Картография


 Картада рельефті бейнелеу



Pdf көрінісі
бет40/45
Дата15.10.2022
өлшемі5,48 Mb.
#153168
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Байланысты:
Kartografiya каз
Негізгі геодезиялық жұмыстар, Zhanasbayeva Matem sauattylyq 3
6.3.1 Картада рельефті бейнелеу 
Физикалық картаға қараған кезде мазмұн элементтерінің ең күрделісі 
рельефті бейнелеу болып табылады. Рельефті бейнелеу мәнісі, картада 
оның сипаттамалы түрін, еңіс құламалығы мен бағытын дұрыс және нақты, 
жергілікті жерді топтарға бӛлу дәрежесін беру болып табылады. 
Рельефті бейнелеу – тегіс тарату құбылыстар кӛрінісінің жеке жағдайы. 
Бұл кезде келесі кӛрсетіледі: аумақтың биіктік орналасуы; рельеф түрі; 
аумақты топқа бӛлу мен рельефтің негізгі формалары. 
Рельефті бейнелеу – картографияның ежелгі мәселелерінің бірі. Оны 
шешу үшін жазық кӛріністе кӛлемділіктің кӛру эффектісін табу керек, 
аумақ рельефінің түрі, оның формасы туралы кӛріністі беру қажет. 
Рельефті бейнелеуде екі шартты ажыратуға болады: пластикалық 
(кӛрнектілік) және ӛлшемділік. 
Алғашқыда (XIX ғ. дейін) карталарда тау, тӛбе және т.б. перспективты 
суреттер түрінде бейнеленді. Рельеф жер бетінің үстінен адам кӛрген 
кӛрініс ретінде бейнеленді. 1502-1503жж. осындай әдіспен Леонардо до 
Винчи Тоскан картасын құрды. 
Бояу (туштау) әдісі
жақсы пластикаға жетуге мүмкіндік береді. 
Рельефтің формасын бейнелеу кезінде бояулар бояу құралымен 
орындалады. Еңістер қай жерде құлама болса, сол жерлер қалың бояумен 
орындалады. 
Горизонтальдармен біріккен кезде бұл рельефті бейнелеудің ең тиімді 
әдісі, бірақ ол еңістердің сандық құламалығын бағалауға мүмкіндік 
бермейді және ұсақ масштабты карталар үшін ғана қолданылады. 
Штрихтау әдісі
– жарық кӛлеңкесі кӛмегімен рельефтің сипаттамасын 
береді. Штрихтау әдісін саксондық топограф И.Леман (XVIII ғ.) ӛңдеді. 


91 
Жарық кӛлеңкесі еңістің сызығы маңында орналасқан штрихтармен 
беріледі. Ол үшін еңістік құлау бұрышына байланысты штрих қалыңдығы 
есебі орындалады. 
Биіктік белгілер әдісі кезінде картада нүктенің абсолюттік белгілері 
жазылады. Рельефті бейнелеудің әрбір әдісі сипаттамалық нүктелер 
белгілерін жазуды қарастырады. Бірақ бұл жағдайларда осы жазулар 
рельефті бейнелеудің әрбір әдісі сипаттамалық нүктелер белгілерін жазуды 
қарастырады. Бірақ бұл жағдайларда осы жазулар рельеф кӛрінісінің 
аяқталуын кӛрсетеді. Ӛзіндік әдіс ретінде ол теңіздік навигационды 
карталарда теңіз тереңдігінің рельефін бейнелеу үшін қолданылады. 
Карта аумақ учаскесінің кӛру рельеф түрін құру үшін изогипстер арасы 
анықталған түсті шкала бойынша бояумен жабылады.
Картадағы белгілер саны арнайы редакциялық нұсқаулармен 
қарастырылады (1:100 000 масштабты картада 1 дм
2
5-тен 15-ке дейін, 1:1 
000 000 масштабта 10-нан 20-ға дейін). 
Гипсометриялық әдіс немесе биіктік белгілерін қабаттама бояу – 
физикалық карталарда рельефті бейнелеудің негізгі және ең кӛп 
қолданылатын әдісі. 
Изогипстер биіктік белгілер арасындағы биіктік бойынша анықталған 
метрлер саны арқылы ӛтетін ӛзіндік түрлі сызықтарды бӛлу болып 
табылады.
Рельефті бейнелемес бұрын келесі негізгі сұрақтарды шешу керек: 
биіктік шкаласын, түсін және оның түс түрлерін таңдау. 
Рельефтің басқа бейнелеу әдістері арасында гипсометриялық әдістің 
артықшылығы бар, яғни рельефті нақты ӛлшеуге мүмкіндік береді және 
карта бойынша жұмыстар орындайды. Сонымен қатар, картада рельефтің 
таулы немесе тегіс түрлері жақсы бейнеленеді. 
Теңіз тереңдігінің рельефі ұқсас әдіспен бейнеленеді, бірақ оның 
негізінде тереңдік белгілері берілген. Қабаттама түр белгілерінің шекарасы 
изобаталар – тең тереңдік сызықтары болып табылады. Изобаталар 
арасындағы интервал айнымалы шама. 
Берілген әдіспен акваторий кӛрсету үшін тереңдік белгілермен түстес 
кӛк түс қолданылады. 
Географиялық зерттеулер практикасында ӛте кӛп гипсометриялық 
профильді құру қажет. Ол үшін горизонталды және вертикалды 
масштабтарды таңдау керек. Горизонталды масштаб карта масштабына тең 
немесе үлкейтілген және кішірейтілген. Вертикалды масштабты профиль 
сызығы бойынша биіктіктердің ауысуына байланысты таңдалды. Сонда, 
профиль сызығы бойынша ең кіші изогипс 200м, ал ең жоғары 5000м. 
Осыдан профиль сызығы бойынша биіктіктер ауысуы 5000 - 200 = 4800 м. 
Егер вертикаль бойынша 1см-де 500м қабылданса, онда 10 см-де 5000м 
болады. Профильдің вертикалды және горизонталды осьтер пропорциясы 


92 
мысал ретінде 1:3 және егер горизонталды ось ұзындығы 30 см болса, онда 
вертикалды ось 10 см болуы тиіс. 
Картаның таңдалған масштабтарына сәйкес профиль осі құрылады. 
Масштабта вертикалды ось бойынша биіктіктер кӛрсетіледі және картада 
бар изогипстер белгіленеді, горизонталь бойынша осьтер изогипстер 
арасында арақашықтарды салады. Кӛрнектілік үшін түстерде вертикалды 
шкаланы құру керек. 
Одан кейін сәйкес нүктелер (биіктік және арақашықтық бойынша) 
салынады және оларды ирек қисықтармен, профиль сызықтарын ала 
отырып қосады. Белгілерді профиль сызықтары бойынша жасауға 
болмайды, ӛйткені жергілікті жерде белгілер немесе террассалар жоқ. Олар 
картаны кӛзбен оқу кезінде гипсометриялық белгілер түрлерін ауысуы 
кезінде пайда болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет