Картография



Pdf көрінісі
бет30/45
Дата15.10.2022
өлшемі5,48 Mb.
#153168
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   45
Байланысты:
Kartografiya каз
Негізгі геодезиялық жұмыстар, Zhanasbayeva Matem sauattylyq 3
6 Ұсақ масштабты карталар 
Топографиялық 
карталардан 
ұсақ 
масштабты 
карталардың 
айырмашылығы оның сыртқы түрінде, әсіресе графикалық кӛрініс түрімен 
және сәйкес географиялық бейнемен ерекшеленеді. Ол шартты белгілер 
және изосызықтар кӛмегімен қалыптаспайды, басқа әдістер кӛмегімен 
жасалады, ол әдістер туралы тӛменде айтылады. 
Физика-географиялық және арнайы карталардағы сияқты, ұсақ 
масштабты карталардың математикалық негізінің, топографиялық карта-
лардың математикалық негізінен айырмашылығы бар. Бірінші кезекте ол 
мынаған байланысты, яғни жазықтықта ұсақ масштабты жер эллипсоидын 
немесе оның бӛлігін бейнелеу қажет, бәрімізге белгілі оны жазықтықта 
сфералық бетті бұрмалау кезінде құралатын, үзілістер мен қатпарлар 
есебінен кӛріністі бұрмаланусыз орындау мүмкін емес. 
6 . 1 Картаның математикалық негізі 
Картаның математикалық негізі үш құрамдаушы бӛлікпен кӛрсетілген: 
геодезиялық негіз, масштаб, проекция. 
6.1.1 Сферадан жазықтыққа ауысу
Нақты ӛлшенген координаталары мен биіктіктері бар Жер бетіндегі 
нүктелер геодезиялық тор нүктелері деп аталады. Жергілікті жерде, олар 
арнайы белгілер деп белгіленген. Геодезиялық тор барлық жер бетін 
қоршайды. 
Геодезиялық тірек торы Жердің физикалық бетінен эллипсоид бетіне 
ауысуға қажет. Тірек қаңқасы ретінде координаталық тор және геодезия-
лық негіз пункттері қолданылады. Пункттердің 

және 
Y
координаталары 
бар, осы координаталар картаға тор кӛмегімен енгізіледі. Жергілікті 
жердің басқа қалған барлық объектілері осы бастапқы нүктелер 
байланысымен бейнеленеді. 
Сонымен, геодезиялық негіз физикалық, нақты Жер бетінен эллипсоид 
бетіне ауысу үшін математикалық дұрыс фигура болып табылады. 
Картаны құру үшін эллипсоид шамалары оның радиусымен 6 378 245 м 
және 1:298 сығылуымен анықталады. Геодезиялық негіз кӛмегімен Жердің 
физикалық беті эллипсоид бетіне жобаланғаннан кейін, осы үлкен 
эллипсоидты (планета шамасы бар) кішірейту керек.
Кішірейтілу масштаб кӛмегімен глобус (шар) шамасына дейін 
жеткізіледі, яғни, осы глобус масштабы карта құрылатынға сәйкес болады. 
Глобус жазықтыққа картографиялық проекциялармен бұрылады.


68 
Жердің физикалық бетінен картаға ауысу үш ӛзара байланысқан 
әрекеттер нәтижесінде орындалады: 
- Жердің физикалық беті координаталарын геоид бетіне, одан кейін 
Красовский эллипсоидына ауыстыру; 
- глобус шамасына дейін эллипсоид шамасын кішірейту; 
- проекция кӛмегімен жазықтыққа глобусты айналдыру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет