Картография


 Картографияның қысқаша тарихы



Pdf көрінісі
бет4/45
Дата15.10.2022
өлшемі5,48 Mb.
#153168
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
Kartografiya каз
Негізгі геодезиялық жұмыстар, Zhanasbayeva Matem sauattylyq 3
Картографияның қысқаша тарихы 
Тақырыптың мақсаты технологиялардың дамуымен байланысты жеке 
тарихи кезеңдерде картографияның дамуы туралы толық кӛріністі алу, 
Жер фигурасы және карталар туралы кӛріністерді қалыптастыруды 
бақылау, орыс картографиясының ерекшеліктері мен жаңа заманғы оның 
дамуына тоқталу болып табылады. 
Зерттелетін мәселелер: ежелгі ӛмір және картографияның пайда болуы; 
ежелгі Греция және картографияның даму кезеңдері; орта ғасыр; даму 
кезеңі; X V I I –XVIIIғғ. Батыс Европадағы картография; орыс картография-
сы және қазіргі кезең; кеңістіктік кӛзқарас кезеңдерінің қалыптасуы. 
Картографияның тарихы және ӛзінің зерттеу облысы бар, ол адамзат 
дамуының мәдениеті мен қоғамдық тарихымен байланысты, яғни «жалпы 
картография және оның жоғары дәрежесі – кеңестік картографияның 
дамуында жаңа кезеңдер мен заңдылықтарды зерттеу болып табылады» 
1948 жылы «Карта кіріспесінің негіздері» деген оқулығында советтік 
ғалым профессор К.А. Салищев атап ӛтті.
1.1 Картографияның қалыптасу дәуірі және тарихи кезеңдері 
1.1.1 Көне кездегі картография 
Тарихқа дейінгі кезең туралы археологиялық барлауларды зерттеу 
негізінде айтуға болады. Антропологтар мен археологтар адам даму 
кезеңінің ең тӛменгі сатысында қоршаған жергілікті жерде бағдарлауды 
және әртүрлі түрдегі кӛріністер түрінде ӛз бақылаулар нәтижелерін ойға 
сақтауға талпынды деп айтады.
Швейцария үңгірлерінде екі сүйек пластина табылғандығы белгілі. Осы 
пластинадағы сызықтар торы картамен салыстырғанда кӛріністе маңызды 
жолдарға ұқсас екендігі кӛрсетілген. Сібірдегі Енисейде тасқа қашалған 
суреттер табылған, ол аңшылық, балықшылық және т.б. кӛне орындары 
туралы примитивті суреттерді бейнелейді. 
География мен картография негізінде ассирий, вавилон, египет ежелгі 
мәдениеті халықтарда біздің эрамызға дейінгі бірнеше мыңжылдықта 
пайда болған. Картографиялық шығармалар сазды тақталар немесе 
папирустарда жазықтық кӛріністерін бейнелеу болып табылады. 
Әртүрлі халықтарда Жер формасы туралы кӛрініс примитивті және 
бірдей емес болған. Вавилондықтар, гректер, персы халықтары Жер – 
шеңбер, сақиналы түрде сумен қоршалған, ал египет халықтары Жер бұл 
құрғақшылықтың жіңішке жолы деп есептеген. Осыдан ӛмір туралы ӛз 
бейнелеу кӛріністері де әртүрлі болған. 
Ежелде бірнеше мәдениет орталықтары бар болған. Оның бірі – Ежелгі 
Вавилон (қазіргі Ирак, Евфрат қыраты). Вавилон карталары ӛзінің арнайы 



мазмұнымен қызықты. Келесі мұндай орталық – Египет. б.э. ІІғ. ортасында 
египеттіктер география және халық кіріспесімен үздік айналысқан
Египетте геометрия гүлденді. Сонымен қатар, ежелгі екі мәдениет 
орталығы – Мексика мен Қытайды атап ӛту керек. Қазіргі Мексика 
аймағында тұрған ежелгі үндістерде топографиялық карталар, теңіздік 
және кадастрлық пландар (қазіргі терминдермен айтатын болсақ) болған. 
Қытайлықтар компаспен таныс болған. Б.э.д. ІІғ. Қытайда картографиялық 
ұйым болды, ол орталықтандырылған картографиялық жұмыстарды 
басқарумен айналысты.
Ежелгі Грециядағы картография дамуының негізгі кезеңдерін осы 
кезеңдегі әдеби шығармаларды зерттеу арқылы түсінуге болады. Гомердің 
«Илиада» шығармасында түсті металдардан Гефест құдайы орындалған, 
Ахиллес қорғанындағы картографиялық суреттер туралы мәліметтер бар. 
Қорғанда ӛзендер, бақша, егістігі бар екі қала және бейбітшілік пен әскери 
ӛмірлер кӛріністері кӛрсетілген (1.1-сурет). 
Б.э.д. VІ ғ. Милеттен Анаксимандра «географиялық тақтасы» белгілі. 
Оны Грецияның бірінші картасы ретінде Эратосфен атап ӛткен. Б.э.д. VІ 
ғасырда ӛзінің жер аралауымен оны Гекатей Милетский жақсартқан. 
Геродот тарихшы ( б .э.д. VІ ғ.) картаның мағынасы туралы «мысты 
тақта» деп сол кездің пікір таластарында атап ӛткен. Геродот мәліметтері 
бойынша б.э.д. VІ ғ. «жерді аралау», яғни карталар кӛп болған. Айта кету 
керек, онда градустық торлар болмаған, құрғақ жерлер схемалар түрінде 
кӛрсетілген. 
Грек математигі және астрономы Фалес (б.э.д. VІ ғ.) картаны құрудың 
іргетасын қалаған, ол жұлдызды аспан картасын құрастырған. 
Ең алғашқы картографияның ғылыми негіздері Греция мен Египетте 
қаланған. Александр Македонскийдің әскери жүрістері, аймақты игерудің 
жан-жақтылығы гректердің географиялық кӛзқарастарын қалыптастырды. 
Осы жүрістерде ғалымдармен қатар, қазіргі тілмен айтқанда екі топограф 
қатысты. Оларды қадамдаушылар деп атады. Қадаммен арақашықтықты 
ӛлшей, қадам масштабын қолдана отырып, оларды кезеңге келтірді және 
маршруттар жазбасын құрды. 



1.1 – сурет - Картография дамуының негізгі кезеңдері 



Б.э.д IV ғасырда Жердің шар түрі туралы Аристотель оқуы пайда 
болды (1.2-сурет). Бұл картографияның математикалық негізінің дамуы-
ның басы болып табылды. Мессиндегі Аристотельдің соңына еруші 
Дикеарх (б.э.д IIIғ.) ӛз картасына тірек сызығын, Геркулес бағандары және 
Родос тұңғиықтары арқылы ӛтетін диафрагманы енгізген. Кейіннен Родос 
арқылы диафрагмаға перпендикуляр екінші тірек сызығын жүргізу 
басталды. Бұл сызықтар – координаталық тордың алғашқы сызықтары 
болып табылады. 
1.2 – сурет - Аристотель 
Б.э.д III ғасырда әйгілі Александриялық кітапхана басқарушысы 
болған, александар ғалымы Эратосфен, Египетте Жердің шамаларын 
ӛлшеуді жүргізген, оны Аристотель шеңбердегі 400000 стадия деп 
қабылдаған. Эратосфен есептеулері бойынша Жер меридианы 252000 
стадияға тең болған. 
Б.э.д. ІІ ғасырда Македонияны Рим басқарды және Рим мемлекетінің 
провинциясы болды. Рим кезеңінде Ежелгі Грецияда жерӛлшеу бойынша 
білімдер ӛз нәтижесін тапты, ол топографияның негізін қалады. 
Б.э.д. ІІ ғасырда астрономияның дамуы картаны нақтылауға мүмкіндік 
берді, оның ішінде Эратосфен картасы да болды (1.3 - сурет). 
Гиппарх жұлдызды аспан карталары үшін жаңа проекциялар 
қолданылды және шеңберді 360 бӛлікке бӛледі. Б.э.д. ІІ ғасырда глобус 
пайда болды. Кратестің бірінші белгілі глобусы Жерді біреуі экватор, 
екіншісі меридиан бойынша белдейтін екі мұхит кӛрінісімен шар болған. 
Мұхиттар арасында тӛрт континент орналасқан, оның бірі Ойкумен – 
гректерге белгілі құрғақшылық. 
Б.э.д. ІІ ғасырда картографиялық және географиялық білімдердің 
ғылыми түсініктемесін 
Клавдий Птолемей 
(90–168 жж.) – александрлық 
математик, астроном және географ берді.


10 
1.3 – сурет - Эратосфен картасы 
Оның «География бойынша нұсқау» еңбегі 27 карталы қосымшамен 
келесі мыңжылдықтардың 14-де қолдануда ӛз орнын тапты. 
Птолемей Жердің картографиялық кӛріністерінде географияның негізгі 
есептерін түсінді («бір суретте барлық Жерді кӛру»).
Антикалық грек картографиясының қысқаша кӛрінісі гректер осы 
ғылымда және де басқа да ғылымдарда жеткен жетістіктерін кӛрсетеді.
Рим империясында карталар практикадағы қажеттіліктер үшін 
қолданылған. Римдіктердің әскери жорықтары Европа, Азия мен 
Африканың Жерорта теңізі айналасындағы қомақты аймағын қамтыды. 
Гректер картографиясының жетістіктерін қолданып, римдіктер оларды 
жаулап алу мақсаттары мен жол құрылысы үшін қолдана алды. Жол 
карталары римдік картографияның ерекшеліктерінің бірі болды. 
Карталарды қолданудағы мемлекеттік қажеттіліктер империяда ӛлшеу 
жұмыстарын жүргізу туралы шешім шығаруды Сенатқа тапсырды. Бірінші 
мұндай ӛлшеу Юлий Цезарь (І ғ.б.э.д.) кезінде орындалды. Мұндай 
материалдардың бар болуы Рим империясының (IV ғ.б.э) ӛзіндік жол 
картасының пайда болуын түсіндіреді, оның кӛшірмесі Венада сақталып 
тұр. Ол «Пейтингер кестесі» атымен белгілі (1507 жылы оны тапқан 
адамның есімі). 
Рим империясының шығыс бӛлігінің картографиялық жетістіктерін 
сипаттайтын тағы бір археологиялық ескерткіш Византияда табылған. Ол 
Палестинаның мозайкалы географиялық картасы, XIX ғ. аяғында табылды. 
Ол картаны VI ғ. екінші жартысына жатқызады. Ежелгі карта – мозайкадан 
25 м
2
сақталып қалды. Картада Палестина Тӛменгі Египет пен Сирияның 
шекара бӛліктері кӛрсетілген. Оның масштабы 1:40000. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет