карта Бұғанаасты аймақтың топографиялық анатомиясы. Бұғанаасты аймақтың қабаттылық құрылымы. Бұғанаасты аймақтың шел-май кеңістігі. Қанмен қамтамасыз етілуі және иннервациясы


Плевра пункциясын орындау техникасы



бет23/29
Дата30.05.2022
өлшемі1,52 Mb.
#145473
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   29
Байланысты:
топочка полный

2. Плевра пункциясын орындау техникасы.
Пункция(латын тілінде punctіo — егу) — тінді бос инемен не арнайы аспаппен (троакар) тесу. Пункция — шприц инесі арқылы дене қуысын тесу. Пункция арқылы дене қуысына жиналған сұйықтың немесе газды сыртқа шығарады.

  • Жасалу техникасына келер болсақ, егер плевра қуысында шектелген сұйықтық болса,салыстырмалы перкуссия жасап тексереміз.Сондай ақ рентгенография жасап тексереміз. Жасалатын аймақты стерильді жаймамен шектейміз,ине енгізілетін аймақты антисептиктермен өңдейміз. Жансыздандыру үшін 0,5% новокаин ертіндісі қолданылады.Диаметрі 1-2мм және ұзындығы 100мм инені 20граммдық шприцке жалғаймыз ал шприцті резінкеден жазалған ұзын түтікшеге жалғаймыз.

  • Пункция орнын жергілікті жансыздандырамыз, ауырсыну синдромын жоямыз,теріні,теріасты клетчатканы,бұлшықетті,қабырғааралық нервтерді жансыздандырамыз.Сол қолмен теріні қабырға бойымен төмен тартамызда оң қолмен қабырға үстінен пункция жасаймыз инені бірқалыпта ақырын енгіземіз.(қабырға астынан қабырғааралық нервтермен тамырлар өтеді)

  • Шприц сұйықтыққа толған сәтте түтікшені қысамыз себебі плевра қуысына ауанын өтпеуін қамтамасыз етеміз.Бұл процедураны плевра қуысындағы сұйықтық таусылғанша жасаймыз.Егер сұйықтық үлкен көлемде болса электрліксору жасаймыз

  • Алынған сұйықтықты лабораториялық зерттеуге жібіреміз.Тазартылған плевра қуысын антисептикпен және антибактериалды препараттармен өңдейміз.Ине ұшын бірқалыпта жылдам тартып аламызда пункция орнын йод ерітіндісімен өңдейміз.Науқас пункциядан соң 2-3 сағат демалуы қажет

Пункция кезінде болатын қарсы көрсетілімдер: өте жоғары қанағыштық, тері аурулары пиодермия (терінің іріңдеуі), белдеме теміреткісі, кеуде торының күюі, жедел жүрек жетіспеушілігі.
Ескерту:
- плевра қуысынан бір уақытта 1 л-ден көп сұйықтық алса, талықсу дамуының қаупі бар;
- плевра сұйықтығын лабораторияға апару кешіктірілуді күтпейді, ферменттер мен клеткалық элементтерді бұзбау үшін;
- ине плевра қуысына түскенде бос кеңістікке «ойылған жерге» түскені сезіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет