Картография



Pdf көрінісі
бет31/45
Дата15.10.2022
өлшемі5,48 Mb.
#153168
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   45
Байланысты:
Kartografiya каз
Негізгі геодезиялық жұмыстар, Zhanasbayeva Matem sauattylyq 3
6.1.2 Карта масштабы
Сфералық беттің жазық кӛрінісі немесе оның бӛлігінің масштабы 
бұрмаланудан карталардың барлық жерлерінде және барлық бағыт 
бойынша 
бірдей 
болмауы 
мүмкін, 
басқа 
сӛзбен 
айтқанда, 
топографиялықтан басқа барлық карта масштабы – айнымалы шама. 
Глобусты меридиандар бойынша оны бӛліп, жазықтыққа жазайық. 
Оның жанына карта түрінде жазық кӛрінісін берейік. Барлық параллельдер 
ұзындық бойынша бірдей және экваторға тең болды, ал экватор ӛз 
ұзындығын ӛзгеріссіз сақтап қалды. Бұл жағдайда экватор сызығында 
басты масштаб, яғни, картаны құру негізінде қабылданған және 
жазықтықта жазылған сол глобус масштабы болып есептеледі. 
Басқа сӛзбен айтқанда, глобустағы сол ұзындықпен салыстыру 
бойынша картаның бұрмалануы жоқ жерлерінде, басты масштаб ұзындығы 
сақталады. 
Карталарда басты масштаб жазылады, мысалы, 1:50 000 000, яғни 
глобус ӛлшеміне дейін жер эллипсоидының кішірейтілу дәрежесі. 
Глобуста сызықтың ұзындығы 

см деп алайық. Егер глобусты 
жазықтыққа жазу кезінде ӛз ұзындығын ӛзгеріссіз сақтап, ол картада 
бейнеленсе, онда бұл жағдайда қатынас мынадай 
L:L=1
болады. Осыдан, 
картада осы сызық бойынша бұрмалану жоқ және картаның осы жерінде 
масштаб 
басты
болады. 
Бірдей бұрмалануларды қосатын нүкте изолиниясы, 
изокола 
деп 
аталады. Басты масштаб изоколасының шамасы 1.00. бұрмаланулары жоқ 
картадағы сызықтар 
нольдік бұрмалану сызығы
деп аталады. Осы сызықтар 
бойынша картада масштаб басты, басқа қалған жерлерде картада масштаб 
жеке. Жеке масштаб бастының бӛліктерімен есептеледі және изокола оған 
сәйкес жеке масштаб шамасына тең. Мысалы, егер жеке масштаб 
параллель бойынша шамасы 2.00 болса, онда масштаб жеке, ал параллель 
ұзындығы глобустағы ұзындықпен салыстырғанда екі есе жоғары болады. 
егер изокола шамасы 0.50 болса, онда картадағы сызық глобустағы сәйкес 
сызықтан екі есе кіші болады. 
Осыдан, карта масштабы бір орыннан екінші орынға дейін, сонымен 
қатар, бағыт бойынша айнымалы шама. Оны басты және жеке масштаб деп 
бӛледі. 


69 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет