94
Орта және ұсақ масштабты карталарда тұрғылықты жерлер
пунсондармен, яғни жұлдызшалармен белгіленеді, олардың шамасы
таңдалған сандық шкалаға пропорционалды. Атауларды жазу үшін әртүрлі
шамалы, түзу, қисық шрифтер қолданылады. Тұрғылықты пункттерді
топтастыру былай жүргізіледі, яғни алдымен әкімшілік орталықтар,
ӛндірістік және мәдени орталықтар, қарапайым ірі қалалар кӛрсетіледі.
Таңдау орналастыру сипаттамасы есебімен орындалады. Пунсон центрі
тұрғылықты пункт центрімен сәйкес келуі тиіс. Тұрғылықты пункт атауы
рамкаға параллель немесе параллель маңында орналасады.
Хабарлау жолдарын бейнелеу
. Транспорттық жолдарды бейнелеу
шаруашылықта, әскери істерде маңызды орын алады. Ӛзендік, теңіздік,
аспандық және т.б. болып ажыратылады. Кӛрнекті карталарда аумақтың
жол торларымен және транспорттық торлар құрылыммен қамтамасыздан-
дырылғанын кӛрсетеді. Темір жолдар мен авто жолдар торларын
толығымен береді. Сызықтық белгілермен берілген жол кӛлік жолдары,
тау жолдары, тоннелдер кӛрсетіледі. Хабарлау жолдарын топтастыру карта
түріне, жол торларымен қамтамасыздандыру масштабқа байланысты.
Бірінші кезекте тұрғылықты пункттерді біріктіретін жолдарды, әкімшілік
орталықтарын кӛрсетеді. Жол торларының шоғырлануының дұрыс
кӛріністерін сақтап қалу маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: