Картография



Pdf көрінісі
бет6/45
Дата15.10.2022
өлшемі5,48 Mb.
#153168
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
Kartografiya каз
Негізгі геодезиялық жұмыстар, Zhanasbayeva Matem sauattylyq 3
1.1.3 Қайта өркендеу дәуірі 
Әдетте ұлы географиялық ашылулар кезеңі Колумб және Магеллан 
есімдерімен басталады, бірақ олардың жүзулері португалдық ханзада 
Энрикенің ғұлама қызметтерімен дайындалған болатын. Ол тарихқа 
Генрих Теңізде жүзуші есімімен кірді, бірақ ол ӛз есімімен байланысты 
жүзулерге қатысқан жоқ. Европаның ең батысында – Сан-Висенттеде – 
Энрике ерекше кешен – космография мектебін, астрономиялық 
обсерватория және теңіздік арсенал ашты. 1416 жылы ол бірінші 
экспедицияны жорыққа аттандырды, ондан кейін жыл сайын Үндістанға 
теңіздік жолды іздеуде Африка жағалау маңдарынан португалдық 
корабльдер жолға шығарылып отырды. Он жылдан кейін Васко да Гама 
Үндістанға жетті. Ол кезде Үндістан деп Азияның кӛп бӛлігі аталды – 
Үндістанның ӛзі және Бирма, Қытай және Жапония, Индонезия және 
Эфиопия. 
Колумб Үндістан туралы айтқанда, Сипангу шығанағын (яғни, 
Жапония) атап ӛтті, ол 1492 жылы тамыз айында Канар шығанағы арқылы 
сол жаққа жол жүрді. Сан-Сальвадор, Куба және тағы басқа да жерлер 
ашылған болатын. 
1513 жылы Васко Нуньес Бальбоа Панаманы басып ӛтіп, Тынық 
мұхитына шықты. 1519–1521 жж. Эрнандо Кортес ацтектер мемлекетін 
(қазіргі Мексика аймағы) жаулап алды. 1524–1537 жылдары ағайынды 
Писсаро, Диего Альмагаро және Себастьян Белалькасар Оңтүстік Амери-
каның (Перу және Чили) батыс жағалауын ашты және инктер империясын 
басып ӛтті.
Колумб оның ашқан жерлері Азиядан қомақты мұхиттармен бӛлініп 
жатқандығын біле алмады, ол азиаттық шығанақтарды аштым деп ойлады. 
Ӛмірді тану мен картографиялауда маңызды қадамды Магеллан 
экспедициясы жасады. 
Жаңа жерлерді ашу олардың графикалық кӛріністерімен бірге жүрді. 
Сауда мен теңіз жүзуде алғашқы болып Атлант мұхиты мен оның 
шекарасындағы кӛлдердегі жағалаулар бойынша орналасқан елдерге 
ауысты. Антверпен қаласы әлемдік сауданың және картографиялық 
шығармалардың ірі орталығы болып табылды. Орта ғасырдағы 
портоландар немесе компасты карталар арасындағы уақытта және Жердің 
қисықтығын есепке алатын, проекциялардағы теңіз карталармен қатар, 
мұхиттар арқылы жүзу үшін глобустар қолданылды. Картограф және 
астроном, Африка жағалауларында португалдар экспедициясына қатысқан 
Мартин Бехайм (1492) глобусы белгілі. Бехайм глобусында Птолемей 
картасы бойынша әлемді бейнеледі және экспедицияда алынған 
түзетулерді қосты.


16 
XVIғ. басындағы географиялық кӛріністер Шепер (1515) глобусында 
анық кӛрсетілген. Картографиялық проекцияларды құру үшін де глобусты 
қолдана бастады. 
XVIғ. барлық әлемдік шардың кӛрінісі үшін жаңа проекциялар ӛңделді, 
ол Антверпенеде жұмыс жасаған 
Авраам Ортелия 
(1527– 1598) және 
Герарда Кремер
 
латындық фамилиямен белгілі Меркатор (1512–1594) 
атластарында қолданылған. 1539 жылы Меркатор ең алғашқы рет 
«Америка» атауын таратты және материктің солтүстік бӛлігіне, оның 
кӛрінісі кӛп уақытқа дейін анықталмаған болып қалды. Осы ғалымның 
еңбектері картография дамуындағы толық кезең болып табылады. Оның 15 
парақтық мыстан қашалған, әлем картасы үшін цилиндрлік проекция 
картасы белгілі. Ӛмірінің соңғы жылдары Меркатор атлас жасаумен 
шұғылданды, ол 1595 жылы қайтыс болғаннан кейін ғана басылып 
шығарылды. Бұл атласта алғашқы рет Ресей нақты картасы берілген. 
Меркатор XVI ғ. орыс сызбаларын пайдаланғаны түсінікті. Кейіннен атлас 
қайта басылып шығарылды және алты томға дейін кӛбейтілді, ол 451 
картаны құрады. 
XVI ғ. аяғында Ортелия және Меркатор атластарынан басқа, арнайы 
атластар мен карталары пайда болды. Әртүрлі мемлекеттерде түсіріс 
жұмыстары басталды. Оның дамуына шнур және компас кӛмегімен 
түсірістер бойынша «Хорография» (1540) деп аталған практикалық нұсқау 
ықпал етті, ол Коперниктің оқушысы Ретикуспен құралған. XVI ғ. аяғында 
Преторий ойлап тапқан мензула түсіріс жүргізуді жеделдетті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет