Картография



Pdf көрінісі
бет42/45
Дата15.10.2022
өлшемі5,48 Mb.
#153168
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Байланысты:
Kartografiya каз
Негізгі геодезиялық жұмыстар, Zhanasbayeva Matem sauattylyq 3
6.4 Тақырыптық карталар 
Тақырыптық немесе арнайы карталар деп физика-географиялық, саяси-
экономикалық немесе басқа сипаттамадағы құбылыстарды кӛрсетуге 
арналған карталар аталады. 
Тақырыптық карталардың жалпыгеографиялық карталардан басты 
ерекшелігі мынада, біріншіде аумақты толығымен бейнелеу емес, онда 
барлық 
нақтылықпен 
мазмұн 
элементтерінің 
бірі 
бейнеленеді. 
Тақырыптық карталарда жалпыгеографиялық картада бейнеленбейтін 
объектілер немесе құбылыстар кӛрсетілуі мүмкін. Тақырыптық карта 
сапасында үлкен тарихи карталар тобы қарастырылады. 
Арнайы карталарда картографиялық бейне екі қабаттан тұрады: 
географиялық негіз және арнайы жүктеме. 
Географиялық негіз - бұл аумақтың географиялық орналасуын 
бейнелеу. Географиялық негіз жалпыгеографиялық карталардың кейбір 
мазмұн элементтерінен тұрады, яғни гидрографиялық тор, тұрғылықты 
пункттер, саяси-әкімшілік шекаралар, бірақ олар қатты топталған, ӛйткені 
қызметшілік мағынасы бар. Тақырыптық карталардың географиялық негіз 
мазмұны арнайы жүктемемен байланысады. Геологиялық карталарда, 
мысалы, толығымен гидрография элементтері, экономикалықта – 
тұрғылықты пункттер, жол торлары және т.б. кӛрсетілген. 


95 
Арнайы жүктеме құбылыстар кӛріністерін әртүрлі әдістер кӛмегімен 
кӛрсетеді.
Барлық арнайы карталар математикалық негізде (проекция, масштаб, 
координата жүйелер) құрылады, бірақ әдетте картографиялық тор карта 
ӛрісінен түсіріледі. 
Арнайы карталардың жіктелуі: 
- тақырыбы бойынша: физика-географиялық; әлеуметтік-географиялық; 
техникалық (инженерлік, жер құру, теңіздік, навигациондық); 
- сипаттаманың толықтылық белгілері бойынша: жалпы (құбылыс 
толығымен кӛрсетілген, мысалы, геологиялық карта); жеке (құбылыстың 
бір жағы ғана кӛрсетілген, мысалы, тӛрттік шӛгінділер); 
- кӛрсеткіштер мен сипаттамаларды жалпылау дәрежесі бойынша: 
аналитикалық (карта нақты кӛрсеткіштер бойынша құрылады, мысалы, 
шӛгінділер карталары, қарлы жабынды биіктігі); синтетикалық (құбылыс 
жалпылама кӛрсеткіштер бойынша сипатталады, мысалы, климаттық 
картада); кешендік (картада, анықталған байланыстағы бірнеше 
құбылыстар кӛрсетілген, мысалы, ландшафты және экономикалық) (6.18 - 
сурет). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет