Картография



Pdf көрінісі
бет32/45
Дата15.10.2022
өлшемі5,48 Mb.
#153168
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   45
Байланысты:
Kartografiya каз
Негізгі геодезиялық жұмыстар, Zhanasbayeva Matem sauattylyq 3
6.1.3 Картадағы бұрмаланулар 
Сфералық бет жазықтыққа қатпарлар мен үзілістерсіз жазылмайды. 
Глобусты жазықтыққа бейнелеген кезде меридиандар мен параллельдер 
тірек сызықтары ретінде қолданылады, олардың қиылысуы түйінді 
нүктелер деп аталады. (Еске түсірейік, әрбір нүктенің орналасуы 
географиялық координаталармен, яғни меридиандар және параллельдер 
кӛмегімен анықталады, яғни глобустың географиялық торы). Жазық 
кӛріністі құру кезінде географиялық тор картографиялық торға 
қалыптасады, ол ӛзіндік қаңқа болып табылады, онда картографияланатын 
құбылыстар немесе процестер бейнеленеді. 
Картада бұрмаланулар болады, ұзындықтар, аудандар, бұрыштар мен 
формалар бұрмаланады.
Ұзындық бұрмалануы
( μ ) жеке масштабтың бастыға қатынасымен 
анықталады:
μ = l/L 
M,
(6.1) 
мұндағы 
l
– картадағы арақашықтық;

– эллипсоидтағы арақашықтық;
М – 
масштаб бӛлімі. 
Ұзындық масштабы орналасу мен бағыт айнымалысымен ӛзгереді. 
Бұрыштық бұрмалану
(

) – бұл эллипсоидта (глобуста) екі сызықпен 
құралған және осы бұрыштың картада бейнеленуі арасындағы 
бұрыштардың айырмасы. 
Аудандар бұрмалануы
картада эллипс аудан бұрмалануының 
глобустағы сәйкес шеңбер ауданына қатынасымен анықталады. 
Бұрмаланулар туралы геометриялық кӛрініс эллипс бұрмалануын 
береді. Глобуста шексіз кіші шеңберді алайық және оны картаға 
бейнелейік. Бұл кезде шеңбер эллипс фигурасына қалыптасады (6.1 - 
сурет). Бұл эллипс кӛрнекті түрде бастапқымен салыстыру бойынша 
кӛріністің созылған дәрежесін, бұрмалану таралуын кӛрсетеді. 
6.1 – сурет - Картадағы эллипстің бұрмалануы 


70 
Әртүрлі проекция түрлері мен шамаларында эллипс әртүрлі. Бірақ 
барлық кезде оның екі бағыты бар: олар ӛзара перпендикулярлы және 
оларда ұзындық масштабында ең үлкен және ең кіші шамасы бар. Бұл 
басты бағыттар. Негізінде, проекцияда олар параллель және меридиандар-
мен сәйкес келеді. Эллипс бұрмалануын кейде 
индикатрисса
деп атайды.
Практика жүзінде ұзындық бұрмалануысыз проекциялар жоқ. Барлық 
бӛліктердің ұқсастығы мен пропорционалдығы тек қана глобуста 
сақталады. Бірақ бұрыш немесе аудан бұрмалануларынан бос 
проекцияларда бар. 
Бұрмаланулар сипаттамасы бойынша картографиялық кӛрініс 
проекциялары үш топқа бӛлінеді: 
- теңбұрышты (конформды). Аталуынан белгілі картада бұрыштардың 
теңдігі сақталады. Масштаб барлық бағыт бойынша бірдей, бірақ нольдік 
бұрмалану сызығынан жою кезінде ӛзгереді. Эллипс бұрмалануы шеңбер 
болып кӛрсетіледі (6.2, а - сурет); 
- теңшамалы (теңауданды, немесе эквивалентті). Берілген проекциялар-
да аудандардың теңдігі сақталады, бірақ біршама фигура ұқсастығы 
бұзылады (6.2, б - сурет); 

еркін (теңаралықты). Теңаралықты проекциялардың барлық 
нүктелеріндегі масштаб бір бағыты бойынша тұрақты (меридиан бойынша) 
және бастыға тең (6.3, б - сурет). 
а 
б 
6.2 – сурет - Азимуталды проекциядағы картографиялық торлар 
а – теңбұрышты (стереографиялық) проекция, 
б – теңшамалы проекция 
Келтірілген схемаларда (6.2 және 6.3 - суреттер) кӛрініс шартты. 
Нольдік бұрмалану сызықтары кӛрсетілген, онда проекцияның үш 
тобының әрқайсысында эллипс бұрмаланулары белгіленген және нолдік 
бұрмалану сызығынан жою кезінде бұрмалану қандай сипатқа ие 
болатындығы кӛрсетілген. Кӛрнектілік үшін шеңберге (эллипстің жеке 
жағдайы) тең қабырғалы үшбұрыш енгізілген. 


71 
 
6.3 – сурет - Цилиндрлік проекциядағы картографиялық тор (Меркатор) 
а
– теңшамалы, 
б
– теңаралықты, 
в
– теңбұрышты 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет