Аллергология
32 жасар әйел, түшкіруге, мұрын бітелуіне, мұрынынан су ағуына, маңдай бөлігінде бас ауруына шағымданады. 15 маусымнан бері ауырады. 4 жылдан бері жылдың осы мезгілінде ауыратынын байқаған. Р- түсірілімінде гаймор қуыстарында қараю байқалады. Осы науқаста қандай патология байқалуы мүмкін?
* Жедел іріңді гайморит
* Жедел риносинусит
* Созылмалы аллергиялық ринит
* Поллиноз, риносинусит
* Жедел серозды гайморит
25 жасар әйел, мұрын бітелуіне, түшкіру ұстамаларына, мұрыннан су ағуына және мұрын қанаттарында қышуға, көз қызаруына, көзден жас ағуына шағымданады. Бұл симптомдар шілде-тамыз айларында пайда болады. Бұрын емделмеген. Науқасқа қандай дәрілік зат тағайындаған дұрыс?
* Ксиметазолин
* Димедрол
* Беклометазон дипропионат
* Преднизолон
* Лоратадин
17 жасар науқас, стоматолог қабылдауына барғанда жергілікті анестезия жасаған. Науқаста 5 минут өткен соң айқын ентігу, ауыз қуысы кілегей қабаттарының және тілдің ісінуі, бозару, тершеңдік байқалған. Пульс әлсіз, жіптәрізді. Шұғыл жәрдем көрсетудің ең алғашқы сатысында қандай дәрілік затты беру тиімді?
* Супрастин
* Димедрол
* Триамциналон
* Адреналин
* Допамин
Пенициллинді топ дәрілеріне аллергиясы бар науқаста анафилактикалық шокты қайтарылған. Бұл науқасты әрі қарай алып жүру үшін қандай тактика дұрыс?
* Ешқандай дәрілік зат тағайындамай, 24 сағат бақылауда қалдыру
* Супрастин тағайындап, үйіне жіберу
* 5 мг преднизалон тағайындап, үйіне жіберу
* Тавегил б\е тағайындап, 48-72 сағат бақылауда қалдыру
* Адсорбикс тағайындау және 7 күннен кем емес бақылауда ұстау
Науқастың ішінде және аяғында, қолының жазылушы беткейінде қышитын күлдіреуік бөртпелер байқалады. Науқаста қандай патология болуы мүмкін?
* Атопиялық дерматит
* Аллергиялық дерматит
* Есекжем
* Полиморфты экссудативті эритема
* Жанаспалы дерматит
Бронх демікпесінің базисті терапиясының тиімділігін мына аталғандардың қайсысы көрсете алады?
* Бронхообструкциясы эпизодтары күндіз тәулігіне 1-2 реттен көп емес
* Бронхообструкциясы эпизодтары түнде 3 тәулікте 1 реттен көп емес
* Сальбутамолға тәуелділік 6 реттен көп емес тәулігіне
* Тыныс шығару жылдамдығының пикінің ортатәуліктік мәні – 80% төмен
* Бронхтың тәуліктік лабилділігі – 20% төмен
Антигистаминді дәрілік заттардың 2-шә туындыларына мына аталған дәрілік заттардың қайсысы жатады?
* Супрастин
* Димедрол
* Тавегил
* Эбастин
* Пипольфен
26 жастағы әйел, тұншығу ұстамаларына, тұмауға, мұрыннан су ағуына шағымданады. Мұндай жағдай көктем-жаз айларында қайталанып тұрады. Терілік сынамаларда қараагаш пен мятликке гиперсенсибилизация бар екені анықталды.
Төменде аталған диагноздардың қайсысы сай келуі мүмкін?
* Бронх демікпесі, аралас түрі
* Бронх демікпесінің аспиринді түрі
* Бронх демікпесі, атопиялық түрі, ринит
* Бронх демікпесі, инфекционды-аллергиялық
* Поллиноз, бронх демікпесі, риноконьюнктивит
25 жасар науқас әйел, тұншығу ұстамаларына, қиын бөлінетін қою сары түсті қақырықпен жөтелге шағымданады. Анамнезінде: қызанаққа аллергиясы бар. Өкпесінде – қораптық дыбыс, тыныс алу бірден төмендеген, көптеген құрғақ ысқырықты сырылдар; ТАЖ 24 рет мин.; ОФВ1 – 53%; ОФВ1/ФЖЕЛ – 81%.
Терапияның алғашқы сатысында қай дәрілік затты тағайындаған тиімді?
* Эуфиллин көк тамыр ішіне
* Кетотифен per os
* Преднизолон per os
* Амброксол ингаляция түрінде
* Будесонид ингаляция түрінде
Бронх демікпесінің жеңіл ағымында науқасқа мына аталған дәрілік заттардың қайсысын тағайындау дұрыс?
* Эуфиллин таблетка түрінде
* Кетотифен per os
* Преднизолон per os
* Недокромил натрия ингаляция түрінде
* Будесонид ингаляция түрінде
Пероралды кортикостероидтармен ингаляциялық кортикостероидтарды салыстырғанда қандай артықшылықтары бар?
* Мес клеткаларына қатынасы тиімді
* Гистамин синтезінің айқын төмендеуі
* Қабыну ошағында айқын лимфоциттер апоптозы
* Жүйелі жанама әсерлерінің болмауы
* Қолданудың жеңілдігі
Бронх демікпесімен сырқаттанатын науқастарда ұзақ уақыт кортикостероидтарды қолданғанда стероидты резистентілік дамиды. Бұл процесстің негізінде қандай механизм жатыр?
* Т-хелпер екінші типінің белсенділігінің төмендеуі
* Бронх кілегей қабаттарында атрофиялық процесстердің болуы
* Рецепторлардың кортикостероидтарға сезімталдыгының және санының төмендеуі
* Бүйрек үсті безі қыртысының екіншілік жетіспеушілігінің дамуы
* Бета- адренрецепторларға аутоантиденелердің пайда болуы
22 жасар науқас, бронх демікпесімен сырқаттанады, қабылдау бөліміне жеткізілді. Қарағанда: қозулы, дене қызуы 36,7°С, ЖСЖ - 120 рет мин., ТАЖ - 24 рет мин. Аускультацияда: тыныс алуы бірден әлсіреген, аздаған құрғақ сырылдар. Анамнезінде: тәулік бойында беротектің 10 ингаляциясын қабылдаған, жақсару жоқ. Жедел жәрдем дәрігері 10 мл 2,4% эуфиллин ерітіндісін көк тамыр ішіне жіберген. Эуфиллинге қосымша қандай дәрі жіберілуі қажет?
* Сальбутамол
* Тиосульфат натрия
* Супрастин
* Метилпреднизолон
* Будесонид
Бронх демікпесімен сыркаттанатын науқас күнделікті тұншығу ұстамаларына, түнгі ұстамалар 2-3 рет аптасына болуына шағымданады. ПСВ - 64%, тәуліктік вариабельділік – 38%. Науқасты жүргізуге аталғангандардың қайсысы қолдануға тиімді болып есептеледі?
* Преднизолон
* Флутиказон
* Сальметерол
* Теофиллин
* Интал плюс
Достарыңызбен бөлісу: |