99
Қорытынды
Картографиялық ақпараттарды біз күнделікті телевизор экранында ауа-
райын болжамдау картасынан бастап аламыз. Карта – географияның
арнайы графикалық тілі және ондағы картографияның феномені ежелгі
ғылым қай уақытта болмасын жас кӛрінеді.
Оның жастығын былай
түсіндіруге болады, әрбір ғасырдағы адамдар карта мен географо-
картографиялық білімге құштар, оларды тұрақты түрде жетілдіріп отырған,
яғни техника мен технологияның дамуы оған қол ұшын тигізген.
Картографиялық шығармалардың кейбіреуі маңызды және ӛнер
шығармаларының негізгісі болып табылады.
Микеланджело, Дюрер
есімдері картаны құру мен кӛркемдеумен байланысты. Кӛптеген
картографтар суретшілер екендігі белгілі.
Карта бұл адамдардың бір-бірімен сӛйлесу құжаты, ол жазбадан бұрын
пайда болған. Картографияның тарихын білу Жер туралы білімді білу
аспектісін, яғни табиғатты кеңістіктік негізінде мәдениет пен ғылым
ретінде кӛрсетеді.
Картаның
тілін білу, графикалық модель түрінде геобейнелермен
жұмыс жасай білу картографиялық танымдылық шарттарында жүзеге
асырылады. Мұндай білімдердің қолданбалы мағынасы бар, ӛйткені карта
кеңістіктік ұйымдастырылған ақпараттар жинақтағышы және оқу құралы
болып табылады.
Пәнді зерттеу мен картографиялық мәдениетті меңгеру отандық және
шетелдік жалпыгеографиялық,
тақырыптық карталарды, кешендік
атластарды, сонымен қатар, компьютерлік картографиялық бағдарламалар,
зертханалық және ӛзіндік жұмыстар барысында қосымша ғылыми
әдебиеттермен танысуды жан-жақты қолдануды қарастырады.