Картография


 . 3 Топографиялық карта мазмұны



Pdf көрінісі
бет28/45
Дата15.10.2022
өлшемі5,48 Mb.
#153168
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   45
Байланысты:
Kartografiya каз
Негізгі геодезиялық жұмыстар, Zhanasbayeva Matem sauattylyq 3
5 . 3 Топографиялық карта мазмұны 
Топографиялық карта жер бетінің кедір-бұдырлығын және ондағы 
табиғи және әлеуметтік-экономикалық орналасқан объектілердің, 
жергілікті жердің суретін кӛрсетеді. Топографиялық карталардың 
географиялық мазмұны шартты белгілер, олар комбинациялар кӛмегімен 
беріледі. 
5.3.1 Шартты белгілер және олардың сипаттамалары 
Картада анықталған ретпен орналасқан, кӛріністің графикалық 
құралдардың бірігуі, белгілердің түрі мен түсі, олардың суреттері 
анықталған картографиялық бейне құрайды. 
Ӛз білім қорын пайдаланумен осы бейнелерді қабыл алу, оның 
мақсатты бағытталған талдауын қорытындылай келгенде объектілер 
немесе құбылыстар заңдылықтарын, олардың арасындағы байланысты 
тануды білдіреді. 
Жергілікті жер объектілері масштабты, масштабтан тыс және сызықтық 
белгілер кӛмегімен бейнеленеді. 
Масштабты шартты белгілер карта масштабындағы құбылыстарды 
береді.
Масштабтан тыс шартты белгілер объектінің орналасуын нүктемен 
нақты белгілеуге мүмкіндік береді. 
Сызықтық шартты белгілер объектінің енін үлкейтеді және оның 
ұзақтылығын кӛрсетеді. 
Шартты белгілер әріпті-цифрлық сипаттамалармен, жазбалармен 
түсіндіріледі. 
Біздің елімізде топографиялық карталардың біртүрлі кӛрінісі бар және 
Заполяриядан субтропиктерге дейін әртүрлі табиғи зоналардың әртүрлі 
табиғи шарттарын білдіреді. 1:10 000-нан 1:100 000 дейін масштабтар 
картасында 750 жуық белгілер, 350 шартты белгілер және 400-ден аса 
түсініктеме жазбалар бар. 
Ақпарат қайнар кӛзі ретінде картаны тиімді қолдану – бұл картаны оқу 
процесі. Нәтижесінде оқырманда географиялық қызмет бейнесі, оның 


60 
ерекшеліктері мен заңдылықтары пайда болады. Картографиялық шартты 
белгілер пайда болуы адам цивилизациясы дамуымен тығыз байланысты. 
Қоғам мүшелерінің біріккен еңбегі 
бірінші 
ақпаратты беру түрінің – белгі 
түрде сӛздің дамуы мен пайда болуына әкелді. Жергілікті жерде қозғалу, 
тамақты табу қажеттілігі адам жадысында кӛріністі бейнелерді бақылау 
мен сақтау қабілетін тудырды. Бұл ӛз кезегінде ерекше заттармен іздерді 
бекітуді жасауды тудырды, яғни 
екінші 
ақпарат беру түрі пайда болды. 
Модель түрінде бірінші схемалы «картографиялық» кӛрініс 1:1 
масштабта сол жергілікті жерде болған деп тұжырымдауға болады. 
Заттар – белгілер жергілікті жерде кӛпке дейін сақталмады. 
Картографиялық ақпараттарды бекіту үшін басқа құралдар қажет болды. 
Жергілікті жер кішірейтілген модельмен жергілікті жердегі алаңмен 
ауыстырылды. 20000 жыл бұрын ондай алаңдарда таяқтармен, тастармен 
модельдеу жасалды. 
Ақпаратты берудің 
үшінші
түрі – картографиялық кӛріністің дамуы, ол 
арнайы құралдарды – таяқтар, тастар, құмда немесе сазда тереңдік жасау 
үшін сүйектер (сызықтар мен нүктелер жергілікті жердің затын кӛрсетті) 
қолданумен байланысты. 
Ақпаратты берудің 
төртінші
түрі – картографиялық кӛріністі кӛп 
уақыт сақтауға, орнын ауыстыруға болатын материалдарымен қолдану. 
Никарагуада теріден жасалған кітаптар белгілі, онда бояумен ӛзендер 
бейнеленген, Вавилонда – сазды пластинкалар, Египетте – папирус және 
т.б. жазу кейіннен пайда болды, сондықтан аймақты бейнелеуде жазбалар 
болмады. 
Бесінші түр
азды-кӛпті бірыңғай бейнелі-белгілі картографиялық 
түрлердің пайда болуымен байланысты – мексикалық хат, Енисей 
жартастарындағы хат, мысалы, берестегі үнді хаты (5.6 - сурет).
5.6 – сурет - Топографиялық белгілер мысалы 


61 
Алтыншы
түр бӛлінген графикалық кӛріністің пайда болуымен 
сипатталады. 
Ақпаратты берудің 
жетінші 
түрі – заманауи. 
XVI–XVIIғғ. орыс карталары мен сызбалары қол жазба түрінде 
кӛбейтілді, аңыздары болмады, кейіннен гравюралар, ал XVғ. кітап басып 
шығару пайда болды. Картадағы әрбір штрих – бұл жер жүрушілердің 
еңбегі, одан басқа, шартты белгілерде карта құруды білу – бұл біздің 
тарихи мұрамыз. Карталарда бейнеленген құбылыстарды, негізінде 
физика-географиялық және әлеуметтік-экономикалық деп бӛлуге болады. 
Картада табиғи объектілерден бірінші кезекте гидрографиялық тор, 
ӛсінділер жабындылары және топырақтар, жер бетінің рельефі кӛрсетіледі. 
Әртүрлі масштаб үшін жергілікті жер объектілерін кӛрсететін шартты 
белгілердің ӛз ӛлшемдері мен ерекшеліктері бар. Сонымен қатар, біртекті 
объектілер элементтері бір түспен кӛрсетіледі (гидрография – кӛк түс, 
ормандар – жасыл, рельеф – қоңыр және т.б.). Шартты белгілер масштабты 
және масштабтан тыс болады. Масштабты шартты белгілер аудандық деп 
аталады. Контурда бейнеленген объект ӛлшемі маңызды, оның ауданы 
картаның масштабында кӛрсетіледі. Картографиялық кӛріністің кескіні 
нақтылықтағы объектіге ұқсас, кейбір ұсақ бӛлшектері жоқ болуы мүмкін. 
Масштабтан тыс шартты белгілердің геометриялық центрі бар, ол 
объектінің орналасуына сәйкес болады. Географиялық атаулар, 
объектілердің сапалық және сандық сипаттамаларының қатары картада 
жазбалармен, сандармен және әріптермен беріледі (географиялық 
объектілер атаулары, ӛсінділер сипаттамалары, жолдар, кӛпірлер және 
т.б.). Картаны шартты белгілері белгілі және топографиялық кӛріністегі 
жергілікті жер бейнесі, оның ерекшеліктері кӛрінген кезде ғана тиімді 
қолдануға болады. Әлбетте, әрбір карта аймақтың жалпыланған, топталған 
түрін береді, бұл кезде тек қана маңызды, негізгі объектілер ғана 
кӛрсетіледі. Уақыт ӛткеннен кейін карта ескіреді, бірақ ӛз маңыздылығын 
жоғалтпайды. Әсіресе ескі карталар бойынша ауданды меңгеру, 
географиялық процестердің жүріс тарихын қалпына келтіруге болады (5.7 - 
сурет). 
Гидрографиялық тор
картада нақты және жан-жақты бейнеленеді
ӛйткені оның табиғатта және адам ӛмірінде маңызы зор. Картада барлық су 
объектілері: мұхиттар, теңіздер, кӛлдер, ӛзендер, жағалау сызықтары, 
қайнар кӛздер, гидротехникалық ғимараттар, құдықтар кӛрсетілген. 
Кӛлдер, кӛлшіктер, үлкен ӛзендер контурлары судың ең тӛмен деңгей 
жағдайы бойынша кӛрсетілген. Ӛзендер мен кӛлшіктер, кӛлдер мен 
жасанды су қоймалары, егер олардың ауданы карта масштабында 1мм
2
тӛмен болса салынады. 
Құдықтар оның тереңдігі кӛрсетілуімен беріледі. Егер су 
минералданған болса, онда объект жанында жақшада «сол» немесе «г-сол» 
деген жазба болады. Құрғақталған ӛзендер пунктирмен кӛрсетіледі. 


62 
5.7 – сурет - Ниен қаласы қорғандармен 
(келешектегі Санкт–Петербург) 
Картада бейнеленген ӛсінділер мен топырақтар, жергілікті жерді ӛту 
және кӛру жағдайлары, аймақты шаруашылықта қолдану мен кейбір 
табиғи ресурстар туралы сараптауға мүмкіндік береді.
Ӛсінділер жабындыларының шекаралары нүктелік пунктирмен 
жүргізіледі (орман, ағаш түбірлері және т.б.). 
Топырақтардан жыныстың жартастық шығыстары, тасты беттер, 
тастардың жиынтығы, құмдар кӛрсетіледі. 
Шартты белгілердің ұқсастық жолдарымен құмды, тасты, сазды 
шӛлдер ажыратылады. 
Картада бейнеленетін әлеуметтік- экономикалық объектілерге тұрғын 
пункттер, ӛндірістік және мәдениет объектілері, хабарлау жолдары, 
байланыстар және электр беру сызықтары, шекаралар жатады. 


63 
Тұрғын пункттер – карта мазмұнының маңызды элементі. Олар 
тұрғындарды орналастыру түрлері, тұрғын саны, саяси-әкімшілік мәнісі 
бойынша бӛлінеді. 
Ӛндірістік объектілер – фабрикалар, заводтар, ашық кеніштер, мұнай 
және газ желілері, электростанциялар және т.б. картада масштабтан тыс 
шартты белгілермен және қосымша жазбалармен бейнеленеді. 
Хабарлау жолдарының (кӛлік жолдары, теміржолдар) экономика мен 
ел қорғанысы үшін маңызды орны бар. Олар қалаларды, ауылдарды, 
олардың арасындағы объектілерді байланыстырады. Картада жолдар нақты 
кӛрсетіледі, олардың сипаттамасы беріледі (ені, егер бар болса жабынды 
сипаттамасы).
Жолдар олардың орналасуымен сәйкес келетін сызықтық белгімен 
кӛрсетіледі. Белгінің ені үлкейтілген, бірақ жолдың енін емес, сапасын, 
түрін кӛрсетеді. 
Автострадалар олардың құрылысы және кӛлік ӛтуі бойынша 
кӛрсетіледі. Карталарда шоссе, топырақты жолдар және т.б. кӛрсетіледі. 
Топографиялық карталарда шекаралар – мемлекеттік, республикалар, 
облыстар беріледі. Шекаралар, әсіресе мемлекеттік, әртүрлі суреттер 
сызықтардың максималды дәлдігімен салынады. 
Ірі және1:100 000 масштаб карталарында сызықты белгілермен тасты 
және кірпішті қабырғалар, металл қорғандар бейнеленеді. Дамбылар 
ерекше белгімен кӛрсетіледі. 
Топографиялық карталар үшін шартты белгілер арнайы жинақтарда 
болады және елдің барлық топографиялық карталары үшін жалпы 
қабылданған болып есептеледі. Бұл картографиялық шығармалардың басқа 
карталардан ерекшелігі қандай болмасын аймақ үшін бір шамалығын 
қамтамасыз етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет