Картография


 – сурет - Аудан изоколдарымен экваторлы стереографиялық  проекциядағы картографиялық тор



Pdf көрінісі
бет37/45
Дата15.10.2022
өлшемі5,48 Mb.
#153168
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   45
Байланысты:
Kartografiya каз
Негізгі геодезиялық жұмыстар, Zhanasbayeva Matem sauattylyq 3
 
6.14 – сурет - Аудан изоколдарымен экваторлы стереографиялық 
проекциядағы картографиялық тор 
 


84 
Материктердің барлық карталары үшін Ламберт қисық азимуталды 
проекциясы пайдаланылады. Бұл проекцияда бұрмалану сипаттамасы 
мен таралуы Ламберт бойлық проекциясындағы сияқты, бірақ нолдік 
бұрмалану нүктелері материктер центрінде орналасқан. Материктің 
центрлік нүктесінен ӛтетін меридианның түзу сызықты түрі бар. Қалған 
меридиандар мен параллельдер қисық. Орта меридиандар бойынша 
кӛршілес параллельдер арасындағы арақашықтық материктің орта 
бӛлігінен солтүстік пен оңтүстікке қарай біраз тӛмендейді, ал орта 
меридианнан жойылу кезінде батыс пен шығыстан бұл арақашықтық 
жоғарылайды. Бұл проекция теңшамалы. Нолдік бұрмалану нүктелерінен 
жойылумен (орта меридиан бӛлігінде) барлық бұрмаланулар барлық 
жаққа бірдей жоғарылайды, сондықтан изоколалар шеңбер болып келеді 
және бұрмалану шамалары материктердің ӛлшемдеріне байланысты 
болады. 
6.2.4 Проекцияны танып білу, оларды таңдау және қолдану 
Проекцияны танып білу – проекцияның қандай класс және топқа 
жататындығын бекіту болып табылады. Проекцияны танып білу картада 
бұрмалану сипаттамасын түсіну үшін және картаны сандық мәліметтер 
қайнар кӛзі ретінде қолдану, бағдарлау үшін және т.б. қажетті. 
Проекция класс ретінде екі қасиет бойынша бекітіледі: 
- тор түрі (параллельдер мен меридиандар, олардың қиылысу бұрышы); 
- бұрмалану сипаттамасы. 
Тор түрі бойынша келесі проекция кластары анықталады: цилиндрлік, 
конустық, азимуталды (6.4 - суретті қара). 
Егер меридиандар – түзу сызық болса, онда олар бір-біріне параллель 
екендігі анықталады, сонымен қатар, параллельде шеңбер немесе күрделі 
қисық болып табылатындығы анықталады. Ол үшін ұзындық бағытының 
ілінуін хордаларға тең ұзындықпен салыстырылды. 
Бұрмалану сипаттамасын анықтау үшін меридиандар мен параллельдер 
бойынша жеке масштаб анықталады: 
m = l M/L,
 
 
 
 
(6.2) 
мұндағы 
т 
–меридиан бойынша масштаб;
l
– карта бойынша меридиан ұзындығы;
М 
– бас масштаб бӛлімі;

–эллипсоидтағы меридиан ұзындығы. 
Егер меридианның барлық ұзындығы бойынша параллельдер 
арасындағы арақашықтық бірдей болса, онда проекция теңаралықты. 
Бұрмалану бұрыштары транспортир кӛмегімен анықталады. Егер 
картада бұрмалану бұрышы болмаса, онда проекция теңбұрышты. 


85 
Бұрмалану сипаттамасын бекіту үшін сонымен қатар аудан бұрмалануы 
анықталады. Егер трапеция ауданы бір ендікте тең болмаса, онда проекция 
тең шамалы емес. 
Проекцияны таңдау бірқатар шарттармен анықталады: 
- аймақтың географиялық орнымен, оның ӛлшемдерімен, конфигура-
циясымен; 
- картаны қолданумен, оның қолдану әдістерімен; 
- картаның масштабы мен форматымен; 
- картаны жинақтау шарттарымен; 
- картаны құру үшін қолданылатын проекцияның қайнар кӛзімен. 
Аймақ кӛрінісінің ӛлшемдері үлкейген сайын картада бұрмаланулар 
жоғарылайды. Зерттеулер шекті бұрмаланулар шамалары бар екендігін 
кӛрсетті, олар картада кӛрінбейді және онымен жұмыс қиындық 
тудырмайды. Олар 6 – 8 % құрайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет