Картография



Pdf көрінісі
бет33/45
Дата15.10.2022
өлшемі5,48 Mb.
#153168
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   45
Байланысты:
Kartografiya каз
Негізгі геодезиялық жұмыстар, Zhanasbayeva Matem sauattylyq 3
 
 


72 
6.2 Картографиялық проекциялар 
Шар, 
эллипсоид 
немесе 
оның 
бӛліктерінің 
жазықтықтағы 
математикалық анықталған кӛрініс әдісі картографиялық проекция деп 
аталады. 
Меридиандар мен параллельдер тірек сызықтары болып табылады және 
берілген проекцияның картографиялық торын кӛрсетеді. Бұл кезде 
картографиялық кӛріністің бір шамалық және үздіксіз шарттары 
сақталады, ал тор бірнеше түрге қалыптасады: меридиандар мен 
параллельдер тік сызық, күрделі қисық, концентрлік немесе эксцентрлік 
шеңбер доғасы болуы мүмкін (6.4 - сурет). 
Тор түрі бойынша проекциялардың жіктелуі бар, ол ӛз кезегінде, 
проекция құру кезінде қолданылатын, қосымша геометриялық бет түрімен 
анықталады. 
Осы кӛзқарастан келесі проекциялар ажыратылады: 
- цилиндрлік, онда қосымша бет эллипсоидқа жанама немесе оны қиып 
ӛтетін цилиндрдің бір жақ қыры болып табылады. Параллельдер мен 
меридиандар түзу сызықтар; 
- конустық, онда қосымша бет конусты қиятын немесе жанама қырлы 
беті болып табылады. Параллельдер – концентрлік шеңберлер доғасы, 
меридиандар – конус тӛбесінен шығатын түзулер жиынтығы; 
- азимуталды, онда қосымша бет қиятын немесе жанама жазықтық 
болып табылады: а) Солтүстік немесе Оңтүстік полюс (полярлы) 
нүктелерінде, бұл кезде параллельдер – концентрлі шеңбер, меридиандар – 
полюс нүктесін қиып ӛтетін түзу сызықтар; б) экватордың әрбір нүктесінде 
(экваториалды), бұл кезде параллельдер және меридиандар – эксцентрлік 
шеңбер доғасы; 
6.4 – сурет - Қалыпты проекцияларда меридиандар мен параллельдер түрі 
А – 
цилиндрлік, 
Б 
– конустық, В – азимуталды, 
Г – поликонустық, 
Д – 
псевдоцилиндрлік, Е – псевдоконустық


73 
- поликонустық, мұнда параллельдер – орта түзу сызықты меридианда 
центрі бар шеңбердің эксцентрлік доғасы, қалған меридиандар – күрделі 
қисықтар, орта меридианға қатысты симметриялы
- псевдоцилиндрлік, мұнда параллельдер – бір-біріне параллель түзу 
сызықтар, меридиандар – күрделі қисықтар, орта тіксызықты меридианға 
қатысты симметриялы; 
- псевдоконустық, мұнда параллельдер – концентрлік шеңбер доғасы
меридиандар – қисықтар, орта тіксызықты меридианға қатысты 
симметриялы; 
- шартты, осы жіктелулердің біреуіне жатпайды және әртүрлі түрдегі 
параллельдер мен меридиандары бар.
Глобус остерінің ӛзара бағдарлануы мен қосымша фигураға 
байланысты қалыпты, кӛлденең және қисық проекция болып бӛлінеді. 
Қалыпты (түзу) проекция
глобус осі мен қосымша геометриялық 
фигураның ұқсастығымен сипатталады.
Көлденең проекция
глобустың ӛзара перпендикулярлы орналасуы мен 
қосымша геометриялық фигурасымен сипатталады. 
Қисық
проекцияларда глобус осі мен қосымша фигура осі бұрышпен 
орналасқан. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет