Білек аймагының топографиялық анатомиясы (алдыңғы кәне артқы аймақтар). Қанмен қамтамасыз стілуі және иннервациясы. Пирогов шел-май кеңістігі,
Білектің алдыңғы аймағы
Шекарасы. Жоғарғы шеті иық сүйегі айдаршықтарын қосатын сызықтан екі елі төмен, төменгі шеті шыбық жөне шынтақ сүйектерінің біз тәрізді өсінділерін қосатын сызық.
Қабаттары. Терісі жұқа, жеңіл жылжиды.
Tepі асты шел қабатында n.cephalica мен п. cutaneus antebrachii lateralis сырт жағынан, v. basilica мен n. cutaneus antebrachii medialis іш жағынан өтеді. Бұлардың арасында v. mediana antebrachii жатады.
Беткей шандыр нашар дамыған.
Білектің меншікті шандыры (f.antebrachi)-артқы жағында айқын білінеді. Бұл шандыр бұлшықеттер мен тамыр-нерв шоғырларына қынап түзейді.
Бұлшықеттер төрт қабат болып орналасқан. Бірінші қабатта сырттан ішке қарай: иық - шыбық бұлшықеті (m. brachioradialis) иықсүйегінің сыртқы қырының төменгі бөлігінен басталып, шыбық сүйегінің біз тәрізді өсіндісіне бекиді; жүмыр пронатор бүлшықеті (m. pronator teres) нық сүйегінің ішкі айдаршығымен septum intermusculare mediale ден басталып, шыбық сүйегінің ортаңғы бөлігіне бекиді; қол басын шыбыққа июші (m. flexor carpi radialis) epicondylus medialis тен басталып, II - III алақан сүйектерінің негізіне бекиді; алақанның ұзын бүлшықеті (т. Palmaris longus)-epicondylus medialis-тен басталып, алақан апоневрозына өтіп кетеді. Медиалды жатқан қол басы шынтаққа июші (m. Jlexor carpi ulnaris) epicondylus medialis humeri және olecranon-нан басталып, os piriforme ге бекиді.
Бұл қабатта m. brachioradialis пен m. flexor carpi radialis-тің арасында шыбықтық сай (sulcus radialis) жатыр. Бұл сайда а. radialis, екі вена және r. superficialis n. radialis орналасқан. Білектің ортаңғы және төменгі бөліктері арасында нерв сыртқа бұрылып, sulcus radialis тен шығып, m. brachioradialis-тің сіңірінің астына келіп, апоневрозды тесіп өтіп, білектің артқы аймағына өтеді.
Екінші қабат саусақтардың беткей бүккіші мен m. flexor carpi digitorum superficialis-тен (epicondylus mediale humeri мен білек сүйектерінен басталып ортаңғы фалангілердің негізіне бекиді) түзілген. Осы бүлшықет пен m. flexor carpi ulnaris-тің арасында шынтақ сайы (sulcus ulnaris) орналасқан. Бүл сайдың түбін саусақтардың тереңдегі бүккіші (m. flexor digitorum profundus) түзейді.
Sulcus ulnaris-тe a. ulnaris, n. ulnaris және аттас вена жатады.
Білектің алдыңғы орталығында n. medianus өзінің артериясымен (а. mediana сүйек аралық артериядан шығады) бірге жүреді.
білектің жоғарғы бөлігінде, ортаңғы нерв жұмыр пронатордың арасымен өтеді;
білектің ортаңғы бөлігінде, саусақтардың беткей және терең бүккіштері арасында жатады;
білектің төменгі бөлігінде n. medianus беткейлеу орналасып, білезіктің шыбықтық бүккішімен саусақтардың беткей бүккіштері сіңірлерінің арасында, алақанның ұзын бұлшықетінің астында (немесе сыртында) жатады.
Ортаңғы нервтің жарақаты «маймыл қолы» симптомын береді:
қол басы бүгілмейді, І, II және III саусақтардың проксималды және дисталды бунақтары бүгілмейді;
І саусақты басқаларына қарама-қарсы қойылмайды; сезімталдық I, II, III және IV саусақтың сыртқы жартысында жоғалады;
қолбасын жұму мүмкін емес, басбармақ пен сұқ саусақ жазық күйінде қалады.
Үшінші қабатта: сыртынан үлкен саусақтың ұзын бүккіші (т. jlexorpollicislongus) – шыбық сүйегінің алдыңғы бетінен және membrana interosseae-дан басталып, үлкен саусақтың фалангасының негізіне бекиді, ішкері саусақтардың тереңдегі бүлшықеті (т. flexor digitorum profundus)- шынтақ сүйегінің алдыңғы бетінен негізіне бекиді, ішкері саусақтардың тереңдегі бүлшықеті (т. jlexor digitorum profundus)- шынтақ сүйегінің алдыңғы бетінен және тembrana interosseae-дан басталып II - V саусақтардың фалангілерінің негізіне бекиді) жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |