерекшеліктеріне басымдық беретіндігін байқауға 
болады. Мұнда негізінен коммуникативтік акт барысындағы танымдық әрекетті 
жүзеге асыру, өз әрекеті мен өзгенің әрекетіне (өзім-өзге концептісі) талдау 
жасауға дағдыландыру мәселесіне басымдық береді. Сол арқылы «білім беруді 
қайта құру бүгінгі студент ертеңгі маманнан үлкен дайындықты қажет етіп, 
олардың тұлғалық қасиеттері мен мамандық құзырлықтарына жоғарғы талап 
қояды. Қазіргі уақытта мұғалім білім беру жүйесіндегі кез келген қайта 
құрулардың және педагогикалық үдерістің негізгі субъектісіне айналып отыр. 
Шығармашылық 
ізденіс 
қабілеті 
дамыған, 
жаңа 
педагогикалық 
технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан болашақ 
маманды даярлау оқытушының бір уақытта педагог, психолог және оқу үрдісін 
ұйымдастырушы технолог болуын талап етеді. Сонымен қатар оның студенттің 
шектеусіз қабілетін дамыта алатындай білім берудің әлемдік кеңістігін құруға 
қабілеті бола білуі шарт. Бұдан мұғалімнің мамандық шеберлігі анықталады. 
Студентті тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуын 
дамытып, өз бетінше өрлеуіне жағдай тудыру қажет. Яғни, білім беруді жаңа 


88 
қырынан ұйымдастыру оқытушының дайындық деңгейі мен мамандық 
сапасына үлкен талап қояды. Оқытушы студенттің өзін-өзі дамытуына, өзіндік 
білім алуына баса назар аударып, оның білім берудің жаңа технологияларын, 
ақпараттық коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие үдерісінде жан-жақты, 
әрі еркін пайдалана білуіне ықпал етуі тиіс» [138, 24-25 бб.]. Білім берумен 
игеруге қатысты материалды оқытушы мен оқушының бірлескен жұбы 
меңгеруге қатысты мәселені әралуан технологияларды пайдаланудың 
нәтижесінде қол жеткізеді.
Жоғары оқу орындарында омонимдік құбылыстарды оқытуда бүгінгі 
өндірісте тиімді деп танылған инновациялық жаңа технологияларды пайдалану 
арқылы педагогикалық құндылықтарды игеруге болады. Оқыту жүйесіндегі 
педагогикалық құндылықтардың нәтижесі дара тұлғаны (толық адам, кемел 
адам, т.б.) қалыптастыруға бағытталады. Дара тұлғаның қалыптасуында 
лингвистикалық білімнің алатын маңызы жоғары. Яғни, тұлғаның қалыптасуы 
мен әлеуметтік сапасының артуы білім мазмұнына негізделеді. Ал білім 
мазмұнының қалыптасуы әдістемелік технологиялар арқылы жүзеге асады. 
Білім мазмұнының толығуында шығаpмашылық iс-әрекеттің нәтижесі мен сыни 
ойлаудың дамыта оқуға ұласуы арқылы да жүзеге асады.
Тілдегі омонимдік құбылыстарды меңгертуге бағытталған бiлiм мазмұны 
тұлға болмысын қалыптастыруға қатысты болады. Жоғары оқу орындарындағы 
білім алушылардың оқу үдерісі педагогикалық үдеріске негізделіп, олардың 
танымдық және ойлау мүмкіндіктерін дамытуда омонимдік құбылыстардың 
қызметі көрсетіледі. Омоним құбылысын меңгертуге негізделген білім 
мазмұнының құрылымы қазақ тілінің өміршеңдегі мен жасампаздығына 
негізделу арқылы жүзеге асады. Омонимдік құбылыстарды меңгертуге 
негізделген оқу бағдарламасындағы білім мазмұнында омонимдік құбылыстар 
омофондар мен омографтармен бірге, омоним тудырушы компоненттердің 
ғылыми аспектілерін де қамтиды. «Көпмағыналы сөздер мен омонимдерді 
оқытудың педагогикалық және психологиялық негіздерін ашу үшін 
оқушылардың тілін дамыту әдістемесінің теориялық негізіне, тіл мен ойлаудың 
байланыстылығын, сөйлеудің туып, қалыптасуын зерттеген логикалық, 
психологиялық ілімдерге, сондай-ақ лексиканы оқытудың лингвистикалық 
негіздеріне жасалған нәтижелеріне сүйендік.
Жалпы, әрбір әрекет, оның ішінде сөйлеу қызметі түрлі операциялардан 
құралады. Әрекет әрдайым белгілі бір мақсатпен сәйкес келеді, ал операция 
белгілі бір машықпен саналы түрде орындалады» [10, 37 б.]. Демек, қандай да 
бір технология болмасын шеберлікті шыңдауға, білімді сапалы игеруге, саналы 
ұрпақ қалыптастыруға жетелейді. Білім алушының бойындағы омонимдік 
құбылыстарды игерудегі қызығушылығы, сыни тұрғыда ойлау мен дамыта 
оқытудың, деңгейлеп меңгеру мен сатылап үйренудің, қатысымдық және 
танымдық бағалаудың әрекеттері арқылы көрініс табады.
Бүгінгі таңда білім беру жүйесінде көптеген технологиялар қолданыста 
жүргендігі белгілі. «Қазіргі инновациялық технологияларды бeлсeндi eнгiзу: а) 
диалогтік өзара әрекетті; ә) ынтымақтастықта жұмыс iстeу қабiлeтiн жоғаpы 


89 
етуді; б) жұппен және шағын топта бeлсeндi жұмыс iстeу қабiлeтiнiң жоғаpы 
болуын; в) алынған ақпаратты сыни тұрғыдан ойлап, бағалауын; г) және өзiнiң 
ойын танымдық тұрғыдан дамытып, логикалық тұpғыдан дәлeлдi түpдe жeткiзe 
білуін арттырады.
Жаңа 
технологияны 
меңгеру 
– 
оқытушының 
интеллектуалды, 
адамгepшiлiктi, рухани сауаттылық және де басқа да көптеген адами келбетінің 
қалыптасуына әсepiн тигiзуiнe, өзiн-өзi дамытып оқу-тәрбие үлгiсiн тиімді 
ұйымдастыруына көмeктeсeдi» [139, 131 б.]. 
Жоғары оқу орындарында омонимдік құбылыстарды оқыту арқылы білім 
алушылардың ұтымды ойлап, ұшқыр сөйлеу дағдысын, ойын ашық айтып 
дискуссияға 
әзірлігін 
қалыптастыруда 
коммуникативтік 
үдерістің 
информативтік және эмотивтік аспектілерін игерту қажет. Соның нәтижесінде 
информативтік аспектіде тілдің ақиқат әлемдегі нақтылы деректерді жеткізу 
қабілеті артса, эмотивтік аспектіде тұлғаның ішкі жан әлеміндегі көңіл күй 
ауанының тербелісі анықталады. Мұндағы эмотивтілік қызметте сөздің образды 
бейнесінің пәрменін толық сезіну арқылы сөз бен ойдың қабысуын қамтамасыз 
етеді. Омонимдік бірліктердің әлеуметтік әлеуетінің бүгінгі таңдағы мағыналық 
мазмұны білім алушылардың коммуникативтік шеберлігін жетілдіруде оқу-
тәрбие үдерісінде де қолданылады.
Бүгінгі жаһандану жағдайында ел мен елді, жер мен жерді, адам мен 
адамды табыстыру мен байланыстыруда қатысымдық әрекеттің алар орны 
ерекше. Қоғамдық өмір үшін қатысымдық әрекеттің маңызы қаншалықты зор 
болса, білім беру үдерісінде соншалықты маңызды деп тануға болады. Яғни, 
«қазақ тілін қатысымдық әдіс арқылы оқыту барысында әдіскер-ғалым 
Ф.Оразбаева мынандай ұстанымдарды ұсынады. 
1. Тіке байланыс; 
2. Адамның жеке қабілетін ескеру; 
3. Сөйлеуге үйретуде жүргізілетін жұмыстардың түрлерін айқындау; 
4. Сатылап даму; 
5. Динамикалық өзгеру, 
6. Өзектілік. 
Бұл қатысымдық әдісті пайдаланудың тиімді жолы деп оның тіке 
байланысқа негізделіп, адам мен адамның тікелей қарым-қатынасы арқылы 
тілді үйретуді жүзеге асыруын айтады» [139, 141 б.]. Ғалымның бұл жіктемесін 
тек тіл үйретуге ғана қатысты емес, жалпы оқу үдерісінде пайдалану арқылы 
тілдік білімнің әлеуметтік маңызын арттыруға болады. Ал тілдік білімнің 
әлеуметтік маңызының артуы, педагогикалық қуатының артуына септігін 
тигізеді. 
Омонимдік құбылыстарды оқытудағы педагогикалық технология жоғары 
оқу орындарында ғылыми қолданыс тапқан жинақталған тәжірибелер негізінде 
дәстүрлі және инновациялық жаңа технологиялар арқылы жүргізіледі. 
Сондықтан қазіргі білім алушылардың омонимдік құбылыстарды игерудегі 
педагогикалық тәлімі мен когнитивтік дүниетанымы жан-жақты түрде 
инновациялық технологияларға, жаңашыл идеяларға негізделіп, оқытудың жаңа 


90 
технологияларын өмірлік қажеттіліктерде тұтыну арқылы жүзеге асады. 
Омонимдік 
құбылыстардың 
когнитивтік 
семантикасын 
оқытуды 
технологияландыру арқылы педагогикалық әлеуетін күшейтуге болады. Білім 
алушылардың білімі мен педагогикалық тағылымын үнемі жетілдіріп, тың 
ізденістер мен тәжірибелер жасаудағы сенімділігін арттырып тұлғалық 
болмысын қалыптастыруға болады [140, 254 б.].
Омонимдерді когнитивті-семантикалық тұрғыда оқыту негізінде аталған 
ұстанымдарды басшылыққа алып, танымдық сипатта көрініс тапқан омонимдік 
жұптарға модель құру арқылы студенттерге таныту, білім алушының танымдық 
аясын кеңітетіні сөзсіз. Осыған орай төмендегі модельді мысал ретінде 
ұсынуға болады. (Сурет 2).
Бауыр зт.
Туыстық атау
Бауыр зт. 
анатомия
Мақалдар
Тіркестер
фразелогизм
Мәтінде 
кездесуі
Нақыл сөз
Ұлағатты сөздер
Салт дәстүрге 
қатысты


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет