Карбозова булбул давлетханкызы



Pdf көрінісі
бет67/108
Дата07.02.2022
өлшемі3,13 Mb.
#90258
түріДиссертация
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   108
Байланысты:
karbozova-b-d-dissert

2-тарау бойынша тұжырым 
1. Қазіргі заманғы философиялық ойдың білім ұғымы мен мазмұнына 
деген сонылық сипаттағы тұжырымдар лингвистикалық білімдер аясындағы 
омонимдік құбылыстарды оқытуды жаңаша пайымдаудың қажеттігін көрсетті. 
Омонимдік құбылыстарды оқыту логика-философиялық тұжырымдармен 
білімнің мәні мен мазмұны және оның өмірдегі қолданылу сипаты тұрғысынан 
ұштасады. Омонимдерді жоғары оқу орнында оқытудың формасы мен мазмұны
сананың 
объективтілігін 
мойындайтын 
неотомизмдік 
философиямен,
философиялық прагматизм бағыттарымен сабақтасып жатыр. Тілді оқыту 
әдістемесі саласындағы мәселелерді философиялық тұрғыдан негіздеу жалпы 
педагогиканың ғылымаралық байланыстарынан туындайтын заңдылықтармен 
сипатталады.
2. Омонимдік құбылыстарды оқытудың логика-философиялық негізінде 
білім алушылардың дара тұлғалық болмысының интеллектуалдық әлеуетінің 
артуы, адамгершілік қасиетінің сапасы, қоғамдық қарым-қатынастарының қол 
жеткен танымдық әрекетінің дәрежесі ретінде қарастырылады. Білім 
алушылардың 
омонимдік 
бірліктерді 
оқыту 
барысындағы 
логика-
философиялық негізі әлеуметтік, танымдық, адамгершілік, көркемдік, тілдік 
т.б. категориялардың даму заңдылықтары мен ұстанымдарын этнотанымдық 
және жалпы білімдік тұрғыдан саралауға жол ашады.
3. Омонимдік құбылыстарды оқытудың астарында философиялық 
білімнің өзіндік ерекшелігі болады. Мұнда тілдік бірліктер арқылы 
философиялық біліммен қатар дүниетанымдық ілімі қалыптасады. Білім 
алушылар омонимдік құбылыстардың философиялық негізінде өзінің ақыл-
парасаты мен өмірлік тәжірибесін, ой түйсігі мен танымдық әрекетін, өзінің 
дүниетанымын қалыптастырады және оны дамытады, ақиқат әлемге, адамға, 
қоғамға деген өзіндік көзқарасын жетілдіреді.
4. Жоғары мектепте тілді оқыту мен тілдік дағдыны қалыптастыру 
үдерісіне қатысушылар тұлғалық сипаты басым, психофизиологиялық жағынан 
дараланатын субъектілер болғандықтан, омонимдерді оқытуды психологиялық 
жағынан негіздеп алудың маңызы зор. Білім қабылдаушы тарапынан барынша 
толық игерілу үшін, ең алдымен, жеке тұлғаның психологиясы, тұлға мен 
ұжымның оңтайлы психологиялық келбетін қалыптастыру бағытындағы 
әрекеттер орындалады. Мұндай бағыттағы жұмыстар мазмұны оқытудың 
жоспарлау-ұйымдастыру сатысында да, сабақ үдерісі кезінде да орындалатын 


93 
әрекеттердің маңызды құрамдас бөлігін құрайды. Жоғары оқу орнындағы 
омонимдерді оқыту үдерісі білім алушыға тек ақпараттық сипаттағы білім мен 
механикалық сипаттағы дағдыларды ғана қалыптастыруды көздемейді. 
Сонымен бірге тұлғаны психологиялық жағынан кәсіби әрекет аясына сай 
дамытуды мақсат тұтады.
5. Омонимдік бірліктерді оқытудың психологиялық негізінде білім 
алушылардың ойлау әрекеттері, ойлау мен сөйлеу әрекеті жүйеленеді. Сол 
арқылы жазбаша және ауызша сөйлеу тілі (сөйлеудің этикеті мен сөз мәдениеті) 
дамиды. Омонимдік құбылыстарды оқытудың психологиялық негізінде білім 
алушының сезінуі арқылы алған ақпараттарды өңдеп, сезімдік әрекеттерден тыс 
нәрселерді танып білуіне мүмкіндік туады. 
6. Омонимдерді оқыту тілдің басқа да мағыналық және құрылымдық 
бірліктерін оқыту бағдарлары сияқты жалпы педагогикалық заңдылықтар мен 
қағидаларға сүйенеді. Педагогика ғылымының заңдылықтары мен дидактикасы 
омонимдік құбылыстарды оқытудың негізгі алғышарттарын түзіп, оқыту 
үдерісінің нәтижелі болуына кепіл болады. Омонимдерді оқытудағы басты 
меже мен күтілетін нәтиже тұлғаның бойында білім мен оны кәсіби деңгейде 
қолдана білу болғандықтан, педагогикалық қағидалар қоғамдық мәнмәтіндегі 
тұлға мен білім мазмұнын қабат қамтиды.
7. Омонимдік құбылыстарды оқыту барысындағы білім алушылардың 
оқу-танымдық әрекетінің нәтижелілігі мен шынайылығын педагогикалық 
үдерістер айқындайды. Омонимия құбылысын жоғары оқу орындарында оқыту 
әдістемесі, бір қарағанда қалыпты бағдарламалық талапқа сәйкес үрдіс секілді 
көрінеді. Алайда омонимдік бірліктерді оқытудың өн бойында танымдық 
әрекеттердің небір күрделі түрлері мен сатылары жүргізіліп, түрлі логика-
философиялық тұжырымдар жасалып, соның нәтижесінде білім алушының 
рухани жан әлемі мен тәлімдік-тәрбиелік дағдысы қалыптасып жатады. 


94 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет