Кардиология



бет4/9
Дата06.02.2022
өлшемі2,84 Mb.
#80475
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
ТЕРАПИЯ-БОЙЫНША-ДИПЛОМНАН-КЕЙІНГІ-ДАЙЫНДАУ-КАФЕДРАСЫ-ТЕСТІЛІК-ТАПСЫРМАЛАР

Эндокринология

48 жастағы әйел дене салмағының жоғарлауына, басының ауыруына, бетіне түк шығуына шағымданады. Объектиті: екі беті қызарыңқыраған, іші ұлғайған, аяқ қолы жүдеген. АҚҚ - 190/110 мм сын. бағ. Рентгенограммада: омыртқа бағанасы сүйектерінің остеопорозы. Қан мен зәрде гидрокортикотропиннің денгейі аздап жоғарлаған.


Берілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?
* Семіздік
* Гломерулонефрит, СБШ
* Артериальды гипертензия
* Иценко-Кушинг синдромы
* Біріншілік альдостеронизм

Таулы аймақтың 34 жастағы тұрғыны әлсіз тұншығуға шағымданады. Қарау кезінде: қалқанша безі көзге көрінеді, көлемі II сатысына дейін ұлғайған, пальпациялағанда жұмсақ ауырсынусыз. Зерттеген кезде: ТТГ – 2,0 мкМЕ/мл (N 0,4-4,0 мкМЕ/мл), тиреопероксидазаға антидене титрі – 30 мЕД/л (N < 100 мЕД/л).


Берілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?
* Ридел Тиреоидиті
* Эндемиялық жемсау
* Хашимото ауруы
* Біріншілік гипотиреоз
* Диффузды токсикалық жемсау

23 жастағы жасөспірім ессіз жағдайда ауруханаға түсті. Объективті: терісі құрғақ, беті қызарған, тыныс шығарған ауада ацетон иісі, Куссмаул тынысы, АҚҚ -130/90 мм сын. бағ. пульс - 102 рет/мин. Тексерген кезде: гликемия - 28,4 ммоль/л, глюкозурия - 6 %, зәр реакциясы ацетонға – күрт оң.


Науқаста берілген комалардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?
* Бүйректік
* Уремиялық
* Гиперосмолярлы
* Кетоацидозды
* Гиперлактацидемиялық

32 жастағы әйел нейроциркуляторлы дистония, гипертоникалық типі бойынша жүрек аймағындағы аурусынуға, жүрек қағуына, арықтауына шағымданады. Объективті: терісі ылғалды, қол саусақтарының дірілі, АҚҚ - 160/70 мм сын. бағ., пульс – 130 рет/мин. Зерттеу кезінде: ТТГ – 0,01 мЕД/л (N– 0,4-4,0 мЕД/л), босТ4 – 36 пмоль/л (N– 10-23 пмоль/л).


Жүрек-қантамыр жүйесі функциясының бұзылуының БАРЫНША мүмкін себебі?
* Миокардит
* Гипертиреоз
* Кортикостерома
* Феохромоцитома
* Пролактин-синтездеуші аденома

20 жастағы қызды бір жыл көлемінде жүректің қатты соғуы, ашуланшақтық, ұйқының бұзылуы, арықтау, қолдың дірілдеуі мазалайды. Қарап тексергенде: бойы - 162 см, салмағы – 54 кг. Терісі ылғалды. Экзофтальм, көз жылтыраған, қол саусақтарының әлсіз дірілі байқалады. Кохер симптомы оң. Қалқанша безі 2 деңгейге дейін ұлғайған, жұмсақ. АҚ – 130/60 мм с. б., пульс – 118 рет/мин, жүрек тондары күшейген, жүрек ұшында және Боткина–Эрба нүктесінде систолалық шуыл естіледі.


Берілген ауруды емдеуде БАРЫНША тиімді препаратты таңдаңыз:
* Тиреостатиктер
* Калий препараттары
* Транквилизаторлар
* Кальций антагонисттері
* Тиреоидты препараттар

1 типті қант диабеті бар бозбала ЖРВИ-мен ауырды және ол төменгі бөліктік пневмониямен асқынды.


Емдеу тәсілінің қайсысы БАРЫНША тиімді?
* Инсулинді алып тастау
* Сульфаниламидтер қолдану
* Инсулиннің тәуліктік дозасын төмендету
* Инсулиннің тәуліктік дозасын жоғарылату
* Тағамда көмірсу мөлшерін төмендету

47 жастағы әйел, тәбетінің жоғарылауы, физикалық жүктеме кезіндегі ентігуге шағымданады .Кондитер болып жұмыс істейді.Семіруге тұқымқуалаушылық бейімділігі бар. Обьективті: бойы 160 см, салмағы 90 кг, теріүсті май қабатының біркелкі орналасқан. АҚҚ-130/85 мм с.б. Аш қарынға гликемия-5,6 ммоль/л.


Көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?
* Қантты диабет 1 типі
* Қантты диабет 2 типі
* Иценко-Кушинг ауруы
* Гипоталамикалық семіру
* Алиментарлы-конституционалдық семіру

Қантты диабетпен ауыратын 19 жасар жасөспірім ессіз күйде жеткізілді. Қарап тексергенде: жүдеу, тері жабындысы ылғал. Бұлшықет тонусы жоғарылаған. Қарашықтары кеңейген, жарыққа жауапсыз. Тілі ылғал. ТЖ-мин 24. ЖСЖ-мин 105.


Науқаста көрсетілген команың қайсысының дамуы БАРЫНША мүмкін?
* Бауырлық
* Гиперосмолярлы
* Кетоацидотикалық
* Гипогликемиялық
* Лактатацидоздық

Қабылдау бөліміне 35 жасар ер адам, вирусты инфекциядан кейін іш аймағында ауыру сезімі, жүрек айнуы, жалпы әлсіздікпен жеткізілді. Об - ті: терісі құрғақ, бозарған. Дем шығарғанда ацетон иісі байқалады. Жүрек тоны бәсеңдеген, АҚҚ-105/70 мм с.б.. ЖСЖ-мин 100. Іші қатты, эпигастрий аймағының ауыруы. Зерттеу барысында гликемия - 20 ммоль/л, кетонурия ++.


Көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?
* Қантты диабеті 1типі, кетоацидоздық кома
* Қантты диабеті 2 типі, ауыр ағымды, компенсация сатысы
* Қантты диабеті 1 типі, ауыр ағымды, компенсация сатысы
* Қантты диабеті 1 типі, бірінші рет анықталған, кетоацидоз
* Қантты диабеті 1 типі, бірінші рет анықталған, компенсация сатысы

А. атты 43 жасар науқас салмағының артуын, терісінің құрғауын, бетінің аздап ісінуін, ішінің қатуын айтты. Объективті: бойы – 168 см, салмағы - 92 кг, өкшесі мен шынтағының айқын гиперкератозы. Беті ісінген, көзі сығырайған. ЖСЖ – 46 рет минутына, АҚ – 90/60 мм с.б. Сіздің болжам диагнозыңыз?


* Эдемиялық жемсау
* Гипотиреоз
* Пиквик синдромы
* Созылмалы пиелонефрит
* Тиреотоксикоз

Симптоматикалық гипергликемия берілген аурулардың қайсысында болмауы БАРЫНША мүмкін?


* Гипотиреозда
* Акромегалияда
* Феохромоцитомада
* Кушинг синдромында
* Жайылмалы уытты зобта

35 жастағы әйел басының ауыруына, қан қысымының жоғарылауына, етеккірінің бұзылысына шағымданады. Қарап тексергенде бойы 158 см, салмағы 70 кг, бетінде және денесінің жоғарғы бөлігінде май көп жиналған. Бас қаңқасының рентгенографиясында: түрік ершесі өлшемдерінің ұлғаюы.


Төмендегі диагноздың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?
* Конн синдромының
* Феохромоцитоманың
* Біріншілік семіздіктің
* Иценко-Кушинг ауруының
* Иценко-Кушинг синдромының

48 жастағы әйелді түнгі тер басу, депрессия, ыстықтау, ұйқысының бұзылуы, зәр тоқтамау мазалайды. Денсиметрияда остеопороз анықталды.


Берілген жағдайда төмендегі емнің қайсысын жүргізген БАРЫНША тиіміді?
* Витаминотерапияны
* Емдәм тағайындау
* Антибактериалды терапияны
* Орынбасушы гормонотерапияны
* Психотропты дәрілерді

Атеросклероз даму қаупі жоғарылығы мен ерекшеленетін метаболикалық синдромның му негізіне төмендегі жағдайлардың барлығы тән, мынадан басқасы:


* Cеміздік
* Гиперлипидемия
* Қантты диабет
* Инсулинорезистенттілік
* Артериальды гипотензия

Қысқа әсерлі инсулиндерге жатады:


* Лантус
* Детемир
* Хумулин
* Протафан
* Инсуман рапид

2 типті қант диабетінің компенсациясының белгілеріне жатуы Барынша мүмкін:


* HbA1с < 8,0 %
* HbA1с < 9,5 %
* Зәрдегі глюкоза > 0,5 %
* Холестерин < 6,0 ммоль/л
* Ашқарындағы гликемия < 7,0 ммоль/л

Дене салмағы артық 50 жастағы әйелде ашқарындағы гликемия деңгейі 2 рет 6,9 және 7,2 дейін жоғарылағаны байқалған.


Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?
* Семіздіктің
* 1 типті қант диабетінің
* 2 типті қант диабетінің
* Ашқарындағы гликемияның бұзылысы
* Глюкозға толеранттылықтың бұзылысы

Бір жыл бұрын 18 жастағы ер жігітте қант диабетінің 1 типі анықталып, инсулинтерапиясы тағайындалған. 8 айдан кейін инсулинге қажеттілік күрт төмендеп, инсулин тоқтатылды. Жағдайы қанағаттанарлық. Ашқарынға гликемия 4,2 - 5,0 ммоль/л, тамақтан соң – 7,2 ммоль/л жоғары емес.


Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?
* Ашқарындағы гликемияның бұзылысы
* Глюкозаға толеранттылықтың бұзылысы
* Қант диабетінің 1 типі, декомпенсация
* Қант диабетінің 1 типі, субкомпенсация
* Қант диабетінің 1 типі, ремиссия жағдайы

Инсулинтерапияның асқынуларына жатуы БАРЫНША мүмкін?


* Глюкозурия
* Гипергликемия
* Липодистрофия
* Тромбоцитопения
* Трансаминазалардың жоғарлауы

1 типті қант диабетімен ер адамда қысқа кезеңді қозулы кенеттен дамыған команың мынау болуы БАРЫНША мүмкін?


* Бауырлық
* Лактацидоздық
* Гиперосмолярлық
* Кетоацидоздық
* Гипогликемиялық

4 жыл бойы қант диабетімен ауыратын 16 жастағы қыз бала инсулинтерапиясын алады. Дене шынықтыру сабағы кезінде есінен танып, қысқа мерзімдік тырысулар болды. Терісі ылғалды.


Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?
* Гиперосмолярлы кома
* Лактацидозды кома
* Кетоацидозды кома
* Гипогликемиялы кома
* Жедел өкпе-текті жүрек жетіспеушілігі

27 жастағы ер адам ессіз жағдайда қабылдау бөлімшесіне жеткізілді. Іштің алдыңғы бетінде егу іздері бар. Қарап тексергенде: жүдеу, тері жабындысы ылғалды. Бұлшықеттер тонусы жоғарылаған. Қарашықтары кеңейген, жарыққа тітіркенбейді. Тілі ылғалды, алқызыл түсті. Тыныс шығарғанда ерекше иіс жоқ. Тынысы бір қалыпты - 24 рет мин. Пульс 105 рет мин. Бауыры қабырға доғасынан 4 см төмен, тығыз. Қанда: лейкоциттер – 8,6 мың, ЭТЖ – 22 мм/сағ. Зәр анализінде: меншікті салмағы – 1029, лейкоциттер – 10-12 к/а, белок жоқ.


Төмендегі комалардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?
* Бауырлық
* Гиперосмолярлы
* Кетоацидозды
* Лактацидозды
* Гипогликемиялы

17 жасар жасөспірімде 1 дәрежелі эндемиялық зоб анықталды. Эутиреозды жағдай. Пациентті жүргізудің қандай тәсілі БАРЫНША тиімді?


* Левотироксинді қабылдау
* Мерказолил мен β-блокаторларды қосақтап қабылдау
* Йод препараттарын өмір бойы тәул. 100 мкг мөлшерінде қабылдау
* Левотироксин және йод препараттарын қосақтап қабылдау
* 6 ай бойына тәулігіне 200 мкг йод препараттарын қабылдау

25 жастағы әйел, құлаққа берілетін мойын аймағындағы ауыру сезімі мен жұтынудың қиындауына шағымданады. Жағдайының нашарлауын ЖРВИ ауырғанымен байланыстырады. Қарап тексергенде: жағдайы орташа ауырлықта, Т – 37,8ºС. Терісі ылғалды, ыстық. Қалқанша безі 2 - дәрежеге ұлғайған, тығыз, сипағанда ауырмайды, айтарлықтай қозғалмалы емес. Пульсі - 96 рет мин., АҚ -120/80 мм с.б.б. Қанда: Нв - 134 г/л, лейкоциттер - 9,8 мың., ЭТЖ - 30 мм/сағ. Тироксин – 100 нмоль/л.


Төмендегі диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?
* Тиреотоксикоздың
* Жеделдеу тиреоидиттің
* Фиброздық тиреоидиттің
* Аутоиммундық тиреоидиттің
* Жедел іріңді тиреоидиттің

32 - жастағы әйел аздаған әлсіздік, шаршағыштыққа шағымданады. Қарап тексергенде; қалқанша безі ассимметриялы ұлғайған, сипағанда беті тегіс, шекарасы айқын, қозғалмалы түйін анықталады.


Емдеудің қандай тәсілі БАРЫНША тиімді?
* Тиреостатиктерді
* Йод препараттарын
* Оперативті емді
* Тиреоидты гормондарды
* Қабынуға қарсы препараттарды

33 жастағы әйел әлсіздік, шаршағыштыққа шағымданады. Анамнезінде: қалқанша безінің субтотальді резекциясы, тәулігіне 50 мкг L-тироксинді қабылдайды. Объективті: беті ісіңкі, жүрек үндері тұйықталған. АҚ - 100/70 мм с.б.б. ЭХОКГ-да перикард қуысында сұйықтық анықталды.


Төмендегі зерттеу әдістерінің қайсысы БАРЫНША мәліметті?
* ЭКГ
* Қанның бактериальдық себіндісі
* Кеуде аралық КТ
* Т3 және Т4 деңгейлерін анықтау
* АҚ тәуліктік мониторлау

38 жастағы әйелғ дене салмағының артуы, терлеудің азаюы және бетінің ісінуіне шағымданады. Ұзақ уақыттан бері созылмалы тонзиллитпен ауырады. Объективті: бойы-158 см, салмағы - 89 кг. Стриялар жоқ, айқын гиперкератоз. Беті ісіңкі, көз шарасының шекаралары айқын емес. ЖЖЖ - 56 рет мин. АҚ - 100/60 мм с.б.б. Қанда: эритроциттер - 3,2 млн., лейкоциттер - 7,5 мың., Нв - 82 г/л, ЭТЖ - 14 мм/сағ, қандағы глюкоза - 3,3 ммоль/л, сарысу белоктарымен байланысқан йод - 300 ммоль/л.


Емдеудің қандай тәсілі БАРЫНША тиімді?
* Витаминдік ем
* Зәр айдағыштарды тағайындау
* Қабынуға қарсы терапия
* Төмен калориялы емдәмді тағайындау
* Тиреоидты препараттармен емдеу

35 - жастағы әйел, стресстен кейін тершеңдік, мазасыздық, дене салмағының азаюына шағымданады. Объективті: бойы – 170 см, салмағы – 55 кг. Терінің айқын гипергидрозы, қолдарын созғанда саусақтары қалтырайды. Жүрек шекаралары солға ығысқан, үндері күшейген, жүрек ұшында систолалық шуыл естіледі, ЖЖЖ - 150 рет мин, АҚ - 140/70 мм с.б.б. Қалқанша безі ұлғайған, 2 дәрежелі. ЖҚА өзгеріссіз. Негізгі зат алмасу 20% жоғарылаған. Ашқарынға гликемия - 6,3 ммоль/л. Холестерин - 7,0 ммоль/л.


Төмендегі зерттеу әдісінің қайсысы БАРЫНША мәліметті?
* ЭХОКГ
* АҚ тәуліктік мониторингі
* Қалқанша безінің пункциясы
* Т3, Т4, тиреотропты гормондарды зерттеу
* Гликозилирленген гемоглобинді зерттеу

43 - жастғы әйел терісінің құрғауы, іш қату, ұйқышылдыққа шағымданады. Анамнезінде созылмалы гайморит. Бойы - 168 см, салмағы - 92 кг. Стриялар жоқ, айқын гиперкератоз. Беті ісіңкі, көз шарасы шекаралары айқын емес. Беті ісіңкі, ЖЖЖ - 60 рет мин. АҚ - 80/60 мм с.б.б. Қанда: Нв - 75 г/л, қандағы глюкоза - 3,5 ммоль/л, сарысу белоктарымен байланысқан йод - 300 ммоль/л.


Төмендегі зерттеу әдісінің қайсысы БАРЫНША мәліметті?
* Т3, Т4, ТТГ зерттеу
* Реберг сынамасын жүргізу
* Қандағы холестеринді зерттеу
* Нечипоренко сынамасын жүргізу
* Глюкозаға толеранттылықты зерттеу

47 - жастағы әйел, 5 күн бұрын жасалған струмэктомиядан кейін пайда болған қалтырау, қорқыныш сезімі, тершеңдік, дене қызуының жоғарылауы, полиурияға шағымданады. Науқас қозған, жылдам, түсініксіз сөйлейді. Терісі ылғалды, гиперемияланған. Қолдың үлкен сілтемелі дірілі байқалады. Дене температурасы 37,2ºС. ТЖ - 30 рет мин. Жүрек үндері анық, тахикардия. ЖЖЖ - 100 рет мин., АҚ - 90/60 мм с.б.б. ЭКГ-да: синустық тахикардия, алдыңғы-перде аймағында реполяризация процестерінің бұзылысы.


Төмендегі зерттеу әдісінің қайсысы БАРЫНША мәліметті?
* Нэб бойынша ЭКГ
* Кольпоцитограмма
* 17-ОКС анықтау
* Бас сүйегінің рентгенографиясы
* Т3, Т4 деңгейін анықтау

22 - жастағы әйел, жүрек қағуының жиілеуі, эмоциональді лабильділік, агрессивтілік, 2 айда 8 кг жүдеуге шағымданып қаралды. Әйел астеникалық типті, терінің гипергидрозы, «телеграф бағанасы» симптомы. ЖЖЖ - 120 рет мин. Қалқанша безі біртекті ұлғайған, аздаған экзофтальм.


Емдеу жоспарына төмендегі топ препараттарының қайсысын бірінші кезекте қосқан БАРЫНША тиімді?
* Тиреостатиктерді
* Β–блокаторларды
* Калий препараттарын
* Тиреоидты препараттарды
* Седативті препараттарды

Қандай дертте науқастардың беті «ай тәріздес» және гиперемия айқын гипертрихозбен сипатталады?


* Акромегалияда
* Феохромоцитомада
* Қантсыз диабетте
* Иценко-Кушинг ауруында
* Адипозогенитальді дистрофияда

17 - жастағы қыз бала, дене салмағының жоғарлауы, бір жыл бойы менструальді циклдің бұзылуына шағымданады. Сан, құрсақ, сүт бездері тері жабындыларында жалпақ қызыл- қоңыр стриялар. АҚ - 140/90 мм с.б.б. Глюкозаға толеранттылық сынамасы: ашқарынға – 4,5 ммоль/л; глюкозалық жүктемеден 2 сағаттан кейін – 8,6 ммоль/л. КТ: екі бүйрек үсті безінің гиперплазиясы. Сағат 8-де қандағы кортизолдың деңгейі -1060 нг/л (қалыпты 260 -720 нг/л), 14 сағ. - 1250 нг/л.


Төмендегі диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?
* Церебральді семірудің
* Иценко-Кушинг ауруының
* Гипоталамустық синдромның
* Штейн-Левенталь синдромының
* Экзогенді-конституциональды семірудің
Семіздіктің барынша жиі кездесетін салдары:
* Гепатит
* Инсульт
* Дуоденит
* Тонзиллит
* Остеопороз

Біріншілік гипотиреозда қандай зертқаналық көрсеткіш БАРЫНША мәліметті?


* Гипопротеинемия
* Ашқарынға және тамақтанғаннан кейінгі төмен гликемия
* Қандағы тиротропин деңгейінің жоғарылауы
* Қандағы гемоглобин деңгейінің жоғарылауы
* Қандағы тиреоидты гормондар деңгейінің жоғарылауы

Пациентте шөлдеу, полиурия және сусыздану белгілері. Гликемия барлық сағаттарда қалыптыдан жоғарыламайды, гиперазотемия жоқ. Зәр реакциясы ацетон мен глюкозаға теріс. Тәуліктік зәрдің меншікті салмағы 1000,0-1004,0-1007,0.


Төмендегі диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?
* Қантсыз диабеттің
* Диабеттік нефропатияның
* Туа біткен өзекшелік синдромның
* Созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің
* Бүйрек үсті безінің созылмалы жетіспеушілігінің

36 - жастағы әйел, салмағының жоғарылауына шағымданады. Дене салмағының индексі 32 кг/м2. Ашқарындағы гликемия - 5,0 ммоль/л.


Төмендегі тәуліктік калораждардың қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді?
* 1200 ккал
* 1400 ккал
* 1600 ккал
* 1800 ккал
* 2000 ккал

Төменде көрсетілген препараттардың қайсысы жоғары минералокортикоидты белсенділікке БАРЫНША ие?


* Урбазон
* Метипред
* Преднизолон
* Дексаметазон
* Кортизон ацетат

16 - жастағы қыз, семіздіктен зардап шегеді. Салмағы – 116 кг, бойы – 172 см.


Егер пациентте үшінші дәрежелі семіздік болса, артық дене салмағы қанша пайызды құрайды?
* < 10 %
* 10-29 %
* 30-49 %
* 50-99 %
* 100 % және >

Семіздіктің емінде төменде көрсетілген препараттардың барлығын қолданады, мынадан БАСҚАСЫ:


* Бигуанидтер
* Диуретиктер
* Сибутрамин
* В-блокаторлар
* Тиреоидты гормондар




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет